Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Тапқыр достар сайысы

Күні: 02.02.2015
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: <<Тапқыр достар>> сайысы
Мақсаты: оқушылардың бойынан логикалық ойлау шеберлігін, тапқырлықты, шешендік қасиеттерді, шығармашылық қабілеттерді көре білу және оны байқау.
Білімділік: оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру.
Дамытушылық: жас ұрпақтың ұлттық сана - сезімін, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: ана тілін сүйетін, болашаққа үлесін қоса білетін білімді, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сұрақтар жинағы, слайдтар.
Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.
<<Ақыл озбайды, білім тозбайды>> демекші, қазақ халқы ежелден бәйгені жарыс арқылы жеңіп алған. Бұрын жаяу жарыс, өгіз жарыс, құнан, тай жарыспен жеңіп алса, біз бүгін ХХІ ғасырда ғылым мен техниканың дамыған заманында білімізбен жарыспақшымыз.
Мұғалім: Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір ойын болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын! - дей келе, біз бүгін алты айналым бойынша жарысқа түсеміз.
Мұғалім:
Әділдікпен баға берер сендерге,
Әділдікпен қара қылды қақ жарар,
Әділ қазы алқаларын сайлайық
Ең алғыр топты таңдап алуға,- дей келе, әділ қазылар алқасын сайлайық.
Оқу ісінің меңгерушісі: З.К.Сапина
Тәрбие ісінің меңгерушісі: А.С. Тасымгалиева

1 - айналым. <<Кім жүйрік?>>
1.Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қашан жариялады?
(16 -желтоқсан, 1991 жыл)
2.Астана қаласы қай өзен бойында орналасқан? (Есіл)
3.Қазақтың ұлттық аспабын ата (домбыра)
4.Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім және ол қашан ұшты? ( Тоқтар Әубәкіров, 2 - қазан 1991 жыл)
5.Бір аптада неше күн бар? ( 7 күн)
6.Басты байлық не? (денсаулық)
7.Жыл басы не? (тышқан)
8Мемлекетіздің рәміздерін ата. (Әнұран, Ту, Елтаңба)
9. Орман дәрігері атанған құс? (Тоқылдақ)
10. Кемпірқоссақтың неше түсі бар? (жеті)
11 <<Кел, балалар, оқуылық>> өлеңнің авторы. ( Ы. Алтынсарин)
12. Алмас пен Алмат ағалы - інілі. Олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяда неше бала? ( 3 )
13. 2 кг ет 2 сағатта піссе 4 кг ет неше сағатта піседі? (2 сағ)
14. Шанаға қосарланып жегілген үш ат 30 км жүрді. Әр ат қанша км жүрді? (30 км)
15. Төрт түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Нешеуі қалды? (түйеқұс ұшпайды)

Мұғалім: Көрермен жиналған бұл сайысқа
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес
Дауыс беріңіз, білімді жас таланттарға,-деген өлең шумақтарымен келесі кезеңге барайық
2 - айналым. <<Тапқырлық>>
Берілген мақалдың жалғасын табу.
1.Білекті бірді жығады, ........ (білімді мыңды жығады)
2.Әдептіліктің белгісі............ (иіліп сәлем бергені)
3.Оқусыз білім жоқ, ........ (білімсіз күнің жоқ)
4.Оқу - инемен ........ ( құдық қазғандай )

3 - айналым. <<Тіл өнері>>
Жұмбақтың шешуін екі тілде айту.
1.Өзі сондай ақ, жесең тәтті - ақ. (қант - сахар)
2.Қыс бойына жатады, тәтті ұйқыға батады. (аю - медведь)
3.Жазу жазып жалықпаған, жаза - жаза арықтаған. (бор - мел)
4.Өзі таудың бөктерінде өседі, жаңа жылда үй төріне көшеді. (шырша - елка)

Мұғалім: Білімнің ұшқырлығын танып сен
Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен дегендей келесі кезекке өтейік

4 - айналым. <<Жорға>>
Пәндер бойынша сұрақ - жауап. Ұяшықтағы сандарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру.
Қазақ тілі.
10 - Жұрнақ дегеніміз не?
20 - Жалғау дегенңміз не?
30 - Жалпы және жалқы есім дегеніміз не?
40- Дауысты дыбыстар еріннің қатысына қарай нешеге бөлінеді?
50-Жақтың қатысына қарай нешеге бөлінеді?
60-Буын. Буынның түрлері ата? Ашық буын. Тұйық буын. Бітеу буын
Математика.
10 - Ұзындық өлшем бірліктерін ата? (см, дм, м, км)
20 - Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)
30 - Уақыт өлшем бірліктері (Жыл, ғасыр, апта, секунд, минут, ай, тәулік, күн)
40 - тіктөртбұрыш пен шаршының айырмасы қандай?
Әдебиеттік оқу.
10 - Жылдың 4мезгіліне өлең жазған кім? (Абай)
20 - қазақтың үш биін ата. Қазбек би, Әйтеке би, Төле би
30 - оқулықтағы <<Ақыл мен Бақыт>> (түрікмен ертегісі) қысқаша айтып беру
40 - Отан, туған жер туралы мақал - мәтел айт.
50- Дарабоз атанған батыр кім? (Қабанбай)
60- Басты байлық не? (Денсаулық
70-1 жұмыртқа 5 минутта піседі, 4 жұмыртқа неше минутта піседі? (5минутта)
80- Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
90-9 бен 4 көбейтіндісі нешеге тең?
100-2 жылда неше ай бар?

Дүниетану.
10 - Өлі табиғатқа нелер жатады? (Су, аспан, жер, ауа, тас)
20 - Қай құс ерте келеді? (Қарлығаш)
30 - Біздің мемлекеттік туымызда нелер бейнеленген? (Күн, бүркіт, ою - өрнек)
40 - Иіс сезу мүшесін ата? (Мұрын)
50- Біздің ел ордамыз қай қала? (Астана)
60- Қазақстанның тауларын ата. (Көкшетау, Ұлытау, Алатау)
70- Судың үш күйін ата? (Қатты, сұйық, газ)
80- Абайдың әжесі кім? (Зере)

5 - айналым. <<Ұшқыр ой>>
Сөзден сөз жасау.
<<Қазақстан>>, <<желтоқсан>>.

6 - айналым. Сұрақтар
1. Досың кім?
2. Күнделігіңді уақытылы толтырылады ма?
3. Сыныпқа қандай үлес қостың?
4. Қандай пән ұнайды?
5. Бос уақытыңда немен айналысасың?
6. Өлең жаттайсың ба?
7. Бантикті кім тағады?
8. Сабақты жақсы оқисың ба?
9. Нешедесің?
10. Мұғалім болсаң не істейсің?
11. Үлкейгенде кім боласың?
12. Кім ұнайды?
13. Нені жақсы көресің?

Қорытынды. Әділ қазылар алты айналым бойынша жеңіске жеткен оқушыларды марапаттау

Ойын толқын жатқандай асып, тасып
Біреу мығым, біреулер шалыс басып
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар
Жеңсек де, жеңілсең де қалма жасып,-дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

Ұқсас жұмыстар
Тақырып - Тапқыр достар
Оқушылардың ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
Тапқыр достар сайысы жайлы
Тапқыр достар (Интелектуалды ойын - жарыс)
Өрік ағашының жапырағы
Тапқыр достар сайысы жайлы ақпарат
Информатика негіздері
Тапқыр достар туралы ақпарат
Ұялы телефон
Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру
Пәндер