Реттік сандар туралы өткенді пысықтау. Үлгі бойынша санау, заттың саны мен цифр арасындағы сәйкестікті табу

Білім беру саласы
«Таным», «Қатынас»
Білім беру саласы: Бөлімі
«Таным», «Қатынас»: ҚМТҚ
Білім беру саласы: Тобы
«Таным», «Қатынас»: +4
Білім беру саласы: Тақырыбы:
«Таным», «Қатынас»: Реттік сандар туралы өткенді пысықтау. Үлгі бойынша санау, заттың саны мен цифр арасындағы сәйкестікті табу. Солға, оңға. Оқиғаның ізбе-ізділігін анықтау.
Білім беру саласы: А) ақпатараттық құзіреттілік
«Таным», «Қатынас»:

Реттік санау қабілетін нығайту (5 саны көлемінде) ; сандық және реттік санауды ажырта білуге үйрету;

«қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйрету;

Білім беру саласы: Ә) коммуникативтік құзіреттілік
«Таным», «Қатынас»: заттың санын цифрмен сәйкестендіруді үйрету; заттың санын цифрмен сәйкестендіруді үйрету; «солға», «оңға» ұғымдарын ажырата білуді үйрету; оқиғаның ретін анықтауға үйрету.
Білім беру саласы: Б) проблема шешу құзіреттілігі
«Таным», «Қатынас»: Балалар өз беттерінше реттік сандар қатысты тапсырмаларды орындай алады.
Білім беру саласы: Ұйымдастырылғын оқу іс-әрекеттің түрі
«Таным», «Қатынас»:
Білім беру саласы: Пәнаралық байланыс
«Таным», «Қатынас»:
Білім беру саласы: Ұйымдастырылғын оқу іс-әрекетінде қолданылатын технологиялар
«Таным», «Қатынас»: Дамыта оқыту, топтық жұмыс.
Білім беру саласы: Әдіс-тәсілдер
«Таным», «Қатынас»: Сұрақ-жауап, демонстрациялық материал, түсіндіру.
Білім беру саласы: Оқыту құралдары:
«Таным», «Қатынас»:
Білім беру саласы: Үлестірмелі материал:
«Таным», «Қатынас»: Әр балаға 1-ден 5-ке дейінгі сандарды үлестіріп беру.

Құзіреттілікке жеткізетін - Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсат міндеттері:

Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Іс-әрекет кезеңдері: Мотивациялық қозғаушы бөлімі
Тәрбиешінің әрекеті:

Арайлап таң атты,

Алтын сәулет таратты.

Қайырлы күн, қайырлы күн!

Қайырлы күн, балалар!

Балалардың іс-әрекеті:

Барлығы бірге қайталайды:

Арайлап таң атты,

Алтын сәулет таратты.

Қайырлы күн, қайырлы күн!

Қайырлы күн, балалар!

Іс-әрекет кезеңдері: Іздену ұйымдастырушы бөлімі
Тәрбиешінің әрекеті:

Қане бәріміз біргі санайықшы.

1-тапсырма.

-Балалар, мына менің алдымда тұрған ойыншықтардың қандай ретпен орналастырылғанын айтып беріңдерші.

Сандық және реттік санаудың бір-бірінен айырмашылығы барын балалардың естеріне саламын. Оған көз жеткізу үшін тапсырманы дәптерге орындауды тапсырамын.

-Үшінші орында қандай ойыншық тұр?

-Қоян нешінші тұр?

-Аю нешінші тұр?

-Қайсысы ойыншық бесінші орында?

-Ал маймыл нешінші орында орналасқан?

Өткенді бекіту үшін екінші және төртінші ойыншықты бояуға тапсырма беремін.

1-тапсырма.

Екі баланы тақтаға шығарып, біріне машиналарды, екіншісіне пирамидаларды санауды ұсынамын.

Заттарды санп болған соң, бала сол заттың санына сәйкес келетін цифрды алуы тиіс. Содан соң балалар өз цифрларын топқа көрсетеді. Ал топтағы балалар кімнің нені санағанын табуы тиіс.

Бұл жаттығуды бірнеше рет өткізіп, оған сыныптағы балаларды түгел қатыстыруға болады.

-Марат нені санады, Айгүл нені санады?

Нақтылайды:

-Сендерге балалардың қолындағы цифрлар көмектесе алады?

- Жұмыс дәптеріндегі балалар мен заттарды сызық арқылы қосыңдар. 3-сурет

Алманың бір рет, екі рет тістелгенін, т. б суретін көрсету.

-Балалар, алма бастапқыда қандай болып еді, кейін қандай болды?

Балаларға алмада болған өзгерістерді (бастапқыда қандай, кейін қандай болғанын) бағыт сызықтары арқылы көрсетуді тапсырамын.

4-тапсырма.

-Оңға қарай жүзіп бара жатқан балықтарды қызыл қарындашпен, солға қарай бар жатқандарын сарымен бояңдар.

Сұрақ қоямын:

-Неше балық оңға жүзіп бара жатыр?

-Неше балық солға жүзіп бара жатыр?

-Балалар, тапсырманы тез орындасаңдар, оң жақтағы мысықтың үстіне сұр, ал сол жақтағы мысықтың үстіне сары дақтар салыңдар.

Балалардың іс-әрекеті:

Балалар ойыншықтарды атап береді.

Түлкі үшінші тұр.

Қоян төртінші тұр.

Екінші.

Бақа.

Бірінші.

Балалар жұмыс дәптерлеріндегі аю мен қоянды бояйды.

Екі бала заттарды санайды және тиісті цифрды алып, топтағы балаларға көрсетеді.

Айгүл камзолды, Марат тақияларды санады. Балалар дәптермен жұмыс істейді.

Сұрақтарға жауап береді.

Тапсырманы дәптерге орындайды.

Екі

Екі

Іс-әрекет кезеңдері: Рефлексивті коррекциялаушы бөлім
Тәрбиешінің әрекеті:

Сабақты қорытамын:

  • Бірінші тапсырмада неше ойыншықты боядыңдар?
  • Кім камзолды санады?
  • Оңға жүзіп бара жатқан балықтардың түсі қандай?

Балаларды мадақтаймын.

Балалардың іс-әрекеті:

-Төрт ойыншықты боядық

-Айгүл

-Сары

Күтілетін нәтиже:

1. Баланың білуі: 1-ден 5-ке дейінгі цифрларды; «солға», «оңға» бағыттырын;

2. Баланың игеруі: сандық және реттік санауды бір-бірінен ажыратуды, «қанша?», «нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беруді, оқиғаның ретін анықтауды;

3. Баланың меңгеруі: реттік санау дағдысын (5 саны көлемінде) ; реттік сандар туралы білімді.


Ұқсас жұмыстар
10 саны мен цифры
Мәндері бойынша санды өрнектерді салыстыру
Цифр мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу. Сол жақта, оң жақта
Санау жүйелерін қайталау
Екі таңбалы сандар
"Математика"
Сандарды қосу және азайту
Орта мерзімді жоспар, математика. 1 сынып
Екі таңбалы сан
Сөйлемдер білдіретін сөздерді сөйлемнен табу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz