Өмір,қымбатсың маған жайлы

Шиелі ауданы Бәйгеқұм ауылы № 251 М. Әуезов атындағы орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Абдурахманова Хиллола
Мақсаты :Оқушылардың өмір құндылығы туралы түсініктерін одан әрі кеңейту, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: -оқушыларға өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру; -өмірге деген құштарлығы мен сүйіспеншілігін арттыру; -өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу; Көрнекіліктер: слайдтар, дәйексөз, теледидар, ақ қағаз, маркер т. б Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды тынышталдырып, назарын сабаққа аудару. Тыныштық сәті . »Нұрға бөлену « -Қандай әсер алдыңыздар? Ойларыңызбен бөлісіңіздер? 2. Үй тапсырмасын тексеру :Ш. Сариевтің «Өмір деген тұрмайды қап-қарадан» өлеңің мәнерлеп оқып келу
Ой-қозғау:
1. Ақын «ақ» және «қара» деп нені меңзеп отыр?
2 . Қай уақытта адам өмірі «аққа» толы болады?
3. Адам өмірден өз бақытын табу үшін не істеу керек?
4. Өмір туралы ойланып көрдіңдерме?
Түйін :Өмір ащысы мен тұщысы, қуанышы мен қайғысы, қадірі мен қасиеті қатар тоғысатын жол
Дәйексөз. Өмір -теңіз, жүзем онда демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз Рудаки Дәйексөзді хормен айту, мағынасын түсіндіру. -өмірге деген құштарлығы мен сүйіспеншілігін арттыру; -өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу;
- Әңгімелеу.
Өмір сүрудің ең жақсы жолы
Өсиет әңгіме
Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді. Ол ақ көңіл, жайдарлы болғандықтан, ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын. Ауылдың тұрғындары тамыр-таныстарын да сол адамнан сауда жасауға кеңес беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған адам, бір жылдың ішінде түкпір-түкпірден сондай шағын дүкендер ашып тастайды.
Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, үш ұлын қасына шақырып:
- Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің арттымнан қалған дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де 100-100 тиыннан беремін. Осы тиындарға бір зат алыңдар. Кешкісін келгенде алған заттарыңмен менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым осы.
Ұлдары үлкен сауда орталығын басқару мүмкіндігінен айырылып қалуды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға барып үшеуі де ақшаларын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына келген кезде, үлкен баласы:
- Досымның шаруашылығына барып екі қап сабан сатып алдым - деді де, қаптарды ашып сабанды әр әр жерге шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады.
Екінші баласы:
- Дүкенге барып екі жастық алдым - деді де, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады. Бірақ жүн де көп ұзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады.
Үшінші ұлы:
- Тиынды ұсақтап, 50 тиынын мешітке бердім, 20 тиынын қайырымдылық қорға бердім, 20 тиынын да әлеуметтік жағдайы төмен отбасына бердім. Қалған 10 тиынға екі нәрсе алдым - деді де, қалтасынан сіріңке мен шырақты шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді.
Әкесі үшінші баласына риза болып:
- Мирасымды саған қалдырамын. Өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы - айналаңа жарық тарату деді.
Талқылануға берілген сұрақтар:
- Дүкен иесінің қандай қасиеттері оны жетістікке жеткізді?
- Әкесінің балаларына қандай шарт қойды?
- Балалары әкесінің қойған шартын қалай орындады?
- Жақсы өмір сүрудің мәні неде деп ойлайсыздар?
- Біз қандай әрекетеріміз арқылы айналамызға жарық сыйлай аламыз?
- Осы әңгімеден қандай ой түйдіңіздер?
- Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Бейне ролик. «Уақыт».
ой түйдіңіздер?
Шығармашылық жұмыс. (7 мин)
Топтық жұмыс
- «Өміріңөзқолыңда» шағын эссе жазу
- «Өмірдің мәні туралы ой-талқы» постер қорғау
- «Ғажапөмір» сурет салу
Ойын: «Жұптық жұмыс» Балалар бір-бірінің жақсы, жаман жақтары туралы жазып, бір-біріне тілек жазады
(бір - )
. Таратылғаны ақ қағазды оқушылар . Арқаларындағы - . , , оқиды.
Қағаздыжыртпай, .
Қорытынды: Оқушылар өз бойларындағы жақсы , - (қолсоғып) тренингтіаяқтаймыз. , .
« Биік шыңға ұмтылу»
Оқушыларға аяқталмаған сөйлем беріледі
Оқушыларға аяқталмаған сөйлемді жалғастыру ұсынылады(парақ таратылады) тақтада сөйлемнің басы жазылған:
Ашық айтқанда, маған әлі қиын . . .
Ашық айтқанда, мен үшін өте қымбат . . .
Ашық айтқанда, маған ұнамайды . . .
Ашық айтқанда, мен қуанамын . . .
Топпен ән айту.
«Өміріңе немқұрайлы қарама»
Сөзі: С. Сейтман
Әні: С. Дәрібаев
Тыңда досым, мен айтайын от тілек,
Дүниеден кетті бай
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz