Сабақ жоспары :: Физика

Файл қосу

Жады. жедел жад, процессор, монитор, баспа құрылғысы, магниттік және оптикалық дискілер жатады

Сабақытың тақырыбы: Жады.
Сабақтың  мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын 
дамыту;
Тәрбиелігі: Оқушыларды икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру; 
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру;
Сабақтың  түрі:  Аралас сабақ
Сабақтың  көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары  т.б.
Оқыту  әдістері:  сөздік, көрнекі,  практикалық
Оқыту  формалары:  жеке, топтық  және  ұжымдық
Сабақтың  барысы: 
а)  ұйымдастыру
ә)  сабақ сұрау
б)  жаңа сабақ
в)  бекіту
г)  үйге тапсырма
д)  қорытынды
Жаңа  сабақ
Бүгінгі  жаңа  сабағымыздың  тақырыбы: Жады.
Компьютерге   арналған  программалардың  жиынтығы  программалық 
жабдықтаманы  құрады. Қызмет ету қасиеттері бойынша программалық
жабдықтаманың келесі түрлерін  ажыратады.
1. Жүйелік
2. Қолданбалық
Жүйелік  жабдықтама деп  өзіне:
• операциялық жүйелерді;
• желілік программалық жабдықтаманы;
• сервистік программаларды;
• программаларды  жасау  құралдарын
Операциялық жүйелердің негізгі қызметі:
• физикалық;
• логикалық
• есептеуіш жүйелердің  процестері  ресурстарын  басқару  болып 
табылады.
Физикалық  ресурстарға:  жедел  жад,  процессор,  монитор, баспа 
құрылғысы,  магниттік  және  оптикалық  дискілер жатады.  Логикалық 
ресурстарға:  программаларды,  файлдарды,  оқиғаларды  және  т.б. 
жатқызуға  болады.
Желілік  программалық  жабдықтама  желілік  есептеуіш  жүйелердегі  жалпы 
ресурстарды:  магниттік  дискілердегі  желілік  жинақтауышарды, 
принтерлерді,  сканерлерді,  жіберілетін  хабарламаларды  және  т.б. 
басқаруға    арналған.
Қолданбалы  деп  белгілі  бір  қызметтер  саласының  белгілі  мақсаттық 
мәселелерін  шешуге  арналған  программалық  жабдықтама  аталады.
Операциялық жүйелердің мүмкіндіктерін кеңейту үшін және қосымша қызметтер
жиныны ұсыну үшін сервистік программалар қолданылады. Сервистік
программалардың ішінен утилиталарды қарастырамыз. Утилиталар
пайдаланушыларға компьютер мен оның жабдықтамасына қызмет көрсету
құралдарын ұсынады.
Олар келесі әрекеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді:
• магниттік дискілерге қызмет көрсету;
• файлдар мен каталогтарға қызмет көрсету;
• компьютер ресурстары жайлы  ақпарат ұсыну;
• ақпаратты шифрлеу;
• компьютерлік вирустардан қорғау;
• файлдарды архивтеу және басқалары.
Программаларды жасау құрлдары жүйелік те, қолданбалы да жаңа программалық
жабдықтамаларды жасау үшін пайдаланылады.
Қызмет салаларының спектрі қазіргі кезде өте кең және кем дегенде өзіне:
өндірістік өрекәсіпті, инженерлік тәжірибені, ғылыми зерттеулерді,
медицинаны, басқаруды, іс-жүргізуді, баспа қызметін, білім беруді және т.б.
қосады.
Программалық жабдықтама нарығында ұсынылатын қосымшалар, жалпы жағдайда,
жеке программалар немесе біріктірілген жүйелер ретінде орындалуы мүмкін.
Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және
програмалық жасауының жұмысын басқарук үшін қажет екенін білесіңдер. Ол
компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, демек,
Операциялық жүйе - бұл компьютердің іске қосқан кезде жүктелетін және
барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы программа.
Операциялық жүйелерді жіктеу.
Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше
параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, ОЖ-лер:
• Бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын;
• Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын;
Бұдан басқа операциялық жүйенің командалық немсее графикалық (немесе
екеуі бір міндетті) көп терезелі интерфесі болы мүмкін.
Бір міндетті операциялық жүйелер қай кезде де адамның компьютерде
тек бір ғана іспен шұғылдануынағ яғни тек бір ғана мәселені шешуіне
мүмкіндік береді.
Көпміндетті жүйелер бірнеше программаны қатар іске қосуға
мүмкіндік береді.
Әрбір ОЖ үш міндетті бөліктен тұрады:
І. Ядро – командалық интерпретатор, программалық тілден «темір» тіліне
аударатын аудармашы, машина кодасының тілі.
ІІ.Драйвер- компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға
сәйкес келеді, мысалы, принтер драйвері, сканер драйвері, жүйелік картаның
драйвері.
ІІІ. Интерфейс - пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым-қатынаста
болатын ыңғайлы қабық.
Дербес компьютер үшін операциялық жүйелердің бірнеше әр түрлі жұптары
даярланған: Microsoft MS DOS фирмасының операциялық жүйесі Windows
(95,98,ME,NT,2000, XP, Vista ), Linex Apple фирмасының дербес
компьютерлерінде MAC OS операциялық жүйесінің әр түрлі версиясы
қолданылады.
Жаңа сабақты бекіту 
 
Сабақты бекіту сұрақтары:
1. Жүйелік программалық жабдықтамаға не жатады?
2. ОЖ қызметкері қандай
3. ОЖ дамуына не себепші болды?
4. Желілік программалық жабдықтамаға не жатады?
5. Компьютердің негізгі құрылғыларына сипаттама беру.

Үйге  тапсырма: Компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі. Жады. Операциялық
жүйелердің жіктелуі.

Ұқсас жұмыстар
Компьютердің құрлымы және жұмыс істеу принципі. 8 сынып
Пернетақта - компьютерге ақпарат енгізетін құрылғы
Компьютердiң жады
Компьютердің ішкі жады
Деректерді жадтан шығару құрылғысына шығару
"Дербес компьютер. компьютердің құрылғылары."
Компьютер құрылғылары
Жүйелік блок
Компьютер жадысының түрлері
Интерфейстің тәсілдері
Пәндер