Аяулы ана асылым ертеңгілігі: 1-сыныпқа арналған сабақ-жоспар (Ақтам бастауыш мектебі, Шиелі ауданы, Қызылорда облысы)

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақтам бастауыш мектебінің 1-сыныбының Сынып жетекшісі: Бакирова Гүлжайна Әбілпатташқызы

Сабақтың мақсаты:

Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында білімге деген қызығушылығын артыру. Оқушылардың мәнерлеп оқу, сөйлеу мәнері, ән- би арқылы ой- өрісін дамыту, үлкенді құрметтеуге, ата- ананы сыйлауға, өнерді дәріптеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдары: ана туралы нақыл сөздер мен өлеңдер жазылған плакаттар, аналардың суреттері, т. б

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды сапқа тұрғызу.

Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.

Жаңа сабақ

8-наурыз адамдар да, тіпті табиғаттыңда өзі бұл күні біздің тамаша әйел аналарды даңққа бөлеп тұрғандай. Ия бұл мерекенің басқа жыл мезгілінде болуы қисынға келмейді. Себебі, көктем секілді, әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе?

Расул Ғамзатовтың мынадай сөзі бар: «Ана дегеніміз - әлемнің жан дүниесі, оның бастауы мен таусылмас жалғасы. Ол тіршілік, үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың нәрі. «Ана» сөзі бізді елең еткізбей, жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.

Сәуір- Наурыз егізі,

Бүгін оның сегізі.

Ең бақыт гүл ол адамның лебізі,

Анаға айтар лебізі.

Ең қымбат гүл, ең қымбат гүл,

Ол адамның лебізі.

Анасыз бір жоқ күнің,

Әжесіз жоқ бір күнің

Ұсынамыз біз бүгін,

Жырдың сұлу шоқ гүлін.

Ұсынамыз ұсынамыз

Жырдың сұлу шоқ гүлін- деп жырлай отырып.

Құрметті ақ жаулықты аналар мен әжелер, кер маралдай керілген әпкелер, қарындас, құрдастар, ұстаздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтаймыз және « Аяулы ана асылым» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз!

Сіздер білесіздерме біз бұл күнді неге осылай ерекше көңілмен қарсы аламыз?

Ия. Олай болса бұл күн 1908 жылдың 8 наурызында тұрмыстың ауыр жағдайына төзе алмаған Нью-Йорктың еңбекші әйелдері демонстрацияға шықты 1910 жылы Копенгагенде өткен әйелдердің ІІ Халық аралық конференциясы 8 наурызды « Жұмысшы әйелдер күні» деп белгілеп, оны жыл сайын атап өтілетін болған.

Осы себепті біздің балалардың аналарына дайындаған ертеңгілігін тамашалаңыздар.

Құрметті аналар, қыз- келіншектер және әжелер бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!

Хор: Құттықтаймын мама

Нұрын төккен маған

Шуғымсың -сен!

Айналайын мама,

Қуанышыңмен!

Шаттандырған мені,

Жұбанышым- сен!

Құттықтаймын сені,

Туған күніңмен!

Аялаған мені,

Ән қанатымен!

Құттықтаймын сені,

Салтанатыңмен!

Бақытты ғой заман

Қандай көңілді.

Мен тілеймін саған .

Ұзақ өмірді!

1- оқушы

Санатқа кіріп баласы,

Сүйседе өзі немере,

Әлі де сәби көре ме, -

Алаңдар қайран анасы.

Миллиондарға баласы

Ұстаз боп тәлім берсе де,

Ақылдан гауһар терсе де, -

Алаңдар асыл анасы.

Абырой алып баласы,

Әлемге билік етсе де,

Ай- күнге қолы жетсе де, -

Алаңдар туған анасы.

2- оқушы

Аялаған баптаған,

Асыраған сақтаған.

Сақтандырып күнде еппен,

Айтып бәрін үйреткен

Анамызға мың алғыс!

Ерлік еткен біз үшін,

Еңбек еткен біз үшін,

Еркелеткен біздерді,

Еркіндеткен біздерді

Әжемізге мың алғыс!

«Адал бол, - деп, - балдырған»,

Әділдікке баулыған

Жүрегінде махаббат,

Тілегінде марқабат

Апаларға мың алғыс

Ән: Айгөлек

3- оқушы

Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі.

Маған айтып береді.

Мен гүлдерді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын.

Айтқан сөзін тыңдаймын.

Анашымды сыйлаймын!

Сахыналық көрініс: « Ана жүрегі»орындайтындар: 3-сынып оқушылары

4- оқушы

Апам ыдыс жуады,

Мінезі оның биязы.

Ол барында тұрады

Жайнап үйдің жиһазы.

Желдеткішті ашады,

Мөлдір ауа кіргізіп.

Шұғыласын шашады,

Үйімізге күн күліп.

Би: Өзбек биі «Зэңг-Зэңг» орындайтын: Оразова Ақниет

5- оқушы

Апамызды сыйлайық

Үйдің ішін жинайық.

Бұрынғыдай егесіп,

Ерегісіп тұрмайық,

Қалмау үшін керісіп,

Кел алайық келісіп.

Атқарайық үйдегі

Жұмысты тең бөлісіп.

6- оқушы

Кел, самаурын қайнатып,

Дастарханды жайнатып,

Отырайық бөлмеде

Бөпемізді ойнатып.

Гүлдерді де суарып,

Еденді де жуайық.

Шаршап келген кезінде,

Қалсын апам қуанып.

Би: Француз жігіті. Орындайтындар: Бір топ 1-сынып жігіттері.

7- оқушы

Анам мені: «Айым»- дейді,

Мен мұңайсым, уайым жейді,

Анам мені: «Күнім» -дейді

Мен қуансам күлімдейді!

Әжем мені «Жаным «- дейді

Жан жүрегім балым дейді

«Сен үшін мен әлемдегі

Бар асылды алам» -дейді

8- оқушы

Еркелесем, күлімдейтін.

Ұрысқаны білінбейтін,

Маңдайымнан иіскеп менің,

«Құлыншағым күнім»- дейтін,

Әлемдегі ақылды адам-

Бәрінен сол жақын маған!

Ол жанымда жүрсе мен де

Батырларша батылданам.

Жамандықтан сақтандырып,

Жақсы ісімді мақтан қылып,

Мәпелеген ақ мамамды

Жүрсем деймін шаттандырып.

Қуырмаш биі.

Хор: Анашым.


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары: Біріккен сөздер - Ізтілеуова Светлана, №102 орта мектеп, Бірлік ауылы, Қазалы ауданы, Қызылорда облысы
Созақ ауданы Шолаққорған жалпы орта мектебінің бастауыш сынып ертеңгілігі - Ана: бақыт пен нұр
Әліппемен қоштасу: Тастыөзек орта мектебінің 1 А сынып оқушыларының мерекелік ертеңгілігі (Кербұлақ ауданы, Алматы облысы)
7-б сыныпқа арналған Оңтүстік Америка материгін қайталау сабағы: жоспар және қорытынды (Новобогат орта мектебі, Исатай ауданы, Атырау облысы, 03.02.2015)
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қарабекова Лаура Бибитовнаға арналған ұстаздарға құрмет көрсету кеші
4-сыныпқа арналған Асылым, анашым тақырыбындағы тәрбие сағаты сценарийі
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы №213 Қыркенсе орта мектебінің 2009 жылғы 25 мамыр Соңғы қоңырау салтанатының сценарийі
Математика сабағы: Үшбұрыштардың түрлері - сабақ жоспары (Ақжігіт орта мектебі, Маңғыстау ауданы, Маңғыстау облысы)
Қожабақы ауылы №25 орта мектеп оқушыларының есірткі, темекі және алкогольге қарсы шығармалары (Қазалы ауданы, Қызылорда облысы)
Қызылорда облысы Қазалы ауданы №249 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушылары арасындағы Білгір химик сайысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz