Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Тоты. Тырна.Тоқылдақ

Күні:03.02.2015
Сыныбы:3
Пәні: Әдебиеттік оқу
Ашық сабақтың тақырыбы: Тоты. Тырна.Тоқылдақ
Сабақтың мақсаты:
А) Құстар туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау.
Ә) Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру
Б) Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сөзжұмбақтар, нақыл сөздер.
Әдісі: түсіндіру, ойын.
Сабақтың құрылымы
Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз
Партамызға отырып
Өзара көз тастаймыз
Жаңа білім алуға
Алға қадам жасаймыз.

Үй тапсырмасын тексеру
С.Кенжеғұлов. Қазантаста (түсінгенін сұрау)
Жаңа тақырыпты меңгерту
Сөзжұмбақ шешу
ҚҰСТАР
5.Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктен жұлдыз аққандай
(Қарылғаш)

1.Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып ап
Қыста алысқа кетеді
(Қараторғай)

2. Көктемде ұшып келеді
Жаздай концерт береді
(Бұлбұл)
3.Жақыннан да, алыстан да бері ұшқан да
Құртты шоқып тауысқан, санитар бұл не? (Сауысқан)
4. Сирағы ұзын, тырнағы ұзын, балықты үзбей,
Ұстайтын шоқып, тұмсығы біздей. (Тырна)

6.Он екі айдың біреуі
Сірә оның атында
Өзге ұяға із тастап
Мен деп жар сап жүреді
(СӘУІР)

Жаңа тақырыпты дәптерлерімізге жазып алайық.
Тырна, Тоты, Тоқылдақ

Тоты құстан үлгі алсақ
Астана қаласында тұратын Байжахановтар отбасындағы <<Джем>> атты тотықұс жұртшылықты таң қалдырып отыр.
Осы уақытқа дейін одан құтылғысы келген иелері, оны сатуға да шығарған екен. Алайда, тотықұстың сөйлей алатын қасиеті бар, сирек кездесетін түрі екендігін білгенде бұл райларынан қайтқан екен. Біраз уақыт жаттығудан соң бірнеше тілде сөйлеуді меңгерген Джем қазақшаны да үйреніп алыпты. Көптеген сөздер, тіпті сөз тіркестерін де айтатын дәрежеге жеткен.
Сөйтіп, бүгінде қазақ тілін құстар да үйрене бастады. Бұл біздің үлкен жетістігіміз болса керек.

ТОҚЫЛДАҚ - Қазақстанның тұрғылықты құсы. Тоқылдақ өте жылдам қимылдайтын еңбекқор құс. Ағаштардың қабықтарының арасындағы бунақденелілермен қоректенеді. Қар үстіне түскен қалдығын торғайлар теріп жейді. Осылай өзге құстарға да жемін табуына көмектеседі. Өте суық, аязды күні адам тұрағына жақын келеді. Тырна-ірі, мойны, аяқтары және тұмсығы ұзын, ал құйрығы қысқа, жақсы жүгіретін құс.
Тырна. Тырналар-ірі, мойны, аяқтары және тұмсығы ұзын, ал құйрығы қысқа, жақсы жүгіретін құстар. Көршілік түрлерінің ұзын кеңірдегі, төс қырының маңайында бірнеше түйін құрайды.
Осы кеңірдегіндегі түйіндердің әсерінен, олар күшті дыбыстар шығарады. Бұлар далалы және батпақты жердің барлығында да кездеседі.
Осы кеңірдегіндегі түйіндердің әсерінен, олар дыбыстар шығарады.Бұлар далалы және батпақты жердің барлығында да кездеседі. Ұяларын тоғайлы батпақтарға, өзен жағалауларына, кейде далаларға, адам бара алмайтын жерлерге салады. Тырналар өсімдік тамырларымен, құрттармен, насекомдармен қоректенеді. Жаздың соңғы кездерінде топтанып астық далаларына барып, шаруашылыққа аздап зиянын тигізеді.

Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық
Қарлығаш болып ұшайық
Ұшып-ұшып алайық
Орнымызға қонайық

Көркем жазу минуты
Дәптерімізді ашайық
Қолға қалам алайық
Салақтықтан қашайық
Көркемжазу жазайық

1 - оқушы
Елімізде 500 - ге жуық құстың түрі бар. Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды. Сондықтан олар табиғат емшілері.
2 - оқушы
Олар тіршілік иелері. Олар ұрпақ өрбітеді. Балапандарын қанаттандырып, жауларынан қорғайды.
3 - оқушы
Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып,
адамдардың көңіл - күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп.
4-оқушы
Жыл құстары дегеніміз - Салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл, тоқылдақ, үйрек, қаз, тырна.

1 - оқушы
Тоқылдақты халық орман емшісі деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт - құмырсқадан тазартады.
2 - оқушы
Құртты іздеп ініне
Қарағайды үңгіген
Тоқылдақ құс дәрігер
Қашан да ол әбігер
3 - оқушы
Қазақ халқы құстарды ерекше бағалаған. Шебер әншісін - бұлбұлға теңеген. Азаматын - сұңқарға, сұлуын - аққуға, ез жігітін - жапалаққа теңеген.

Жұмбақтар шешу

Туысы дейді құстардың
Інісі дейді тышқанның
Тышқан да емес, құс та емес
Екеуінен де тыс қалдым
(Жапалақ)

Қызығып әр адам
Ұстап ап даладан
Жүнімен жұлып ап
Бесікке қадаған
Бұл қай құс?
(үкі)

Қашаудай мықты тұмсығым
Бәсеке тігем бұл шыным
Құрт, қоңыз, аулап жарысам
Орман дәрігері боп табылам
(Тоқылдақ)

Халқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап болжамдар жасаған. Енді солардың біразына тоқтала кетейік.

Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.
Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.
Жаңбыр жауарда қарғалар у - да шу болады.
Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.
Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
Шағала келсе сең бұзылады.
Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.

5 - бөлім <<Оқушы шығармашылығы>>
(Оқушылардың өздері дайындаған өздері салған суреттері)
6 - бөлім Қорытынды

Сабақты бекіту: Ребус шешу
Сандарды өсу ретімен қойып, жасырынған мақалды оқу керек.
Үйге тапсырма: Тоқылдақ, Тоты, Тырна мәнерлеп оқу
Бағалау: Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Қанатты достар
Құстар- біздің досымыз Құстар туралы
Құс ұясының макетін жасау
Құстардың алуан түрлілігі
Құстардың көктемгі тіршілігі. дүниетану - ашық сабақ
Қанатты достар. 2-сынып
Құстар жайлы
Құстардың көктемгі тіршілігі (дүниетану 1 сынып ашық сабақ жоспары)
Бозторғайдың жұмыртқалары
Амансыңба жан досым
Пәндер