Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Ана тілін құрметтейік
«Ана тілін құрметтейік».
Мақсаты: Оқушыларға ана тілін білудің маңызы жайлы айту, ана тілін
құрметтеуге үйрету. Ана тілі туралы өлең, тақпақ, нақыл сөздерді оқыту
арқылы оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту. Ана тілін
сүюге, ана тілін ардақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Сүйемін туған тілді, анам тілін» атты қабырға газет, нақыл
сөздер, тапсырма сұрақтар.
Әдісі: Сұрақ – жауап, топпен жұмыс.
Кіріспе:
Мұғалім: Балалар қазіргі таңда анатілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы
орасан зор жұмыстар жүргізілуде. Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен
кейін, анатіліміз – қазақ тілі мемлекеттік тіл деп бекітілді. Қазақстан
Республикасының «Тіл туралы » заңы күшіне енді. Болашағымызды баянды етер
қаруымыз – тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік.
Мен бүгінгі «Ана тілін құрметтейік» атты тәрбие сағатын ашық деп
жариялаймын.
Менің тілім біреу – ақ
Сөйлейтін де, жазатын
Тауып қойған тілеуі – ақ
Қазақ деген өз атым
Дариядай пейілі
Тілі, ділі жырыда.
1 – оқушы: Елбасы Н. Назарбаевтың 1998 жылғы 20 – шы қаңтардағы жарлығына
сәйкес «20 – қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні» ретінде аталып
келеді. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Себебі әр ұлттың тілі –
оның бақыты тірегі.
2 – оқушы: Ел тағдырын шешкен дана билер, шешендер, тіл құдіретін көп
танытып, асыл сөздермен ұлағатты пікірлерді ғасырдан ғасырға жоғалтпай
жеткізіп, халықтың асыл қазынасына айналдырған.
Ән: «Анамның тілі - аяулы үні».
Көрініс: «Менің тілім өлмейді».
Түрме іші Қайрат дауыстап өлең оқып отыр.
Тергеуші: Екі күзетшімен кіреді.
Тергеуші: Не туралы оқып отырсың? Бүгін жазаланатын күнің білесің бе?
Қайрат: Білемін. Ана тілі туралы өлең оқып отырмын.
Тергеуші: Айтар ақтық сөзіңді айтып қал.
Қайрат: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Құшақ жая қарсы алдым сан тіліммен.
Жаман үйді қонағы билейді деп,
Қала жаздап айырылып өз тілімнен
Өзге тілге еліктеп ел болмайық
Қазағымның артығы жоқ өз тілімнен.
Тергеуші: Әй, оңбаған, шыныңды айт! (қағазды көрсетсін)
Орыс тілінде жаз.
Қайрат: Мойныма алдым жаланы
Болсын халық алғысы
Бөтен қолда кетпесін
Туған жердің намысы.
Тергеуші: Әкетіңдер! Атыңдар!
Жүргізуші: Иә, теңдік, бостандық, тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ.
Қаншама асылдарымыз құрбан болды. Солардың бірі Қайрат Рысқұлбеков ағамыз
еді.
1 – оқушы: Дархандығы елімнің
Аз емес ел ұққандар.
Құнын білмей төрінің,
Аз ба көңілін жыққандар?
2 – оқушы: Қасиетің ана тіл, аз ба сенің?
Өзің барда ескірмес, тозбас елім
Сен болмасаң, ұлы Абай ақын болып,
Мұқағали атты өлең жазбас еді.
3 – оқушы: Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін.
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
4 – оқушы: Ана тілі – асыл күні бабамның,
Қуатымсың ақ сүтіндей анамның
Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап,
Туған тілді жаттап өскен баламын.
Би: «Көңіл толқыны».
Мұғалім: Енді ары қарай тәрбие сағатымызды сайыс түрінде өткізбекпіз.
Ойын. «Туға кім жетеді» деп аталады. Ойын барысында ең білімді, алғыр
оқушыға мемлекеттік туды көтеруге рұқсат береміз. Ала қоржыннан
тапсырмаларды берейік.
І. Сұрақтарға жауап беру.
1. Біздің мектебіміз қандай екі үлкен даңғылдың қиылысында орналасқан?
2. Тіл мерекесі күнін қашан тойлаймыз?
3. Мемлекеттік тіл қай тіл?
4. Халықаралық қатынас тілі?
5. Білім күні қай күн?
6. Еліміздің ата заңы қай жылы қабылданды?
7. Мектепте оқитын тіл пәндерінің аты?
ІІ . Мақалдарды жалғастыру.
1. Ана сүті бой өсіреді, .........(ана тілі ой өсіреді)
2. Шебердің қолы ортақ, ..........(Шешеннің сөзі ортақ)
3. Ақыл көркі тіл,...........(Тілдің көркі сөз)
4. Бас кеспек болса да,............(Тіл кеспек жоқ)
5. Таяқ еттен өтер,.................(Сөз сүйектен өтер).
ІІІ. Нақыл сөздердің мазмұнын ашу.
1. Ана тілің – қазынаң.
2. Тіл қылыштан да өткір.
3. Тіл кісінің абыройын арттырады, бақыт әпереді, тіл кісінің беделін
түсіреді, басын жарады.
4. Сөзіңді күзет, басың кетпесін, тіліңді күзет тісің сынбасын.
5. Тауып сөйлеген сөз білгенге саналады.
Білімсіздің сөзі өзінің басын жейді.
6. Адам көркі – сөз.
ІV. Сөз жұмбақтар шешу
Жүргізуші: Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып
Ана тілін білмеу, қандай заңдылық
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда
Хормен: Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Қортынды:
Мұғалім: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл
ата – бабамыздың тарихын ұмыту» деген Бауыржан Момышұлы. Ана тілін
құрметтеп, сүйе білейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді,
мәдениетті болуы шарт.
Хор: «Менің Қазақстаным».

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz