Сабақ жоспары :: Биология

Файл қосу

Құстардың күзгі тірішілігі

Амиртаева Мейрамкуль Нурмухановна,
Бастауыш сынып мұғалімі,КММ №16 ЖББОМ Қарағанды қаласы

Тақырыбы: «Құстардың күзгі тірішілігі»
Дүниетану сабағы 1 сынып

Сабақтың тақырыбы: Құстардың күзгі тіршілігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушылар табиғат көркі құстар туралы,олардың түрлері мен күзгі
тіршілігі жайлы,құстарлдың пайдасы туралы оқып біледі.
Дамытушылық:Ойлау қабілетін дамыту,дүнитанымын кеңейту,сөздік қорын
молайту,өз пікірін дәлелдей алуға қалыптастыру.
Тәрбиелік:Табиғатты бақылау,құстарды қорғау,оларға қамқорлық жасуға баулу.
Типі:жаңа білімді игерту.
Түрі:кіріктірілген ойын сабақ.
Әдісі:ой шабуылы,топпен жұмыс, «Жұлдызыңды жақ», «Ұшты-ұшты», «Артығын тап»
ойыны.
Пәнаралық байланыс:әліппе,математика,еңбек,бейнелеу өнері,ән.
Көрнекілігі:интерактивті тақта, «Құстар әлемінде» слайд

Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру.
-Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ.Себебі,бүгінгі сабаққа көп қонақтар
келіп отыр.Олай болса келген қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Сәлемдесу.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
«Қонақ аз отырып,көп сынайды» деген нақыл сөзді ескере отырып,бүгінгі
сабақта алған білімдеріміз бен тәртіптерімізді көрсете білейік.
3 топқа бөлу.
1-топ:Қарлығаш
2-топ:Аққу
3-топ: Ләйлек
Балалар бұлар нелердің аттары деп ойлайсыңдар?
-Құстар
-Өте жақсы,ал біз олармен толығырақ сабақ барысында таныса отырамыз.Ал енді
келесі кезекте «Ой шабуылы»
Ой шабуылы:
-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс
-Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?
-Қыс мезгілінің айларын кім атап бере алады?
-Қыстың алдындағы қай мезгіл еді?
-Күз
-Күз айларын атайықшы.
-Қыркүйек,қазан,қараша.
-Әр айдың ерекшеліктеріне тоқталып өтейікші.
Қыркүйекте күн жылы,ағаштар жасыл болады.
Қазанда дала сарғайып,жапырақтар түсе бастайды.Күн салқындайды.
Қарашада күн суытып,жаңбыр көп жауады.
-Міне балалар ,күз мезгілі келіп күн суыта бастасымен табиғатты тіршілік
атаулының өмірінде өзгеріс болады.Соның бірі біз өткен сабақта жануарлардың
күздегі тіршілігімен танысқан болатынбыз.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақта «Жануарлардың күзгі тіршілігімен» таныстық.Енді сол бойынша
суреттерге қарай отырып,мына жануарлар туралы әңгімелеп беріңдерші.
(слайдтағы суреттер)
-Кірпіні көрдіңдер ме?Ол туралы не білесіңдер?
-Борсық жайлы не айта аласыңдар?
-Аю қандай аң?
-Саршұнақ пен аламанды салыстырып әңгімелеңдер.
-Тиін туралы не білдіңдер?
-Түлеу дегеніміз не?
-Түлкі мен қоян неліктен түлейді?Оларды салыстырыңдар?
III.Қызығушылықты ояту.
Интерактивті тақтада түрлі құстардың дыбыстарын шығару.
-Балалар көзімізді жұмайық та,құлағымызбен тыңдайық.
-Көз алдарыңа не елестеді?
-Қандай көңіл-күйде отырсыңдар?
Олай болса көздеріңді ашыңдар да ойларыңды әңгімелеп беріңдер.
IV.Мағынаны тану.
-Балалар біз бүгінгі сабағымызда құстардың күзгі тірішілігімен
танысамыз.Қазақстанда құстардың 480 түрі бар.
Жұмбақ шешу арқылы құстардың кейбір түрлерімен танысайық.
Ойын «Жұлдызыңды жақ»
Тапсырмасы жұмбақтар шешу.кім жұмбақты шешсе,сол өзінің жұлдызын алады.
1-жұлдыз.
Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады. Жауабы: Қарлығаш
Қарлығаш – ол кеш келіп,ерте қайтып кетеді.Себебі,ол шыбын –шіркеймен
қоректенеді.Оларды ұшып келе жатып аулап жей береді.Адамға
үйірсек,сүйкімді.Өзге құстарға ұқсамайтын құлаққа жағымды үні бар.Ол бір
жазда 1 миллион құрт жейді.
2-жұлдыз.
Бірақ сөз біледі,
Өз аты онысы.
Соны айтып жүреді,
Және жоқ жұмысы. Жауабы: Көкек

Көкек –өз атын өзі шақыратын,өте тамақсау құс.Өзі балапан басып
шығармай,жұмыртқасын өзге бір құстың ұясына туып кетеді.Көкектер басқа
құстар жей алмайтын зиянкес түкті жұлдыз құрттарды жеп пайдасын тигізеді.
3-жұлдыз.
Ай астында ақ мамық
Жатыр суды жастанып. Жауабы: Аққу

Аққу – мойыны ұзын,қардан да аппақ құс.Ол 30-40 жыл жасайды.Ол 3-4
жұмыртқа басады,38-40 күнде өргізеді.Олар өте тату.Адамдар аққуды ешқашан
атпаған.Наурыздың бас мен сәуірдің аяғында оралып,қазан айларында ұшып
кетеді.Аққулар мемлекеттік қорғауға алынған.
4-жұлдыз.
Ұзақ тектес құс,
Шіркей жеп.
Ауыл маңынан
Ұзап кетпес құс. Жауабы: Қараторғай

Қараторғай – өзі кішкентай,өте пайдалы құс.Орман қорғаушысы.Ауылға
қараторғай келісімен күннің көзі ашылып,күн жылынады.Қараторғайды әнге
қосып,шырқаған.
5-жұлдыз.
Қара түсті қарқылдақ,
Ұшып-қонып жалпылдап.
Қоқыстарды шоқиды,
Жем іздейді там-тұмдап. Жауабы: Қарға

Қарға – олар негізінен қыстап қалады.Оның бір қасиеті – жұт болсын,өрт
болсын,аштық-аласапыран болсын туған жерін тастап кетпейді екен.тек оның
ішіндегі ақ тұмсықты қарға ғана жылы жаққа ұшып кетеді.

6-жұлдыз.
Құс көрдім тырна сияқты,
Сидиған ұзын сирақты.
Шалшықтан бақа ұстауға,
Қимылы ерен сияқты. Жауабы: Ләйлек

Ләйлек – ақ ләйлектің адамға қашаннан бері бауыр басқанын ешкім анық айта
алмайды.Адамдар олардың келуін өздеріне жақсылық әкеледі деп есептейтін
болған.
Алайда адамдарға жақын үйдің шатырына ұя салатын бұл құс қазіргі уақытта
өте сиреп кеткен.Олар мемлекеттік қорғауға алынған.
Слайд. «Жыл құстары»
V. Оқулықпен жұмыс.
-Оқулықтағы мәтінді мәнерлеп оқып беру.
Мазмұнына тоқталу.
Күзде құстардың жемі азаяды.Көптеген құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Ұшар
алдында олар топталып,азық іздеп қоректеніп,күш жинайды.Оларды
үркітіп,егістіктен қуалама.Олар ұзақ жолға шыдау үшін күш жинап жүр.
Жыл құстары – күн сыта бастағанда жылы жаққа ұшып кететін құстар.
Олардың жылы жаққа кетуінің себебі – жемінің азаюы.Күн салқындап,құрт-
құмырсқа тығылып қалады.Сол кезде құстар топтала ұшып,лек-легімен жылы
жаққа кете бастайды.Ал көктемде қайта келу себебі,ол жақ ыстық
болғандықтан жұмыртқалары шіріп,ұрпақ өрбіте алмайды.
-тізбектей оқыту.
VI.Сергіту сәті.
«Қарлығаш» әніне видео.
Дәптермен жұмыс жүргізу үшін «Артығын тап» ойынын ұйымдастыру.
«Артығын тап» ойыны
Әртүрлі суреттер арқылы берілген тапсырма.
1- сурет 2-сурет 3-сурет
Жылқы Көгершін Шағала
Қой Қарлығаш Шыбын
Шағала Бүркіт Қарға
Түйе Аққу Шегіртке

Себебі: Шағала –құс, аққу суда жүзеді.Қарға-құс.
VII.Дәптермен жұмыс.
Артығын тауып,олардың аттарын дәптерге жазу. Шағала,аққу,қарға.
Ұшты-ұшты ойынын ұйымдастыру.
Ұшты-ұшты қарға ұшты
Ұшты-ұшты балға ұшты
Ұшты-ұшты көкек ұшты
Ұшты-ұшты өтек ұшты
Ұшты-ұшты тырна ұшты
Ұшты-ұшты тырма ұшты
Ұшты-ұшты жапалақ ұшты
Ұшты-ұшты шапалақ ұшты
«Халық болжамдары»
Халқымыз құстардың келуіне,етуіне қарап болжамдар жасаған.Енді солардың
біразына тоқтала кетейік.
-Қарлығаш жоғары ұшса,күн жылы болады, төмен ұшса жаңбыр жауады.
-Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса,су тасқыны болады.
-Құс жүнін үрпейтсе,жаңбыр жауады.
-Шағала келсе сең бұзылады.
-Торғай терезеге қонса, күн суытып,аяз болады.
VIII.Шығармашылық жұмыс.:
1-топта – бейнелеу сабағы: Құстың суретін салу.
2-топта – еңбек сабағы: Ермексаздан құстың пішінін жасайды.
3-топта – әліппе сабағы: Құстар туралы қандай өлеңдер,тақпақтар
білесіңдер.
IX.Ой толғаныс.
Жаңа сабақты пысықтау:
1.Қандай жыл құстарын білеміз?
2.Құстар немен қоректенеді?
3.Біздің қалада осы құстар кездеседі ме?
4.Күзде құстар неге жылы жаққа ұшып кетеді деп ойлайсыңдар?
5.Көктемде жыл құстары қайтып оралады.Себебін айтыңдар.
6.Құстар табиғатқа қандай пайда келтіреді?
X.Үйге тапсырма.
Оқулықтағы сюжетті суретке қарап «Үйрек пен түлкі» туралы ертегі
құрастырып келу.
XI.Марапаттау.
Оқушылардың бүгінгі сабақта көрсеткен,дәлелденген білімдерін бағалайық.
Ал енді қолдарында сан және әріп жазылған оқушылар тақтаға келіңдер.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 10 9 8 7
6 5 4 3 2 1
Ж А Р А Д Ы Ң Д А Р Ж А С Д О С Т
А Р !

Ұқсас жұмыстар
Құстардың көбеюі және дамуы
Қыстап қалатын құстарға жем шашу
Үй құстары жайлы ақпарат
Күз-береке. 3-сынып
Күздің кереметі. Ә. Табылдиев
Қыркүйек. Қазан. Қараша
Қанатты достар. 2-сынып
Мәтіннің түрі
Ұстаз деген - жарық күні ғаламның
Ж. қашқынов. ұнатам күзді мен
Пәндер