Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Астана-Бәйтерек
Ашық cабақтың тақырыбы: «Астана-Бәйтерек»
Грамматика:_ Біріккен сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: біріккен сөздерді меңгерту; қос сөздерді пайдалана отырып
дыбыстық талдау жүргізу; оқушыларға біріккен сөз туралы түсіндіріп, жазылу
емлесін меңгерту, біріккен сөздерді тіркесті және қос сөздерден ажырата
білуге дағдыландыру
Тәрбиелік: Астананы ұлттық мақтанышпен қарайтындай сезімдерді ояту,
ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру. Оқушыларды білімді,
ақылды, өнегелі тұлға етіп тәрбиелеу, эстетикалық өнегелі ортаны
қалыптастыру.
Дамытушылық: Алған білімдерін практикада, өмірде өз бетімен қолдануға
дағдыландыру. Бәйтеректің салыну тарихымен және оның негізі қазақ аңызынан
туындайтынын түсіндіру.
Түзеу міндеттері: Психикалық дамуы тежелген балалардың жадына әр қазақ
сөзін сақтатып, сөйлемдердің құрылу жүйесінің ерекшеліктеріне көздерін
қанықтыру. Жаңа сөздерді жаттап алу арқылы жадыны дамыту. Оқушылардың
сөздік қорын дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Жаңа материалды түсіндіру.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтері, топпен жұмыс, ТЖ
элементтері, деңгейлік саралау
Сабақтың көрнекілігі: электронды тақта, сызбалар, таратпа қағаздар;
Пәнаралық байланыс: әдебиет,
Педагогикалық-психологиялық ұйымдастыру: Орыс тілді оқушылармен қазақша
диалогтық қарым-қатынас орнату. Осы шақта күн, апта, ай, жыл мезгілдерін,
жыл санау бойынша және қазақша қай жыл екенін, ауа райын сұрау.
(логоритмика, мұғалім қолмен іс-қимылдады көрсетіп отырады):
Мен қазақша сөйлеймін.
Мен қазақша айтамын
Мен қазақша жазамын
Мен қазақша оқимын
Мен қазақша тыңдаймын.
Үй тапсырмасын тексеру: Монологты қалай жаттағандарын тексеру:
1. Мен, ___________ ___________, екі мың екінші (бірінші) жылы туғанмын.
Мектеп-интернаттың 6 «Б» сыныбында оқимын. Менің сыныбымда 8 оқушы бар.
Сынып жетекшіміз Ольга Петровна. Сынып тәрбиешісі Светлана Юрьевна. Қазақ
тілінен Жарас Магмурович сабақ береді. Мен Саран қаласында тұрамын. Қазақ
тілі – мемлекеттік тіл. Біз қазақ тілін үйренеміз. Өйткені, мен Қазақстан
азаматымын. (Қайталау. Монолог үш сабақ ішінде меңгерілген).
Фронтальді сұрақтар қою (Үйге берілген материалдар жөнінде әңгімелесу.
Тоғыспалы ықпал дегеніміз не? Осы сұраққа жауап алу
Жаңа сабақ: «Астана-Бәйтерек».
Тірек сөздер: Астана, Бәйтерек, Тәуелсіздік, Самұрық, Отан, отбасы,
отағасы, Отан ана.
Жаңа сабақта берілетін теореялық білім көлемі: Біріккен
сөздер екі түбірдің бірігуі арқылы жасалуы, бұл сөздерге біртұтастылық
қасиет тән екендігін түсіндіру. Оларды бірнеше топқа бөлуге болады. Ал
біздің бүгінгі сабақта қарастыратын Ақорда, Бәйтерек, отбасы, отағасы
сөздері екі компонентің бірігіп, ортақ мағына беруінен пайда болған.
Біріккен сөздің басқа да жасалу жолдары бар екені жөнінде ақпарат беру,
дәлел ретінде әр компонент ортақ екпінмен айтылып, екі сөз бірігетінін,
соның нәтижесінде сөз құрамы түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшырайтынын
айту. Оған мысал ретінде қазіргі жыл мезгіліне байланысты қыстыгүні
(қысқы+күні) сөзімен таныстыру.
Деңгейлік тапсырмалар. І, ІІ деңгей, Осы деңгейдегі оқушыларды екі
топқа бөлу. 1-тапсырма: Бәй-терек өзінің мағынасын ашу. Оқушылармен
әңгімелесіп,Ертөстік ертегісі, ондағы алып самұрық құстың қайда ұялайтыны,
ол алып ағаштың аты Бәйтерек екенін еске түсіру. Осы тұрғыда оқушылардың өз
пікірлерін сұрау, Бәйтерек және Ертөстік ертегісі туралы білімдерін өздері
ортаға салып, өз ойларын ортаға салып айтуларына жағдай жасау. Слайдтар
көрсету. Тапсырма: Құрылған жоспарға қарай әр топ мазмұндама құрастырады.
2-тапсырма: Таратпа қағаздармен жұмыстар жүргізу: Астана, Ақорда,
Бәйтерек, Тәуелсіздік, Самұрық, Отан, отбасы, отағасы, Отан ана сөздерінің
арасында біріккен сөздерді анықтау. Ол сөздердің астын сызу. Жұмыстарды
орындап болғаннан кейін қарсыластар бір-бірінің таратпа қағаздардағы
жұмыстардың дұрыстығын тексереді.От сөзінен туындайтын туынды, біріккен
сөздерді тарату.
ІІІ, ІV деңгейлер: 1-тапсырма: Сөздердің жасалу жолдарына назарларын
аудару. От сөзінен жасалатын сөздерді тізбектеп жазып, олардың арасынан
біріккен сөздердің астын сызу:
| |огонь |
|от |ан - родина |
| |басы – семья |
| |ағасы - хозяйн |
| |ан ана – Родина мать |
2-тапсырма: Олар мәнерлеп мақал-мәтелдер оқиды: «Отан – отбасынан
басталады». «Отан үшін отқа түс – күймесің». Әрбір сөзді дұрыстап оқу,
қазақ дыбыстарын өз ырғағымен дыбыстауларына назарларын аударту.
Мақалдардың мағынасын ашу, қандай сөздердің пайдаланылып отырғанын көрсету.
Қай деңгейде болмасын оқушылардың жетістіктері смайлик қағаздар беру арқылы
бағаланады. Көп қағаз алған жақ жеңімпаз болады.
Сергіту сәті:
Бір, екі, үш
Жастар –алып күш.
Отан қорғау жолында
Сендер алға түс.
Сап құрып, тобыңда
Жаттығу оңай-ақ.
Қадам бас, адымда,
Оң аяқ, сол аяқ,
Бір,екі, үш.
Жаңа сабақты пысықтауға арналған жаттығулар.( (диалог мәтіні электронды
тақтада).
Диалогты орындау:
-Сен Астанаға бардың ба?
-Иә, мен Астанаға бардым (барған жоқпын).
-Сен не бар?
-Онда Ақорда, Бәйтерек бар. Астана жанында Есіл өзені ағып жатыр.
-Бәйтеректі неге ұқсатар едің?
-Бәйтерек алып ағашқа ұқсайды. Оның басындағы жұмыр шар ғажайып Самұрық
құстың жұмыртқасы секілді.
-Мағанда Бәйтерек ұнайды. Қазақстан астанасының Ақмолаға көшкен жылына
байланысты ғимараттың биіктігі 97 метр болып белгіленген.
Дайындалған диалог мәтінін оқушыларға рөлдермен орындату. Мағынасын
ашу, олардың диалогты тез меңгеруіне алғышарттар жасау
Оқушыларға рефлексия жасату.
1. Бүгінгі сабақтан қандай мағлұмат алдыңдар?
2. Бұл сабақтың сендерге пайдасы болды ма?
3. Сабақ несімен құнды?
4. Не алдыңдар, не түсіндіңдер?
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма: жаңа сөздерді жаттау, диалогты оқып келу
Сабақтың барысын қорытындылау:
Оқушылардың білімін бағалау, ерекше көзге түскен оқушыларды атап көрсету.
________________________________________________________

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz