Буын және тасымалдауды оқыту: логопедиялық сабақ жоспары

Куангалиева М. Б

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін

мектебінің логопед мұғалімі

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы

Буын және тасымалдау жолдарын үйретудегі тиімді тәсілдер.

Сабақтың тақырыбы: Буын және тасымал

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың және тасымал жөніндегі ұғым мен түсініктерді қабылдата отырып, түрлі жаттығулар арқылы білімін бекітуге мүмкіндік беру.
  2. Түзете дамытушылық: Ойын толық еркін жеткізуге, көз жеткізу арқылы ой дәлдігін қалыптастыруға баулу.
  3. Тәрбиелік: Ойланып, нақты жауап беруге жол ашу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс -тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.

Көрнекіліктер: компьютер, дайын буындар, карташалар.

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу.
  2. Психологиялық дайындық

Көңілді сөз
Балалар шеңбермен отырады.
Барлық отырғандар кезекпен өзінің қасында отырған адамға қарап көңіл көтеретін бір сөз айтады.
Сөзді айтқан уақытта сол баланың көзіне қарап айту керек.

Бір- бірімізге күлімдейміз, қолымызды қысып амандасамыз, қатты құшақтасамыз.

3 . Үй тапсырмасын тексеру

Ережені еске түсіру. «Сөздер буындардан құралады. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады»

(Оқушыларға ауызша мысалдар келтіру) .

Бір буынды сөздер:

Екі буынды сөздер:

Үш буынды сөздер:

Төрт буынды сөздер:

«Аспаннан қар жауғанда» ойыны

Оқушылар тақтаға кезектесіп шығып, Қардағы буындарды орнына қояды.

Ас, пан, жұл, дыз, ға, рыш, ға, лам, шар (буындарынан сөз құрайды)

4 . Дәптермен жұмыс

Аспан, жұлдыз, ғарыш, ғаламшар сөздерін дәптерге жазып дауысты дыбыстың астын қызыл қарындашпен сызу.

  1. Сөздерді буынға бөліп оқу.

Әр сөзде неше буын бар екенін анықтау.

Адал, азат, тас, жаңбыр, балмұздақ, сырғанақ, сырнай, бағбан, домбыра, әнші.

Оқушыларға буынға бөліп оқыту, дер кезінде қателерін түзету.

  1. Сергіту сәті

«Өз орныңды тап»
Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі буындар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар қолындағы буындардан сөз құрауға тиісті. Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.
7. Тасымалдау жолын көрсет

Балалар, тасымалдау туралы не айтасыздар?

Егер сөз жолға сыймаса оны буынға бөліп келесі жолға тасымалдаймыз.

Буынға бөлінгенмен тасымалданбайтын сөздер бар.

Бар- ды, ө-зен, кел-ді, О-тан . Тасымалданбайтын сөзді көрсет.

8. Әрбір оқуышыға жеке- жеке үлестірмелі карташа тарату. Түсіп қалған әріптерді тауып жазып, сөздерді дұрыс буынға бөл.

9. Сабақты қорытындылау.

10. Үйге тапсырма беру.


Ұқсас жұмыстар
Логопедиялық сабақ жоспары: Р дыбысын буын мен сөз ішінде бекіту
5-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Буын және тұйық буын
Сөздің буындық құрылысын, ырғақ пен дыбыстарды дамытуға арналған логопедиялық сабақ жоспары
Үндестік заңы және буын үндестігі: қазақ тілі сабақ жоспары
Буын ұғымы мен түрлері, Не деу керек өлеңі арқылы оқыту және тіл мәдениетін тәрбиелеу
5-сынып қазақ тілі сабағы: Буын және оның түрлері - сабақ жоспары
Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетіндегі логопедиялық сабақ жоспары: Дала құстары
4-сынып қазақ тілі сабағы: Буын және тасымал бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
С дыбысын дұрыс айтуға үйретуге арналған логопедиялық сабақ жоспары
1-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Әліпби, Өтірік өлең және буын мен тасымал
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz