7-сынып физика сабағы: Күш пен деформацияның оқу мақсаты мен дидактикалық жоспары

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, №4 Шұбарқұдық орта мектебі, физика, информатика пәндерінің мұғалімі Исатаева Назгүл Бақытқызы.

Санаты 12

Пәні:Физика

Сынып 7

Сабақтың тақырыбы : Күш. Деформация .

Сабақтың мақсаты : Оқушыларға жаңа физикалық шама-күш ұғымы мен оның түрлері, деформация және күштің векторлық шама екенін түсіндірмелі иллюстративті тұрғыдан түсіндіру, терең мағлұмат беру.

Білімділік : Оқушылардың жаңа “күш”, ”деформация” ұғымы туралы білімдерін жетілдіру, қалыптастыру.

Дамытушылық : Оқушылардың білім сапасын, ойлау қабілетін, өз ойларын сөзбен жеткізуге дамыту.

Тәрбиелілік : Оқушылардың күш, деформация ұғымын күнделікті өмірмен байланыстыра білуіне және оны жақсы жақтарынан қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндірмелі иллюстративті, демонстрациялық, сұрақ-жауап, есептермен жатықтыру.

Пәнаралық байланыс : әдебиет, математика, еңбек, дене тәрбиесі, тарих.

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, карточкалар, диномометр, сызғыш, таразы, резинка, шар, Исаак Ньютонның портреті, болат екі шар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Бәріміз біріміз үшін!

2. Формуланы еске түсірейік

3. Физикалық шамалардың өлшем бірліктерін сәйкестендіріңдер.

4. Есептер шығару(кеспе қағаздары арқылы)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

IV. Сабақты бекіту:

1. Ой ашар

2. Ойға шабуыл

3. Болжау стратегиясы

4. Мағынасын табу. Инсерт

5. Ой-толғаныс(Венн диаграммасы)

6. Осы тақырыпқа өлең құрастыру.

7. Кім көп біледі.

V. Үйге тапсырма.

VI. Қорытындылау.

І. Оқушылармен амандасу.

ІІ 1. Бәріміз біріміз үшін ! (Сұраққа жауап ауызша)

а) Болат шармен ойын добы бір-бірімен соқтығысқаннан кейін қайсысы жылдам қозғалады?Неліктен?

Жауабы : Соқтығысқаннан кейін ойын добы жылдам қозғалады. Өйткені, болат шарға қарағанда оның массасы аз. (кіші)

ә) Үлкен жылдамдықпен келе жатырған машұинаның алдына неліктен жүгіріп шығуға болмайды?Бұл қандай құбылыс?

Жауабы: Машина үлкен жылдамдықпен келе жатырғанда тежеуішін басса да, ол жылдамдығын сақтап қалуға тырысады. Инерцияның сақталу заңы.

б) Массасы 100г және 1кг екі дене соқтығысқаннан кейін қайсысының жылдамдығы артады?

Жауабы : Массасы 100г дененің жылдамдығы артады.

в) Бір қалыпты қозғалып келе жатырған арбада отырған бала жоғары қарай доп лақтырса, баланың лақтырған добы қолына қайта дәл түсе ме?Осы құбылысты түсіндір.

Жауабы: Түспейді. Себебі бала арбамен бірге лақтырған доппен салыстырғанда орын ауыстырады. Бұл қозғалыстың салыстырмалылығы.

г) Егер екі дене соқтығысқаннан кейін оның біреуі-0, 007м/с, ал біреуі-0, 5м/с жылдамдықпен қозғалса, онда денелердің қайсысының массасы кіші болады?

Жауабы : Жылдамдығы 0, 5м/с дененің массасы кіші.

д) Заттың тығыздығы дегеніміз не?

Жауабы: Дене массасының оның көлемінің қатынасына тең физикалық шама.

2. Формуланы еске түсірейік!

Оқушыларға суреттер көрсетіледі. Қандай сурет көрсетіліп тұрғанын тапқан оқушы, суретін артында жасырын тұрған формуланы айтады.

3. Физикалық шамалардың өлшем бірліктерін сәйкестендіріңдер.

Тақтаға магнит арқылы формулалармен орын алмастырып, өлшем бірліктері беріледі. Өлшем бірліктерін өзінің жанына қою керек.

4. Есептер шығару(кесте қағаздар арқылы) . Кесте қағаздары сабақ басталмас бұрын таразының үстіне жабық түрде қойылады. Әр оқушы алдарындағы таразыдан алып берілген есепті шығарып, таблицаға жауаптарын жазады. Таблица аттары, әр қатарға:Нақты жауап, сапалы шешім таба біл.

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІV. Сабақты бекіту

1 Ой ашар .

Қысқаша 1) баяу

2) жылдам

3) тез өткендерге көз жүгірту, ой ашу.

Ньютон өміріне 1 оқушыға мәнжазба оқыту.

2 Ойға шабуыл (көз алдымызға не елестейді)

3. Болжау стратегиясы (суреттер, Б Ж бойынша тақырып табу)

4. Мағынасын табу. Инсерт (түртіп алу)

Білеміз Білмейміз Бізді толғандырады

4 . Ой толғаныс ( Венн диаграммасы)

Күш Деформация

Екеуіне ұқсас

5 Осы тақырыпқа өлең құрастыру

Бүгін оқыған тақырыбымыз -

Шала білсек алатынымыз -

Он ойланып, жүз толғанып -

Ең керегін бестік қылып -

7. Кім көп біледі? әдісін қолданып,

сабағымызды қорытындылайық.

Үйге тапсырма


Ұқсас жұмыстар
7-сынып оқушыларына арналған Физика және Астрономия: дидактикалық материалдар (практикум)
Ашық сабақ: 7-сыныптар үшін физика пәні қайталау сабағы - негізгі ұғымдар, қысым және ығыстырушы күш
7-9 сыныптарға арналған физика сабақтарының оқу-әдістемелік жинағы: Тығыздық, Күш пен деформация, Газдардағы ток, Агрегаттық күйлер, Томсон формуласы, Ампер күші
10-сынып физика: Магниттік өзара әрекеттесу - Эрстед пен Ампер тәжірибелері және магнит өрісінің күш сызықтары
Күш пен деформация: физика пәні десант сабағы - Батима Аханова, Опорный орта мектебі, Бейнеу ауданы, Маңғыстау облысы
7-сынып физика сабағының жоспары: Гук заңы мен динамометр
Физика пәні бойынша сабақ жоспары: Күш және деформация
Күш ұғымы және өлшем бірліктері: физика сабағының жоспары
Күш ұғымы және өлшем бірліктері: физика сабағының сабақ жоспары
Физика және астрономия пәні: заттың құрылысы, қозғалыс, масса және күш тақырыбы бойынша оқу-ойын формасындағы қайталау сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz