Лейкоциттер.Тромбоциттер.Қанның ұюы

Сулеймбекова Дурия Урнекбаевна

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы,

Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің

биология пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Лейкоциттер. Тромбоциттер. Қанның ұюы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Лейкоциттердің құрылысы, түрлері мен қызметтерінің ерекшеліктері,

И. И. Мечниковтың фагоцитоз теориясының мәнін айқындай отырып

тромбоциттердің қан ұюдағы ролі туралы негізгі түсініктер беру.

Міндеттері: - Лейкоцит құрылысының ерекшеліктері

  • Түйіршікті, түйіршіксіз лейкоциттер
  • Фагоцитоз процесінің маңызы
  • Тромбоциттер құрылысының ерекшеліктері
  • Қанның ұю процесі
  • Гемофилия ауруының себептері туралы білім беру

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін ұштап, белсенділігін арттырып, өз бетінше

ізденіп, әрекет жасауға дағдыландыра отырып білім-біліктілігін дамыту.

Тәрбиелілік: Санитарлық-гигиеналық тәрбие бере отырып, ғылыми танымға баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақ әдісі: « Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту жобасы»

негізінде және тірек-сызбалар арқылы.

Сабаққа қолданылатын құрал-жабдықтар: Электрондық оқулық, активстудио

флипчарттары, тірек сызбалыры, бейнебаян материалдары, қан.

Пән аралық байланыс: математика, химия, экология

Сабақтың барысы

І. Сыныпты ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Тақырыбы: Қанның құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер.

*Ой қозғау*

1. Қандай сұйықтықтар ағзаның ішкі ортасын құрайды?

2. Адам ағзасында қанның атқаратын қызметін түсіндір.

3. Қанның тасымалдау, температураны реттеу, қорғаныштық, гуморальдық қызметі?

Флипчарт № 2

*Сәйкестігін тап*

1. Эритроциттер В-Қанның пластинкалары 1- А

2. Гемоглобин С-Қанның түссіз жасушалары 2- Е

3. Лейкоциттер А- Қанның қызыл жасушалары 3- С

4. Карбоксогемоглобин Д-Оттекпен қаныққан гемоглобин 4 -Г

5. Тромбоциттер Е- Қанның қызыл түсті пигменті 5- В

6. Оксигемоглобин Г- Көмір қышқыл газына қаныққан 6- Д

Гемоглобин

*Тірек-сызба* Қанның құрамы Видео «Қанның құрамы»

Флипчарт № 1, 1- бет

Есептер шығару «Жұппен жұмыс»

Салмағы 62, 40, 85 кг болатын адамдардың ағзасында неше литр қан болатыны анықтау

-Қанның мөлшері дене салмағының 7-8% сай келеді, қанның меншікті салмағы 1, 06 г/см 3 -қа тең

1. 62 - 100%

Х = 7

62х7

Х= = 4, 34 х 1, 06 = 4, 600

100

Жауабы: 62 кг адам ағзасында 4 литр 600 мл қан болады

40 кг (8 сынып оқушысы) 2литр 968 мл (3 литр)

85 кг адам ағзасында 6 литр 307 мл қан болады

Флипчарт № 3

*Сандар сыры* Перде арқылы, квадратный прожектор

4, 5, -, 5 литр Ағзада болатын қан мөлшері

55 % Қан құрамындағы плазма мөлшері

90-92 % Плазма құрамындағы су мөлшері

45 % Қан құрамындағы қан жасушаларының мөлшері

7-8% Плазма құрамындағы нәруыз мөлшері

0, 12 % Плазма құрамындағы глюкоза мөлшері

0, 7-0, 8 % Плазма құрамындағы май мөлшері

0, 9 % Плазма құрамындағы минералды тұздар мөлшері

4, 5 % Альбуминдер мөлшері

1, 7-3, 5 % Глобулиндер мөлшері

0, 4 % Фибриногендер мөлшері

Видео «Эритроциттер» . . . көрсете отырып «Топтастыру » стратегиясы арқылы «Эритроциттерді » талдау

Эритроциттер:

1. Бұл-қанның қызыл түсті, ядросыз жасушалары

2. Пішіні:ортасы қысыңқы табақша тәрізді, жиегі қалың, ортасы жұқарған тиынға ұқсас

3. Диаметрі-7, 5 мкм, қалыңдығы-1-2 мкм

4. Құрамы: гемоглобин бар, ол қанның қызыл түсті пигменті, 100 мл қанда 15 г болады

5. Қандағы мөлшері: 1 мм 3 қанда-4, 5-5 млн

6. Түзіледі: сүйек кемігінде

7. Қызметі: газдарды тасымалдайды

8. Тіршілік ету ұзақтығы: 120-127 күн, 4 ай

9. Жойылады: бауыр мен көкбауырда

10. Анемия (қаназдық) - эритроциттер саны мен гемоглобин мөлшері кемуінен

Қаназдық ауруының алдын-алу үшін:

-құнарлы, дәрумені мол тағам, таза ауа, салауатты өмір салтын қалыптастыру қажет

Флипчарт Кітапханамен жұмыс

«Сөз төркіні». . Термин сөздермен жұмыс

1. Плазма-қан сарысуы, қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі

2. Альбуминдер-плазма құрамындағы нәруыздар, плазмадағы су мөлшерін реттейді

3. Фибриногендер- плазма құрамындағы нәруыз, қанның ұюына қатысады

4. Глобулиндер-плпзма құрамындағы нәруыз, бактериялардан қорғайды

5. Глюкоза-плазма құрамындағы көмірсу, жасуша үшін қуат көзі

Үй тапсырмасын қорыту «Ия», «Жоқ» конкурсы. Перде арқылы.

Р/с
Сұрақтар мазмұны
Ия +
Жоқ -
Р/с: 1.
Сұрақтар мазмұны: Ыдысқа құйылған қанның ең жоғарғы үстіңгі сарғыш мөлдірлеу қабаты плазма
Ия +: +
Жоқ -:
Р/с: 2.
Сұрақтар мазмұны: Қан тасымалдау қызметін атқарады
Ия +: +
Жоқ -:
Р/с: 3.
Сұрақтар мазмұны: Тромбоциттер қанның түссіз жасушалары
Ия +:
Жоқ -: -
Р/с: 4.
Сұрақтар мазмұны: Фибриноген нәруызы қанның ұюына қатысады
Ия +: +
Жоқ -:
Р/с: 5.
Сұрақтар мазмұны: Эритроциттер өздігінен қозғалады
Ия +:
Жоқ -: -
Р/с: 6.
Сұрақтар мазмұны: Эритроциттер оттекті ұлпалардан өкпеге жеткізеді
Ия +:
Жоқ -: -
Р/с: 7.
Сұрақтар мазмұны: Лейкоциттер қанның түссіз жасушалары
Ия +: +
Жоқ -:

Жаңа сабақ

Лейкоциттер:

1. Бұл-қанның түссіз жасушалары ядросы бар

2. Пішіні - амеба тәрізді, қозғалғыш жасушалары

3. Қандағы мөлшері- 1мм 3 қанда 4-9 мың

4. Түзіледі-сүйек кемігінде, лимфа түйінінде, айырша безде, көкбауырда

5. Қызметі-қорғаныштық (фагоцитоз), иммунитет .

Видео «Лейкоциттердің бактерияларды сіңіруі»

Видео «Фагоцитоз» - 2

6. Тіршілік ету ұзақтығы-5-9 тәулі, кейбірі бірнеше жылға дейін

7. Бұзылады-бауыр мен көкбауырда

8. Лейкоциттердің уақытша кюбеюі-лейкоцитоз, азаюы-лейкопения

9. Лейкоциттердің топтары:

А) Түйіршікті Б) Түйіршіксіз

- Нейтрофильдер-60-70 -Лимфоциттер-25-30

- Эозинофильдер-1-4 - Моноциттер -5-10

-Базофильдер-0, 5

«Оқушы ізденісі»

Гранулоциттер мен агранулоциттер

Тромбоциттер:

1. Бұл-қан пластинкалары

2. Пішіні: домалақ немесе сапақша, ядросыз

3. Қандағы мөлшері: 1 мм 3 қанда 250-400 мың

4. Диаметрі: 2-5 мкм

5. Түзіледі: сүйек кемігінде

6. Қызметі: қанды ұйытады Видео «Тромбоциттер қызметі»


Ұқсас жұмыстар
Ағзаның ішкі ортасы.Қанның құрамы. Плазма және формалы элементтер
Қан топтары
Негіздердің жіктелуі, алынуы, қасиеттері туралы ақпарат
Биология. 8-сынып. "қан жасушасы"
Ұлпа сұйықтығы
«адам физиологиясы» тақырыбындағы қолданбалы курстың бағдарламасы
Қан топтары қан құю тақырыбы
Қанның құрамы мен қасиеттері. 8-сынып
Қанның қызыл түсті жасушалары
Жүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалардың рөлі. Жүрек
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz