8-б сынып: Р. Ғамзатовтың Ана тілі өлеңі мен Менің Дағыстаным әңгімесі бойынша қазақ әдебиеті сабағы

Пән мұғалімі: Абатырова Гүлжанат


Сыныбы: 8б Күні: 14. 05. 2014. Пәні: Қазақ әдебиеті.

Сабақтың тақырыбы: Р. Ғамзатов. «Ана тілі» өлеңі. «Менің Дағыстаным»

Сабақтың мақсаты: білімділік: «Ана тілі» өлеңі мен «Менің Дағыстаным» әңгімесінің

мазмұны мен идеясын ұғындыру, әңгіме арқылы білім мен тәрбиені

ұштастыру.

тәрбиелік: Отанды сүюге, адамгершілікке, ана тілін құрметтеуге

тәрбиелеу.

дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру, өлең

шығару арқылы тілін дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы, сұрақ-жауап, түсіндіру, сөздікпен жұмыс, ойын,

Венн диаграммасы.

Жұмыс түрі: кітаппен, дәптермен жұмыс, топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: Әлем әдебиеті, география, қазақ тілі

Көрнекілігі: Слайд арқылы ақынның суреттері, карта, стикерлер.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру.

ІІ Жаңа сабақ.

І Қызығушылығын ояту.

1. Ана тілі дегеніміз не?

2. Ана тілі туралы қандай шығармалар білесіңдер?

3. Ана тілі қазіргі күні өзекті мәселе ме?

ІІ Мағынаны тану.

  1. Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында мағұлмат беру.
  2. «Ана тілі» өлеңін оқушыларға таныстыру.
  3. Оқушылардың өздеріне, 3 топқа өлеңді бөліп, мәнерлеп оқыту.
  4. Өлең мазмұны бойынша сұрақтар қою:
  1. Туындыгер түсінде не көрді?
  2. Өлейін деп жатқан кісіні тірілткен қандай құдірет?
  1. «Менің Дағыстаным» әңгімесін 3 топқа ДЖИГСО әдісі арқылы оқыту.
  2. Әңгіме мазмұнын 3 топқа кезекпен баяндату.

ІІІ Ойтолғаныс.

Әңгіме мазмұны бойынша тапсырмалар орындату.

1-топқа: «Менің Дағыстаным» кітабынан алынған үзіндіде не айтылған? Италияда қалып қойған суретші жігіттің картинасында қандай аңыз бейнеленген? Мағынасы не?

2-топқа: 1. Суретші еліне неге қайтқысы келмейді? Суретшінің шешесі Расул Ғамзатовтан не сұрады?

3-топқа: Суретшінің шешесінің :

- Сен қателестің, Расул, менің ұлым баяғыда өліп қалған. Сенің көргенің - менің ұлым емес. Менің ұлым өзім үйреткен, авар анасы үйреткен тілді ұмытуға тиіс емес, - деуінің мәнісі неде?

1. Суретші суретіеде неге авар киімін кигізіп, өз әйелін салады?

2. “Кеш қой. Енді еліме тек қаудыраған сүйегімді қайтаруға хақым бар ма менің?” Кімнің сөзі? Бұлай деуінің себебі не?

3. Өткен сабақтарда өткен Т. Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесінен үзінді беріліп, екі әңгіменің ортақ байланысы мен айырмашылығы жөнінде 3 топтың пікірі сұралады.

4. Екі шығарманың ортақ байланысы туралы сұралады.

ІІІ Сабақты бекіту:

Кейіпкер: Кейіпкер
Адамгершілік қасиеті: Адамгершілік қасиеті
Өз бағам: Өз бағам
Кейіпкер:

Расул

Суретші

Анасы

Адамгершілік қасиеті:
Өз бағам:

ІV Бағалау. (Топты сонан соң жеке оқушыларды бағалау. )

V Үйге тапсырма.

1. Әңгіменің мазмұнын толық оқу.

2. «Ана тілім - айбыным» ойтолғам.


Ұқсас жұмыстар
8-сыныпқа арналған Расул Ғамзатовтың Менің Дағыстаным әңгімесін талдау бойынша сабақ жоспары
8-сыныпқа арналған PISA стратегиялары негізіндегі Махамбет Өтемісұлының Тарланым өлеңі бойынша қазақ әдебиеті сабағы
Қазақ тілі мен әдебиеті сабағы: Абай тұлғасы (Ақын қонақтар әңгімесі негізінде)
8-сынып қазақ әдебиеті сабақ жоспары: Төлен Әбдіковтің Қонақтар әңгімесі
Н. Сералиевтің Аңсау әңгімесі бойынша қазақ тілі мен әдебиеті сабағы: жоспар, жүргізу және қорытынды талдау
5-сынып: М. Әуезовтің Ақын қонақтар әңгімесі бойынша қазақ тілі мен әдебиеті сабақ жоспары
Ана тілі сабағы: Б. Соқпақбаевтың Қамқорлық мәтіні бойынша сабақ жоспары
6-сынып Қазақ әдебиеті: Б. Соқпақпаевтың Менің атым Қожа повесіне арналған жинақтау сабағы
7-сынып қазақ әдебиеті сабағы: Махамбет Өтемісұлының Тарланым өлеңі
Ана тілі сабағы: Б. Соқпақбаевтың Шал мен бала әңгімесі арқылы адамгершілік пен ізгілікті тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz