Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Ел мақтаған ағалар

Күні: 14.02.2015ж
Сабақтың тақырыбы: Ел мақтаған ағалар
Мақсаты:Тарих қоржынының бір басында жатқан Екінші жаһан соғысына пара-пар Ауған соғысы туралы оқушыларға мағлұмат беру; Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, слайд, бейнеролик, бағдаршам суреті
Түрі: Бағдаршам бағдарламасы
1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум ардақты ағайын, ұстаздар мен оқушылар
2-жүргізуші: Қайырлы күн бағдаршам көреміз деп жиналған оқушылар, сіздермен бірге
бағдаршам бағдарламасы

3-жүргізуші: Бағдарламамыздың бүгінгі тақырыбы, <<Ел мақтаған ағалар>>. Халықымыздың ойына ауыр естеліктер қалдырған ауған ардагерлерін қарсы алайық.

1-жүргізуші: Қарсы алыңыздар ашық әңгіме алаңында ауған ардагерлері Жұмабеков Амангелді Бәйішұлы, Жакупов Болат Спандиярович

3-жүргізуші: Сөз кезегін мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Г. Ахметоваға беріледі.

2-жүргізуші: Біздің бағдарламамыз өмірдің бағдаршамы сияқты, сізге кейде сары
3-жүргізуші: кейде қызыл
1-жүргізуші:кейде жасыл болып келеді.

1-жүргізуші: сары түстің салмақты сұрақтарына
2-жүргізуші: қызыл түстің қиын сұрақтарына
3-жүргізуші: жасыл түстің жайдары сұрақтарына жауап беруге дайынсызба?

----

1-жүргізуші:олай болса , бәрекелде бастаймыз.
2-жүргізуші: Сұхбатымызды бастамас бұрын бейне материалға назар аударайық

Бейне баян: Ауған соғысы 1.

3-жүргізуші: Кеше көріп ек жетпейтін армандай,
Арзандатып бүгін сыйға алғандай.
Үлесіне тиді сенің тер төгу,
Даңқың қалсын ұрпақ еске алғандай.
Тарих куә өткен менен кеткенге,
Қан майданда қара қанды төккенге.
Ұлтым деген ұлдарыңның еңбегі
Көркеюмен осы күнге жеткенге.
Келесі сөз кезегін бүгінгі кешіміздің ардақты жауынгер ағаларға береміз. Туған жерге оралған ағамыз жанұя бәйтерегі. Өз саласы бойынша еңбек етеді. Жер бетінде тек қана бейбітшілік болуын қалайды.

Ардагер ағамызға сөз кезегі берілді,оқушылар соғыс жылдары туралы сұрап білді.

1.Зұлмат соғысты қалай еске аласыз?
2.Ауғанстанның қай жерінде ұрысқа қатыстыңыз?
3.Ауған соғысына әскерде жүріп аттандыңыз ба?
4. Ауған соғысына қатысқан қандай ардагерлерді білесіздер?
5. Ауғанстан соғысы қай жылы және қай күні болған?
6. Бұл соғыс неше жылға созылды?
7. 1979 жылы келісім шартты бұза отырып кім басып кірді?
8.Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп жүрсіз?
9. Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз?
10. <<Ерлік, батырлық, жауынгерлік>> ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз?
11. Сіздер Ауған соғысына барғанда шын өзіңіз ниетіңізбен бардыңыз ба, әлде Кеңес Одағының тапсырмасы болды ма?
12 Ауған соғысында көрген қиыншылықтарыңыз көп болды ма, Сіздің есіңізде қалған бір оқиға бар ма?
13 Ауған соғысы ардегерлеріне қазіргі уақытта қандай көмек берілуде?
Ән:Ағаларым.
1-ж:Қаламызда Ауған соғысына қатысқан жауынгерлерге арналған ескерткіш бар.
2-ж:Тым ертерек өшті,ағалар,арманыңыз,
Бейбіт елді сырт жаудан қорғадыңыз.
Ерлік ісін ұрпаққа үлгі болып,
Қыран құстай биікке самғадыңыз.
Жақын еді елге қайтар күніңіз,
Қуаныштан күлімдеді-ау жүзіңіз.
Сұм дұшпанның атқан оғы дәл тиіп
Түнге айналды-ау жарқыраған күніңіз.
3-ж:Қымбатты жауынгер ағалар! "Батырдың ғұмыры қысқа,даңқы ұзақ" дегендей сіздер мәңгі бізбен біргесіздер.Соғыста қаза болғандарды бір минут еске алып,бас иеміз.

1-ж:Еске алып құрметтейміз,
Құрбандардың рухын.
Қабірлері нұрға толсын,
Суық көрде жылынсын.
Есіл ерлер ескерткішке
Айналсаң да біз үшін
Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісің!

2 - Жүргізуші
- Өтер жылдап, ауқыт тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамады, ерлік өлмеді, замандарға жалғаса берді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері.

Ән: Алға жігіттер

Оқушылар алғысы.
(Оқушылар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп рахметін айтады.)
Құрметті майдангерлер!
Сұрапыл уақыттағы қайғылы шежіре жаңғырығы халықтың зердесінде бағасы артып,уақыт алдыға жылжыған сайын сіздердің жасаған ерліктеріңіздің шоқтығы биіктей бермек.Біз сіздерді мақтан етеміз.
1-жүргізуші: Сөз кезегін Тарих бірлестігінің жетекшісі Ерекеева Акзила
апайға сөз кезегі беріледі

2- жүргізуші: Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 26 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге сыр елінің көсегесін көтеруге атсалысып жүрген ауғандық ардагерлер жауынгерлерді қадірлеп - құрметтеу - біздің борышымыз дей отырып, келген қонақтарға алғысымызды айтамыз.

3-жүргізуші: Өмір жолындағы бағдаршамда аман жүрейік ағайын.

Ауғанның от-жалыны
<<Ауғанның от - жалыны>>
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 23 жыл толуына арналған кездесу - кеш

Мақсаты:
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: <<Ауған соғысындағы батырлар>> альбомы, тақырыптық көрме, интерактивті тақтада көрсетілетін слайдтар, деректі кинофильм, плакаттар, суреттер.
Шақырылған қонақтар: Ауған соғыс ардагерлері: Омаров М. А.,
Кулахметов А. А.

Кездесу барысы
1 - Жүргізуші
- Қайырлы күн құрметті де қымбатты келген қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!
2 - Жүргізуші
- 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен
Ауғаныстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс - зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі - Ауған соғысы.
1 - Жүргізуші
Құрметті қонақтар, сол кезде қатерге бел буып, батырлықпен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс ардагерлеріне арналған кездесу кешімізді ашық деп жариялаймыз.
(Мемлекеттік Гимн орындау)
2 - Жүргізуші
Азаматтық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген. Өткен әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған адам шығынын әкеліп, қаншама мемлекетті күйретумен тарихта таңба болып қалды.
1 - Жүргізуші
- 10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңыруға шым батырған Ауғаныстандағы сұрапыл соғыс 9 жыл 10 айға созылды.
- Жау дейміз - ау, қолдан жасап жауынды, саясаттың солақайы уландырған тамырды, бауырына бауыздап балдай ішкен Кеңестің ол сұрапылды, дауылды заманы еді..
- Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз бізідің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық.

(Қонақтарды таныстыру, сыйлық тапсыру)
1 - оқушы
- Армысыздар, ауғандық жауынгерлер
Жырым бар жараланған, жаныңды емдер.
Өлгендерді жәннатта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер!
Ерлік қылған ағаларым, аспан асты, жер үсті,
Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар менен бөрікті
Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,
Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.
2 - оқушы
- Жастығыңмен жауға атылдық оқ болып.
Әндететін кезің еді төс керіп,
Жаудың оғы сан мүшеңді төрт бөліп,
Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып
3 - оқушы
Отан үшін оққа тос кеудеңді,
Ерлігіңді, өрлігіңді ер көрді.
Бірге аттанған бауырларың жер жастанды, жерленді
Жебейді олар әруағымен сендерді.
Аналардың көл боп аққан көз жасы,
Жетім - жесір тағдырларын ойлашы.
Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз,
Елі үшін құрбан болған ер басы.
1 - жүргізуші:
- Ер қадірін назарын тасалаудан
Қай ел тауыпты?
Ия, Ерлікті жасамаудан
Бағаламау әлде - қайда қауіпті - деп Мұхтар ағамыз жырлағандай, еліміздің қайсарлы қаһармандарын ұмытпауымыз керек.

Статистика
- Ауған жеріне 23. 000 жерлестеріміз аттанып, борышын атқарды.
- 761 жауынгеріміз қаза тауып, қазақ жеріне жерленді.
- 26 жауынгер із - түссіз жоғалған.
- 1000 адамнан астам инвалид мүгедекке шалынды.
- 1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды.

1 - Жүргізуші
- Осы ауған соғысында батырлық пен ерлік күйімен 70 - і қаза болған. Жамбылдықтардың арасында 2 Талас жерлестеріміз бар. Битибаев Бүркітбай Әбдіұлы 1963 жылы туылған және Қаратаулық Мусаев Қанат Жақсылықұлы 1962 жылы туылған.
Еске алып құрметтейміз,
Құрбандардың рухын.
Қабірлері нұрға толсын,
Суық көрде жылынсын.
Есіл ерлер ескерткішке
Айналсаң да біз үшін
Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісің!
2 - Жүргізуші
- Өтер жылдап, ауқыт тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамады, ерлік өлмеді, замандарға жалғаса берді. Бұған дәлел бүгінгі орта - мызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері.

Сөз кезегін ауған соғысының ардагері Омаров М. А. беріледі.
1.- Жүргізуші
<<Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті>> деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман - сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау - біз үшін бір ғанибет. Құрметті ағалар, естен кетпес естеліктерден үзінді айта отырсаңыздар.

Ауған соғыс ардагерлерінің әңгімесін тыңдау, сұрақтар қою, пікір - алмасу.
11 оқушы
Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әр - қашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер.
1 жүргізуші:
Ендігі, өсіп келе жатқан тәуелсіздік елдің болашақ жауынгерлеріне шақырушының тіркеу туралы күәліктерін тапсыруға рұқсат етіңіздер. /Вручение приписных свидетельств юношам - допризывникам/
12 оқушы
Қазақ жері - қонақ жай төрдің жері,
Қазақ елі - Қас сақтай ердің елі
Елі кедей болмаған - жері байтақ,
Елі ердей, Бабырдай шерлек елі.
Азат бүгін, байлыққа тұнған жерім
Азат бүгін, ел жоғын қуған ері.
Әділет пен билікке жанын қиып,
Әділ өткен билердің туған жері.

(Хормен бірге барлық қатысушылар <<Атамекен>> әнін орындауда.)
1 жүргізуші:
Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 23 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге сыр елінің көсегесін көтеруге атсалысып жүрген ауғандық ардагерлер жауынгерлерді қадірлеп - құрметтеу - біздің борышымыз дей отырып, келген қонақтарға алғысымызды айтамыз.

Құрметті қонақтар! Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен дидарласайық!

Ұқсас жұмыстар
Асарымда мектеп бар тәрбиенің ұйытқысы
Ер есімі - ел есінде сценарий
Балалардың амандасуы
Балалар мен әкелердің жауабын анықтау
Жеңіс келді әке боп, Елдегі көп балаға
Жеңіс келді қалама, Жеңіс келді далама
Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет
Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман..
Ауған соғысының ардагерлері
Ана - өмірдің гүлі
Пәндер