Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Денсаулық - өмір негізі

Өзін-өзі тану пәні
4-сынып
Әбдіғамит Ж.Қ.
<<№11 Қоскөл орта мектебі>> КММ-нің бастауыш сынып мқғалімі
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қоскөл селосы

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық - өмір негізі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың <<денсаулық>> құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
Дамытушылық: денсаулығын күту іскерліктерін дамыту;
Тәрбиелік: денсаулығын қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, маркер, қарындаш, альбом парағы, оқулық, дәптер.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дене шынықтыру, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
І. Шаттық шеңбері.
Оқушылар шеңбер құрып достарымен сәлемдеседі. Әр оқушы өзі туралы өзінің атының бірінші әріпнен басталатын жақсы қасиетін айтып шығады.
Жұмбақ шешу.
Оны күткен адамдар,
Ұзақ өмір сүреді.
Қадірін білген жарандар:
Байлық - осы деседі.
Шешуі: Денсаулық
Оқушыларды <<Спорт>> <<Тазалық>> <<Тамақтану>> атты үш топқа бөлу.
ІІ. Оқулықпен жұмыс.
<<Аппақ бала>> Ә. Табылдиев
Жаттығу.
Оқушылардың әңгімені қаншалықты түсінгендігін тексеру мақсатында тапсырма орындайды. Әр топқа екі тапсырмадан беріледі.
<<Спорт>> тобына.
1. Егер біз ерте тұрмасақ, онда ..............................................................................
Сол үшін ерте тұру керек.
2. Егер орта тазалығын сақтамасақ, онда ..............................................................
Сол үшін ортаны таза ұстау керек.
<<Тазалық>> тобына.
1. Егер жер - ананы аяламасақ, онда ......................................................................
Сол үшін жерді кұтіп, баптау керек.
2. Егер денемізді шынықтырмасақ, онда................................................................
Сол үшін денемізді шынықтыру керек.
<<Тамақтану>> тобына.
1.Егер біз тазалық сақтамасақ, онда .......................................................................
Сол үшін таза жүру керек.
2. Егер біз дұрыс тамақтанбасақ, онда....................................................................
Сол үшін дұрыс тамақтану керек.
ІІІ. Шығармашылық жұмыс.
<<Денсаулық>> Е.Өтетілеуов
Өлеңнің желісі бойынша сурет салу.

<<Спорт>> тобына
Балақай!
Болсаң да әлі қаршадай:
Ойнау үшін шаршамай,
Оқу үшін мектепте,
Ашу үшін тәбет те,
Құру үшін сен сауық,
Керек жақсы денсаулық.
<<Тазалық>> тобына
Денсаулық ол шыныққан
Барлық дене мүшесі.
Денсаулық - ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық - ол күлуің,
Көңіл күйің жадырай.
Денсаулық - ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
<<Тамақтану>> тобына
<<Басты байлық - денсаулық>>
Бабаң айтқан даналық.
Сақта жолын сен тауып,
Осы шақтан балалық.
Болар барлық мүшең сау,
Жүрсе жылдар бойында,
Баяндалған осынау,
Ережелер ойыңда.

VІ. Жағдаяттарды шешу.
1-жағдаят.
Арман мен Жандос кеше сабақтан кейін <<Денсаулық>> жайлы ой бөлісті. Арман анасынан естіген әңгімесі бойынша <<денсаулықты сатып алуға болады>> деді. Ал Жандос бұл ойға келіспеді. Ол <<денсаулықты ақшаға сатып ала алмаймыз>> деді.
Сендер не айтқан болар едіңдер?
2-жағдаят.
Самат таңертен сабаққа асығыс тамақтанып шықты. Анасы баласының бұл ісінен кейін <<Денсаулығыңды бұзасың ғой. Отырып, дұрыс тамақ ішсең қайтер еді?>> деді. Самат анасына <<Тамақтанбаудың денсаулыққа әсері қанша?>> деп жүре тыңдады.
Саматтың айтқаны дұрыс па? Сендер қалай тамақтанасыңдар?
3-жағдаят.
Асылан енді өз денсаулығын бақылауға алып, күтім жасау керектігін ойланды. Бірақ ол неден бастарын білмей, дал болды. Ойлана келіп, өзінің күн кестесін құрудан бастауды жөн көрді. Уақытты дұрыс және пайдалы өткізудің де денсаулыққа қатысы бар деп шешті.
Асланың ойы дұрыс па?
VII. Сергіту сәті
<<Ыстық картоп>> ойыны. Мақал айта алмай допты көп ұстаған ойыншы ойыннан шығады. Ойын соңында ең коп мақал айтқан оқушы жеңіске жетеді.
VIII. Дәйексөз
<<Күн тәртібі мен еңбек - денсаулық кепілі>> халық даналығы.
ІХ. Дәптермен жұмыс
Әр топ бірігіп күн тәртібін құрады.
Х. Жүректен жүрекке.
Шеңбер құрып денсаулыққа байланысты тіліктер айтып, бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. <<Толағай>> әнін орындайды.

Ұқсас жұмыстар
Салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері
Бірінші байлық-....
«ТОЛАҒАЙ» (отбасылар сайысы)
Денсаулық әліппесі. 1 сынып
Денсаулық байлықтан қымбат
Салауаттылық - өмір негізі. 9 сынып
Салауатты өмір салтын сақтаймыз! 9-сынып
Денің сау болса, жарлымын деме. тәрбие сағаты
Денені шынықтыру
Дене шынықтыру
Пәндер