Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану
Файл қосу
Арман жарқын болашақ бейнесі
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Тақырып: <<Арман жарқын болашақ бейнесі>>
Құндылық: Ішкі тыныштық
Қасиеттер: өзіне - өзі сенімділік, жағымды ойлау, қарапайымдылық, шыдамдылық
Мұғалімі: А. Манбаева
Сабақ мақсаты: Арманның мәні, жету жолы туралы өзіндік пікірін қалыптастыра отырып, ішкі тыныштық құндылықтарына тоқталу.
Міндеттері:
1. Өмірге, өзіне деген сезімін арттыру, өмірге құштарлыққа баулу;
2. Өзіне-өзі сенімді болу дағдыларын дамыту;
3. Қарапайымдылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
2. Сабақтағы жағымды күйге келу, тыныштық сәті <<Нұрға бөлену>>
Сабақ барысын талқылау:
3. Үй тапсырмасын тексеру. №13 сабақтағы
М. Шахановтың <<Арман>> мәтінін оқып келу тапсырылған.
-Екі жастың бойында қандай ортақ қасиеттер бар?
-Ой алшақтығы нені меңзейді?
-Арманның адам болашағына әсері қандай?
4. Дәйек сөз.
<<Арман деген көп белес -біріне шықсаң, бірі бар>>
Ғ. Мұстафин
(Дәптерлеріне жаздырып, оқушыларға дауыстап оқытып, өз ойларын ортаға салу)
5. Әңгімелеу.
Әңгіме <<Арман тау>>
Ереде бір үйдің екі ұлы болыпты. Бірінің аты Айдан, екіншісінің аты Нұрдан екен. Екеуінің ақылды, сабырлы, көркем мінезді балалар екенін бүкіл ауыл біледі екен. Олар үнемі ақсақалдардан, өздерінің әке, шешелерінен көп адам бара алмайтын бір тау бар екенін, оның ең биігінде жалғыз гүл өсетінін естиді. Осы гүлді кімде-кім шешелеріне сыйласа, сол баланың анасы дүниедегі ең бақытты адам болып, барша тілектері орындалады екен. Адамдар бұл туралы қаншама естіп жүрсе де, алыс тауды іздеп шығуға тәуекелдері бармайды.
Ал, аналарының барлық ізгі тілектері орындалып, бақытты болғанын қалаған айдан мен Нұрдан тауды іздеуге шығады. Бұлардың алыс тауға қасиетті гүлді іздеп кеткенін ауыл түгел естиді.
Кейбіреулері аман аман-есен келетініне сенбесе, біреулері үлкен үмітпен күтіп жүреді. Екі бала алыс-алыс жол жүреді, қатты шөлдейді, қарындары ашады, шаршайды. Бірақ соған қарамай таудың биігін шығып, Гүлді де табады. Кез келген жерде өспейтін таңғажайып гүлді ауылдарына әкеліп, аналарына сыйлайды. Ауыл түгел жиналып, таңғажайып гүлді көздерімен көріп қуанады. Ақсақалдар <<енді ауылымыз көркейеді>> деп балаларға алғыс айтады. <<Алыс тауға>> баратын жол салынды деп жар салады.
Айдан мен Нұрданның тек қана жақсылықпен ізгілік ойлайтын анасының бұрын армандаған барлық тілектері орындала береді. Жаңбыр жаумай қиналған ауылға қайта-қайта жаңбыр жауады, жер көгереді, егін өседі. Ауыл балаларының ішіндегі ақылдылары <<алыстағы тауға асығып, таңғажайып гүлді>> әкеліп аналарының, елдің ықыласына бөленіп жатады. Ал, біреулері шаршап, шалдығып, жарты жолдан қайтып келеді. Сөйтіп бұл ауыл керемет шаһарға айналады. <<Алыстағы тау мен гүл>> Нұрданның есімдерін халық қадір тұтып өз балаларына үлгі қылады.
Мәтін бойынша сұрақтар
-Балалардың арманы қандай еді?
-Балалар өз армандарына бойындағы қандай қасиеттің арқысында жеті?
6. Видиофильм көрсету. Б. Соқпақбаетың <<Менің атым Қожа>> фильмінен үзінді көрсету.
7. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
<<Менің арманым>> тақырыбында шағын шығарма жазу.
8. Топпен ән айту.
<<Ақ желкен арман>>
Сөзі: Ұ Есдәулетовтікі
Әні: Т. Мұхамеджановтікі
Ақ желкен арман
Бұлдырап алдан
Жағада тұрмын дауыстап
Балалық кезім,
Бейкүнә сезім,
Ақ желкен болып алыстан
Өкініп кейде
Өксиді кеуде, Өмірдің заңы қатал - ақ
Ақ желкен дейін,
Аңсатты-ау кейін,
Алғашқы мөлдір махаббат
Ақ пейіл аспан,
Моншағын шашқан,
Көз жасы бекер тізілмес
Ақ желкен арман,
Шақырар алдан,
Үміттің жібі үзілмес
9. Үй тапсырмасы. №14 сабақ. Н. Келімбетов <<Үмітімді үзгім келмейді>> мәтінін оқу.
10. Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу музыка қосылады
Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге орнатайық. Әрдайым жақсыны көруге, жақсыны естуге, жақсыны айтуға үйренейік. Айналамыздағы адамдарға, жан - жануарларға, құстарға риясыз жақсылық жасайық, ешкімге ешуақытта қиянат жасамайық. Енді тыныштық күйде отыра тұрыңыздар. Көздеріңізді ашуға болады.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz