Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Кестелер. Кестелерді құру. Мәтіндік процессорда кестелерді құру тәсілдерін, кесте элементтерін таныстыру,

Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелерді құру.
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Мәтіндік процессорда кестелерді құру тәсілдерін, кесте
элементтерін таныстыру, кестеге мәтіндерді орналастыруды үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, өз
бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, пәнге деген қызығушылығын
арттыру
Тәрбиелілік: Алған білімдерін тиянақтай білуге, жүйелі ойлауға,
ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Көрсете отырып түсіндіру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, практикалық жұмыс.
Қолданылатын көрнекі құралдар: компьютер, оқулық, үлестірме парақшалары,
бағалау парағы.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. 2 мин
2. Үй тапсырмасын тексеру 3 мин
3. Жаңа сабақ 15 мин
Білімділік сатысы.
4. Түсіну сатысы 5 мин (ақпараттық диктант)
5. Қолдану сатысы 15 мин (деңгейлік тапсырмалар)
6. Жинақтау сатысы 3 мин
7. Бағалау 1 мин
8. Үйге тапсырма 1 мин

Үй тапсырмасын тексеру

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Microsoft Word дегеніміз не?
2. Мәтіндік процессор дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Мәтіндік құжатты пішімдеу деп нені түсінесіндер?
4. Экранда жыпылықтап тұратын тік сызық қалай аталады?
5. Жаңа құжатты құру үшін қандай командаларды орындаймыз?
6. Құжатты бірінші рет сақтау үшін қандай командаларды орындаймыз?
7. Мәтіндік процессорда тізімдердің неше түрі қолданылады? Атап
шық.
8. Құжатты қағазға басып шығару үшін қай команда қолданылады?

Тренинг: «Сен қайдасың?»
• Сәлем достым (қол беріп амандасу)
• Сен қалайсың? (иықтарын қағады)
• Қайда болдың? (құлақтарын тартады)
• Жақсы болды (қол шапалақтайды)

Сергіту минуты

Тұрады ол жолдар мен бағандардан,
Және тұрар ұяшықтар ағымынан.
Кәне ойланып көрейік ол не екен,
Баған менен жолдарды қиылыстырған?
(Кесте)
Кестенің бір негізгі элементі,
Көлденең ұяшық құру қызметі.
Ұяшық емес, баған да емес ол не екен?
Кестенің негізгі болған қызметі.
(жол)
Тіктөртбұрышқа ұқсайды,
Елемей кетуге болмайды.
Бағанменен жолдардың қиылысуы,
Кестеде қай элементті құрайды?
(ұяшық)

Жаңа сабақ. Кестелер. Кестелерді құру.

Назар аударатынымыз
1. Кесте дегеніміз не?
2. Кесте элементтері (жол, баған, ұяшық)
3. Кесте құру тәсілдері
4. Кестенің ішінде жылжу
5. Кесте элементтерін ерекшелеу (жол, баған, ұяшық)
6. Кестеге мәліметтерді енгізу
7. Енгізілген мәліметтерді өңдеу.

Білімділік сатысы.

Оқушыларды 2 топқа бөлу:
Тапсырмалармен таныстыру. Тапсырмаларды өз бетімен орындап шығу
Жолбастаушы парағына жауаптар жазу. Әр топтан 1 оқушы шығып тақырыпты
талдау.
Жаңа түсініктер мен іс-әрекеттер тәсілін қалыптастыру
а) Жаңа ұғымдар
ә) Жаңа ұғымның негізін қалыптастыру

1 топ:
Жолбастаушы парағы:
1. Кесте дегеніміз не?
2. Кесте элементтері(жол, баған, ұяшық)

Кестелер деректерді реттеу және бейнелеп көрсету үшін қолданылады. Кесте
баған мен жолдан және екеуінің қиылысуында орналасқан ұяшықтан тұрады.
Оларды кестенің элементтері деп атайды. Кестелермен жұмыс істеу үдерісі
барысында жолдар мен бағандар оңай жойылады және қосылады, сондықтан кесте
құру кезінде жолдар мен бағандардың дәл санын көрсету міндетті емес. Жолдар
мен бағандардың бастапқы бірнешеуін көрсету жеткілікті.

| | | |
| | | |
| | | |

| | | |
| | | |
| | | |

Кестелерді толтырғанда ұяшықтар бойымен тінтуірдің немесе меңзерді
басқару пернелері – сілтемелер көмегімен жылжиды. Сонымен қатар ұяшықтан
ұяшыққа ауысу үшін Tab пернесі қолданылады. Бұл Tab пернесі меңзерді
кестенің келесі ұяшығына ауыстырады. Меңзер кестенің соңғы ұяшығында
орналасқан кезде Tab пернесін басатын болсақ, онда кестеге жаңа жол
қосылады.
Меңзерді алдыңғы ұяшыққа ауыстыру үшін Shift+Tab пернесі қатар басылады.

2 топ:
Жолбастаушы парағы:
1. Кесте құру тәсілдері
2. Кесте элементтерін ерекшелеу (жол, баған, ұяшық)

Microsoft Word редакторында жаңа кесте құрудың 3 тәсілі бар.
1-тәсіл.
Кірістіру – Кесте (Вставка - Таблица) батырмасын басқанда төмен қарай
жайылатын терезе ашылып, онда тінтуірмен жаңадан құрылатын кесте
ұяшықтарының қажетті санын бояйды.

2-тәсіл.
Кірістіру – Кесте – Кестені кірістіру (Вставка - Таблица – Вставить таблицу
) бұйрығын пайдалану. Бұл жағдайда пайда болған терезеде жаңа кестенің
жолдары мен бағандарының қажет сандарын көрсету керек.

[pic]
3-тәсіл.
Сурет салуды жақсы көретіндер үшін, кестені жай қарындашпен салып, керек
емес сызықтарды өшіргішпен (ластик) өшіруге де болады. Ол үшін, Кірістіру –
Кесте – Кестені салу (Вставка - Таблица – Нарисовать таблицу ) бұйрығын
орындаймыз.

Кесте элементтерін ерекшелеу
1) Жолды ерекшелеу үшін, ерекшеленетін жолдың сол жақ шетінде тінтуірді
бір рет басамыз.
2) Бағанды ерекшелеу үшін, ерекшеленетін бағанның жоғарғы шекарасында
тінтуірді бір рет басамыз.
3) Ұяшықты ерекшелеу үшін, ерекшеленетін ұяшықтың сол жақ төменгі
бұрышында тінтуірді бір рет басамыз.

Түсіну сатысы

Жаңа сабақты түсіну үшін «ақпараттық диктант» орындаймыз.
(оқушылар интерактивті тақтада тиісті командаларды қойып жазады)

1. Кесте мынадай элементтерден тұрады..... Жолдар, бағандар,
ұяшықтар
2. Ұяшық дегеніміз....... Баған мен
жолдардың қиылысуы
3. Кестені даярлау үшін мына бұйрық қолданылады? Кірістіру – Кесте –
Кестені кірістіру
3. Жаңа жол қосу үшін қолданатын перне....... Тab
4. Меңзерді алдыңғы ұяшыққа ауыстыру үшін... Shift+Tab пернесі
қатар басылады.

Қолдану сатысы
Деңгейлік тапсырмалар
І. Міндетті деңгей (5 ұпай)

Бүгінгі күннің сабақ кестесін кесте түрінде енгіз. Реті, сабақтың аты.
(1-тәсіл. Жолдар мен бағандар санын бояу арқылы)

ІІ. Лайықты деңгей (10 ұпай)
1.Өздеріңнің достарың туралы анықтамалық мәліметтерден тұратын кесте
құрыңдар.

|Реті |Аты-жөні |Телефон |E-mail |Мекен-жайы |
| | | | | |

ІІІ. Жоғары деңгей (15 ұпай)

1. Кестені қолдан сызып шығу арқылы кесте құрыңыз.
2. Кестенің ішін мәтіндермен толтырыңыз

|Қазақша |Орысша |Ағылшынша |
|Кесте |Таблица |Table |
|Жол |Строка |Row |
|Баған |Столбец |Column |
|Ұяшық |Ячейка |Cell, box |

Кімнің сұрағы бар, қолдарыңды көтеріңдер, мен сіздерге жақындаймын.
Сонымен, жұмысты аяқтаймыз. Практикалық жұмысты көрсетіп болғандар
компьютерді дұрыс өшіріп, орындарыңды ретке келтіріңдер.
Жарайсыңдар, барлықтарың жұмысты дұрыс жасадыңдар.
Практикалық жұмысты бағалау.

Жинақтау сатысы
Әркімнің компьютерінде тест орналасқан. Дұрыс жауапты тауып, бағалау
парағына енгізу керек. Сонымен, тест орындауға кірісеміз.

Тест сұрақтары
1.Кесте құру бұйрығы қайда орналасқан ?
А. Жолақтың Кірістіру бөлімінде
В. Жолақтың Басты – Кестелер бөлімінде
С. Жанама мәзірде
Д. Office батырмасының мәзірінде

2.Экспресс-кесте бұйрығының қызметі?
А. Кестені тез құруға мүмкіндік береді
В. Кестенің артық элементтерін жояды
С. 10х10 мөлшерлі стандартты кестені қосады
Д. Кестелердің дайын шаблондарын қосады

3.Кестенің ұяшықтары бойынша қалай жылжуға болады?
А. Қажет ұяшықты тінтуірмен шерту арқылы
В. Бос орын пернесімен
С. Ғ1-Ғ12 пернелерімен
Д. Меңзерді басқару пернелерімен

4.Кестенің соңына жаңа жол қосу үшін қандай пернені бас керек?
А. Shift
В. Tab
С. Ins
Д. Break

5.Кестенің бір ұяшығына кері жылжу үшін қандай пернелерді басу керек?
А. Shift + Ins
В. Shift + Break
С. Shift + Tab
Д. Tab

Сабақтың қорытындысы
Бағалау :
Сабақ барысында әр оқушының орындаған жұмыстарының ұпай сандары
бағалау парағында белгіленеді, сабақтың соңында нәтижесі есептелініп,
өздерінің қаншалықты дәрежеде тақырыпты меңгергендігін анықтайды, бағалау
парағы бойынша оқушылардың білімін бағаланады.

ҮІІ. Үйге тапсырма: 22-тақырып. Кестемен жұмыс. Дәптерге «Табиғатқа
шыққанда алатын тағамдар» атты кесте құру. Тағамның аты, мөлшері, бағасы,
барлығы, осыған шығатын шығынды жазу керек. Әрқайсысын бір бағанға жазу
керек. (Әр түрлі әдістерді пайдаланып, кесте құру эл.түрде)

-----------------------
Office батырмасы

Тақырып жолы

Жолақ

Горизонталь және вертикаль айналдыру жолақтары

Пішімдеу сызғышы

Қалып-куй жолы

Масштаб

Баған

Жол

Microsoft Word терезесінің элементтері

Ұқсас жұмыстар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Презентация жоспарын құру
Мәтінді кесте түрінде безендіру
Менің сабақ кестем кестесін құру
Кестелерді пішімдеу
Кестелер. кестелерді құру
Конструктордың көмегімен кесте құру
Бүтін рационал теңдеу
Терезені жабу кезінде кестеге
Microsoft office Word редакторында кестемен жұмыс
Пәндер