Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Тәуелсіздік алған күн. Қайрат Әлімқұлов

Пәні: Әдебиеттік оқу. Сыныбы:3. Уақыты: 9.12.2015ж

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік алған күн. Қайрат Әлімқұлов.
Мақсаты:
Өлеңнің өзекті идеясын және онда бейнеленген идеялық сезімді оқушыларға
қарапайым, түсінікті тілмен жанды түрде жинақтап беру.
Өз ойларын жекзізе білуге дағдыландыру;
Елін, жерін сүюге баулу.
Сабақтың түрі: аралас
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, бейнелеу өнері.
Көрнекілігі: бейнеролик, слайд, суреттер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасу, психологиялық дайындық.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
Даналарым. Тұрсынхан Әбдірахманова. (Мәнерлеп оқу)
Слайдпен жұмыс;

Сұрақ – жауап;
Қазақтың ұлы ақыны кім?(Абай Құнанбаев)
Шын есімі - Мұамед Қанапия. (Шоқан Уалиханов)
Шын есімі - Сәдуақас. (Сәкен Сейфулиин)
“Дала қоңырауы”деп аталып кеткен ағартушы кім? (Ыбырай Алтынсарин)
ҚР қай ғалым, геологтың атында қала бар?(Қаныш Сәтбаев)
Ағартушы – педагог, шын есімі – Ибраһим болған кім?(Ыбырай Алтынсарин)
Мыс, темір, марганец, көмір, қорғасын кен орындарын ашқан, аса көрнекті
геолог, ірі ғалым. (Қаныш Сәтбаев)
М.Дулатұлының кітаптары? («Терме», «Оян, қазақ», «Азамат»)
ІІІ.Жаңа материалды меңгерту.
Тәуелсіздік алған күн. Қайрат Әлімқұлов.
Өлеңмен жұмыс.( Авторы туралы мәлімет).
- өлеңді түсініп оқу; оқушыларға кезекпен оқыту, талдату.
- өлеңнің негізгі ойын анықтау;
- таныс емес сөздермен жұмыс;Тағдыр тауқыметі – басқа түскен қиыншылық.
- өлеңнің мазмұнын жеткізу;
- шығармашылық деңгейдегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
Ой толғаныс.«Ой түйіні» ойыны.
Мақсаты: өтілген өлеңнің мазмұнын меңгерілу деңгейін анықтау.
- Өлеңде не туралы айтылған?(Тәуелсіздік мерекесі туралы)
- Тәуелсіздік дегенді басқаша қалай айтуға болады?(Егемендік,бостандық,
дербес)
- Ақын мерекелік қуанышты халық қалай тойлайтындары туралы айтылған өлең
жолдарын оқу.
- Бұл мерекенің басқа мерекелерден айырмашылығы қандай?
- Өлеңде тәуелсіздік ұғымын тағы қандай сөзден байқадың?
- «Батыр Қайрат ағам» деген кім?
- Тәуелсіздік бізге қалай келді?
Слайдпен жұмыс; (3мин)

Бейнеролик көрсету.(5мин)
«Желтоқсан желі». (Әні: Әбиірбек Тінәлі. Сөзі:Ә.Асылбек.)
Тәуелсіздік күні.
Сұрақ – жауап арқылы мәтіннің мазмұнын ашу.
Қазақ еліне тәуелсіздік қалай келді?
Ыбырай атамыздың қазақ халқы туралы айтқан сөзі?
Тәуелсіздік жолында қандай қиындықтар болды?
Алып империяға қарсы шыққандар кімдер болды?
Қазақ халқына тәуелсіздік оңай келген жоқ. Осы жолда атамыздың қаны,
анамыздың көз жасы төгілді. Кезінде Ыбырай Алтынсарин: «Қазақ халқы-
азбаған, табиғаты таза халық. Оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің
қаспағына көне алмайды» деген екен.
Кеңестер Одағының қыспағына ең алғаш қазақ жастары қарсы шығып, алып
империяның зәре – құтын қашырды. Қазақтың намысшыл ұл-қыздары қуғынға
түсіп, тағдыр тауқымет бастан өткізді.
ІҮ. Сабақты бекіту. Дәптермен жұмыс.
«Отанымыздың басты мерекесі» тақырыбында өз ойыңды жаз.
(4-5 сөйлем. Жазылған мәтіннің ішіндегі сөздерді өлеңнен тауып айту)
-Қосымша тапсырмалар орындау.
-Ой қорыту:«Аяқталмаған сөйлем»....
Біздің еліміз ерекше, себебі.........
Мен еліммен мақтан етемін, өйткені.........
Ү.Қорытынды бөлім.
Үйге тапсырма. Тәуелсіздік алған күн. Жаттау.
Оқушыларды мадақтау, бағалау.

.

Ұқсас жұмыстар
Қазақ елі көкке жетті көк туың, Сен тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі
Тірегі сен тәуелсіздік төрінің
Желтоқсан - тәуелсіздік бастауы
Ата тәуелсіздік
Желтоқсанда мұзға жанған жалауым желбіретті тәуелсіздік жалауын
"тәуелсіз елдің тірегі-білімді ұрпақ жүрегі" танымдық сайыс
Қайсар рухты Қайрат
Қайраттың жазу дәптері
Тербейін тәуелсіздік тал бесігін. тәрбие сағаты
Тәуелсіздіктің шыңы
Пәндер