7-сынып физикасы: Жылдамдық және оның бірліктері

- Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері жайлы мағлұмат беру
- Жылдамдық. Жылдамдық бірліктерін күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдана білуге үйрету
- Бірін-бірі бағалауға баулу
- Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері жайлы мағлұмат алады
- Жылдамдық. Жылдамдық бірліктерін күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдануға үйренеді
- Бірін-бірі бағалай алатын болады
Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.
Бірқалыпты қозғалатын дененің жылдамдығын анықтау үшін оның берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыруын сол уақыт аралыған бөлу керек.
υ=ℓ/t
Бірліктердің халықаралық жүйесінде жылдамдықтың бірлігіне секундына метр м/с алынады. Бұл жылдамдық бір қалыпты түзусызықты қозғалатын нүктенің 1с ішінде 1 метрге орын ауыстыратынын білдіреді.
S=υt
t= s/υ
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары : (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру ( 2 минут)
- Сәлемдесу
- Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
- Түгелдеу
1. 2. Топқа бөлу (1, 2, 3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут )
- Бір қалыпты және қалыпсыз қозғалыс жайында не білеміз?
- Қозғалыс түрлеріне қандай мысал келтіруге болады?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)
- Жүрілген жолды қалай өрнектеуге болады?
- Қозғалыс уақытын қалай анықтауға болады?
- Жылдамдық өлшем бірлігі қандай?
ІҮ. Топтық жұмыс (15 минут)
Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:
Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.
Бақылаушының бағалау парағы
Көш
басшы
Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ пікірлерін тыңдау.
Ү. Жеке жұмыс (5 минут)
Автомобиль 180 км жолды 1 сағат 40 минутта жүріп өтті. Осы уақыт ішінде ол қандай жылдамдықпен жүрген?
VІ. Жеке жұмыс « Блум таксономиясы » (13 минут)
Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.
ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ. ) (3 минут)