Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Қара өлең қасиетіңнен айналайын
«Б.Соқпақбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сыныбы: 5 «Ә»
Тақырыбы: « Қара өлең қасиетіңнен айналайын»
Сынып жетекшісі: Атагелдиева Кулимхан дуйсенбаевна
1-жүргізуші: Қайырлы күн ұстаздар мен ата-аналар,оқушылар!
2-жүргізуші: 5-ә сынып оқушыларының «Қара өлең қасиетіңнен айналайын» атты
ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: –Халқымызда біртуар азаматтар аз болған жоқ. Қазір де аз
емес.Кейінгі қауымға өнеге – өсиеттерін қанатты қалам арқылы қалдыра білген
зерделі ақын – жазушыларымыздың бірі, тіпті бірегейі Мұқағали Мақатаев
десек қателеспейміз. Өйткені, оқырманның қай кезде де көңіл-күйін
тамыршыдай тап басатын жыр-құдірет Мұқағали ақынға ғана тән.
2-жүргізуші: –Әлем-дархан, саялаңдар,
Бәріңе де орын бар,
Қорған емес, салтанатты
Сәнді сарай соғыңдар.
Ей,адамдар, сендер тату, сендер тату болыңдар! – деп жырлап өткен ақын
Мұқағали Мақатаев 1931 жылы Алматы облысының Нарынқол ауданында дүниеге
келген. Тума дарын Мұқағалидың өмір мектебі Қарасазда.
1- жүргізуші: - Сен қазақтың қазақтығын жырладың,
Ашып айттың қазағымның мұң-зарын.
Сол даңқыңды ұрпағыңа жеткізген
Қара өлеңнің – жалындаған жырларың.
Зулап күндер, жылдар аунап барады,
Жырларыңнан қазақ бақыт табады.
Қадіріңді сәл кешірек білсек те,
Мәңгі есімің жадымызда қалады.
«Менің анкетам» - Асқар, Нарғиза
Өлеңдер:
1. «Арыз жазып кетейін» - Асқар,
2. «Соқпақ» - Алуа,
3. «Ей өмір» - Шырын,
4. «Қайран дінім» - Нарғиза,
5. «Бесік басында» - Алтынбек,
6. «Отыздан асып барамын» - Біләл,
7. «Қазақстан» - Тоқжан,
8. «Алпысқа келдіңіздер!»,
9. «Қарасаз» - Жәнел,
10. «Туған жерге» - Әлішер,
11. «Шеше сен бақыттысың» -Абылай,
12. «Мен таулықпын» - Нұрсұлтан,
13. «Бұзылған үй»-Шұғыла,
14. «Майгүліме» - Бекжан,
15. «Қайран Қарасазым-ай» - Бота
2-жүргізуші: – М.Мақатаевтың ақын ретіндегі басты тақырыбы – өлең өнері.
Ақын өлеңнің жақсылығын, құндылығын көрсетеді. Шыр етіп жарық дүниенің
есігін ашқаннан сәбиді жылы құшағына алып, әлдиін жырлайтын жан ана. Бала
үшін ең бақытты сәт анасының жұмсақ алақанында жатқаны болса, ананың
шаттыққа толы сәті, сәбиінің кіршіксіз шат күлкісі, ана тіршілік бастауы
болғандықтан, ана туралы «Шеше сен бақыттысың» - деп жырға қосады. «Аққу-
киелі құс». Олар екеу болып қана өмір сүреді. Аққуды қазақ ежелден
қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың
белгісі деп ұғады. Киелі, құс төресі деп санап оған ешқашан оқ атпайды.
Оған дәлел ақынның «Аққулар ұйқтағанда поэмасы» (поэмадан үзінді) - Азамат
Көрініс:
Азамат, Нарғиза, Абылай, Бекжан, Алтынбек, Біләл,Тоқжан, Шырын, Бота
Би: «Тойбастар» - Жәнел, Шұғыла.
2- жүргізуші: - Мұқағали – ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол бізге
көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят
алатын жұмбақ ақын.
Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,
Есенинмін демедім ешкімге мен,
Қазақтың қара өлеңі – құдіретім.
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген...
Деген ақын өлеңінің сырларын суреттеп, бояумен өрнектеген.
1- жүргізуші- Таулар,таулар,тауларым-ай!
Сағынысып қаппыз ғой тарланым-ай!
Таудағыдай еш жерде күн шықпайды,
Түн болмайды еш жерде таудағыдай
Тау менің несібеме тиіпті ерек,
Мендегі шаттық бөлек,күйік бөлек.
Ақсақалдар - Таудай бол – дейтін маған,
Таудай болғым келеді биік керек.
Осылайша тереңнен толғаған сыршыл ақын өмірден өз биігін
іздеумен өтті. Ол биігі – Туған халқы, Ана тілі, Атамекені.
Қазынам бар
Біреуге берсем бе екен?
Өкпелейді-ау бермесем,
Берсем, бөтен.
Бар байлықты қолыма тығып алып,
Әлде мына құмдардай өлсем бе екен?
Мұқағали қазынасы, әрине,- өлең, досы да өлең.
1-жүргізуші: - Қарасаз қара шалғын мекенде өстім,
Жыр жазам оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім-
деп жырлаған М.Мақатаевтің өлеңдерін бүгінгі ұрпақ жатқа айтады. Ақын
мұрасы, маржан поэзиясы-мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп,
қадірлейтін қазынасы.
2-жүргізуші:- Ақындардың көмейінен жыр ақса,
Кейбіреулер жыр бәйгеде жүр ақсап.
Бақыт деген – асыл болса, бір мысқал,
Бақыт деген – уақыт болса,бір-ақ сәт.
Бақытты құрайтын махаббат па, әлде махаббатты құрайтын
бақыт па деген түйіні тереңде жатқан сауалды ақын өзінше тұжырымдайды.
Адам өмірінің бақыты – балалық шақ. Балалық шақ бақытсыздықпен өтсе,
санасы бар пенденің бүкіл ғұмырына ақау түскені.
«Махаббат диалогы» -Абылай, Жәнел
Күй: «Тойбастар»-Азамат, Алтынбек
1-жүргізуші:-Ақынды ақын оятпаса, болмайды,
Ақынды ақын таяқтаса, ол қайғы.
Ақынға ақын басынан-ақ жуықты,
Барлық ақын бір анадан туыпты .
Болашақ бүгіннен басталады ,яғни бүгінгі жастар, зиялы азаматтар. Қоғам қай
кезде де біліктілік пен білімділікті, парасаттылық пен ақылдылықты талап
етеді. Сол талаптарға сай болу үшін,жастар білім ізіне түсіп, мол еңбек
етіп шыңдалып, өздерін танытуға тырысу үстінде. Белсенді, отаншыл жастар
біздің арамызда.
«Ән – көңілдің ажары». Ақын сөзіне жазылған әндерге кезек берейік:
1-Ән «Есіңе мені алғайсың»-Алуа
2- Ән «Сәби болғым келеді»-Азамат, Тоқжан, Алтынбек, Бота, Нұрсұлтан
3- Ән «Көнеміз де»-Абылай
4- Ән «Қарасаздың шыбығын жел тербеген»-Бота
5- Ән «Құстар келді»-Тоғжан
Слайдтан - «Жазылар естеліктер мен туралы» Ақын туралы айтылған
естеліктер.
Хор: Көгершіндер маршы
2-жүргізуші: -Құрметті тыңдарман қауым! Қазіргі жас ұрпақтың бойын
жақсылыққа, ізгілікке, өз ұлтын сүйе білуге баулысақ, сол арқылы мына
күрмеуі көп қиын заманда бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап
өткен, халқына деген махаббатын тек поэзияда ғана емес, өмірде де, күресте
де үлкен азаматтықпен қорғай білген М.Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емес.
Осымен кешіміз аяқталды. Келіп тыңдағандарыңызға рахмет. Қош сау
болыңыздар!
-----------------------
2016-2017 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz