Қазақшаңыз қалай екен? сайыс-сабақ: қазақ тілі апталығына арналған сценарий

« Қазақшаңыз қалай екен?» сайыс сабақ.

Мақсаты:

1. Оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ тілін қастерлеуге баулу.

2. Тілдің құдіретін, ұлтымыздың мақтанышы, айбарлы екендігін ұқтыру.

3. Тілді ұлттық мұра ретінде қадірлеуге үйрету.

4. Мемлекеттік тілді жақсы меңгерген оқушыны анықтау.

Көрнекілігі: Даналық сөздер, тапсырмалар, слайдтар.

1-ж. Қайырлы күн құрметті көрермендер, қонақтар, сайыскерлер. Бүгінгі біздің

«Қазақшаңыз қалай екен?» атты сайысымыз Абай орта мектебіндегі қазақ тілі апталығына байланысты өткізіліп отыр.

1 ж. Еліміздің рәміздері: әнұраны, туы. Елтаңбасы, сонымен бірге Астанасы, валютасы және мемлекеттік тілі бар. Қазақ тілі -мемлекеттік тіл, ал орыс тілі ресми тіл болып қабылданған. Әрбір мектептерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда қазақ тілін дамытуға көп көңіл бөлінуде.

2 ж. Біздің мектепте де іс қағаздар екі тілде жүргізіліп, қазақ тілін оқыту туралы мәселелер қолға алынып жатыр. Оның бір айғағы бүгінгі атты « Қазақшаңыз қалай екен?» сайысымыз. Сонымен осы сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.

1 ж. Сайысымызды бастамас бұрын әділ -қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

Сайысқа екі топ қатысады. Біздің топ: «Жасұлан»

Біздің ұранымыз : «Тіл бар жерде - өмір бар»

Біздің өлеңіміз: Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Біздің топ: «Бәйтерек»тобы

Ұранымыз : «Сүйемін туған тілді - қазақ тілін»

Біздің өлеңіміз: Тіліміздің бұлағы,

Тірліктің ел жүрегі,

Ана тілін сүйемін,

Отан үшін күйемін.

Біздің сайысымыз 7 кезеңнен тұрады: слайдтар көрсету.

1. Танысып қояйық. Топтар өздерің таныстырады. (2 мин)

2. Блиц-турнир. Бір минуттың ішінде сұрақтарға жауап беру. Қанша сұраққа жауап бересіңдер, сонша ұпайға ие боласыңдар. 2 мин

1-сұрақ. Қазақстанның бас қаласы қай қала?

А) Астана

2- сұрақ. Қазақстан Республикасының рәміздері

А) елтаңба, әнұран, ту

3- сұрақ. Әнұранның авторлары кімдер?

А) Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әні Шәмші Қалдаяқов

3- сұрақ. Бес бұрышты жұлдыз қайда бейнеленген?

Б) әнұранда

4. Қазақ тілінде неше септік бар?
5. Жүз жасаған ақын?
6. «Шаһар» сөзінің синонимі?
7. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
8. Тұрлаусыз мүшелерді ата?
9. М. Әуезов кім? Роман - эпопеясын ата.
10. «Ақылды» сөзінің түбірі?
11. Абай кім?
12. Етістіктің сұрақтары

13. Қазақ тілінде неше сөйлем мүшесі бар?

14. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім?
ІІ топтың сұрақтары:
1. Бірінші астана?
2. Жалғаудың неше түрі бар?
3. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?
4. Қазақ тілінен тән дыбыстар нешеу?
Елтаңбаның авторы?

5. Қыран құс қайда бейнеленген?

6. Сын есімнің сұрақтары?
7. Оқушы сөзінің синонимы
9. «Көксерек» әңгімесін кім жазған?
10. «Қазақ вальсінің королі» атанған композитор кім?
11. Әнұранның авторларын атап бер.

12. Абайдың туған жылы.

13. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?

14. Ыбырай Алтынсарин кім?

Келесі сайсымыз «Жылдар сөйлейді»

Бір- бірден берілген түймені басып, осы жыл немен белгілі екенін айтып беріңдер. Дұрыс жауап бір ұпай.

Топтар қаншалықты қазақ тілінің мақал-мәтелдерін білетін анықтау кезеңі.

Мақал-мәтелді жалғастыру

Келесі тапсырмада оқушылар емтиханда сияқты билет алады. Сол билеттер бойынша 5 сөз атау керек.

Дұрыс жауатарың 1 ұпаймен белгіленеді

Ал енді үй тапсырмасына кірісейік. Өздеріңнің өнерлеріңді көрсетіңдер.

. ”Полиглот”

Суреттердегі берілген заттарды үш тілде атау.

5 - кезең. Поэзия минуты.

«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы». Қатысушыларға белгілі бір тақырыпта қазақша өлеңдер ұсынылады. Олар осы өлеңді дұрыстап, мәнерлеп оқып беруі тиіс. Бұл кезеңде тілдің машықтығы, оқудың тазалығы бағаланады. (Дайындыққа 2 мин) .

1ж «Жазушы» кезеңі, әрбір топ тақтадан тақырыптар таңдап алады, сол тақырыптар бойынша шағын әңгіме құрайды. Уақыты 5 минут. Шығармаларың бағалау

Думан толы тіршілікке дау бар ма,

Көп нәрсеге керек екен тіл-көмей.

Кейде ойлаймын, тіл болса да тауларда,

Маңғазданып, тұрған шығар үндемей.

Өз еркі ғой,

Қиналтпайды ол да аса,

Бұл өмірден сыбағамды мол алам.

Бірақ, бірақ, ана тілім болмаса,

Дүниеден біржолата жоғалам, - дей отыра сөзді әділ-қазылар алқасына береміз.

Жеңімпазды атап, мадақтамалар мен сыйлықтар ұсынады.

Абай ЖОББМ

сайыс сабақ

Дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Бахриденова Айнагүл Қанашқызы

2014-2015 оқу жылы


Ұқсас жұмыстар
Қазақшаңыз қалай - оқушылар арасындағы мемлекеттік тіл сайысы
Тайынша қаласы №4 орта мектебіндегі Қазақшаңыз қалай тіл сайысының өткізілу тәртібі мен кезеңдері
Арқалық түзеу мектебінің Экология апталығына арналған Құстар - біздің досымыз экологиялық ойын бағдарламасы
Қызықты қазақ тілі әлемі: қазақ тілі мен әдебиет пәнінен интеллектуалдық сайыс сабақ жоспары
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ХХІ ғасыр көшбасшысы сайыс сабағы: сценарий мен тапсырмалар (Еңбекші орта мектебі, Қарасай ауданы, 2013-2014 оқу жылы)
Қазақ тілі: лексика тарауын қайталау - сайыс түріндегі сабақ жоспары
3-сынып қазақ тілі - Түбірлес сөздер: сайыс сабақ жоспары
Ашық сабақ жоспары: Тіл - құдірет (сайыс форматындағы қазақ тілі сабағы)
5-сынып қазақ тілі: лексика тарауын қайталау бойынша апталық сайыс сабақ
7-8 сыныптарға арналған Қазақстан жаңа ғасыр аясында қазақ тілі апталығының сайыс бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz