Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Білім сапасын бағалау жүйесіндегі жаңа түрлері

Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
Қарағаш ауылы
<<Қарағаш орта мектебі>>КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Қажибаева Тазагүл Сартаевна
Тақырыбы:Білім сапасын бағалау жүйесіндегі жаңа түрлері.
Мақсаты: Бағалау әрекетін ұйымдастыру проблемаларын
пайымдап,оқуды бағалаудан оқу үшін бағалауға
көшудің тиімділігін айқындау.

Психологиялық ахуал:Әр елдің амандасу дәстүрі.
Кіріспе:
Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық түрлендірулер адамзаттың барлық салаларына елеулі өзгерістер еңгізді .Әсіресе бұл білім саласына айтарлықтай ықпал етті.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ халқына жолдаған жолдауында білім мәселесіне нақты тоқталып ,алдымықға
міндеттер қойды.Дамыған мемлекеттердің қатарынан көрінуіміз керегін айтты.
Негізгі бөлім:

Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістігін бағалау-оқу үдесінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады.Сол себептен ,зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып , оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі .Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау,бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдесінің белсенді қатысушысы бола алады.Өйткені ,дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды.Сонда оқушылар қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады, күмәнмен қарайды.Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлерге көңіл бөлу керегін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады.Біріншіден ,оқушының қызығушылығы артады, екіншіден , мұғалімнің жұмысы да жеңілдеуі мүмкін .
Бағалау-оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатың тәсіл ,оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фақтор .Бағалау ,көбінесе ,баға қоюдың синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ ,мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға коюмен ғана шектелетін тәсіл емес,
ол материалды меңгеру ,меғгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құамды бөлігі болып табылады.

Мұғалімнің оқушыларды бағалауы -- ол оның білімін топтау, белгілі бір шаблонмен салыстыру. Мұғалімнің іс-әрекеттеріне қарай, шеберлігіне қарай оқушыларды бағалауда бірнеше әдістерін қолдана алады: жеке, жұптық, топтық, жиынтық, қателер талдауын, салыстырмалы түрде, өздерін-өздері, кері байланыс, т.б. Оқушының мұғалімге деген сенімі артады, көзқарасы өзгереді. Қазіргі кезде оқытудың көптеген жаңа технологиялары жайлы айтылып, бұқаралық ақпараттар құралдар арқылы да жарияланып келеді. Бұған көптеген материалдар бар. Оқуды бағалау тақырыбы өте күрделі және мұғалімнің оқушыға қоятын бағасы өте тиянақты, әділ, маңыздылық пен дәлелділік, жариялылық пен қарапайымдылықпен сипатталатын болса, оқушылардың да оқуға деген ынтасы артуына, қандай да бір мақсатқа жетуіне ықпал етеді деп есептейміз. Оқушылар тапсырманы шығармашылықпен, ізденіспен орындаса, тақырып мазмұнын суреттеп берсе, ол жұмыс жоғары бағаланатынын біледі. Кез келген іс-әрекетте өзінің қиындықтары болады. Жаңа бағдарламамен жұмыс істеген мұғалімдердің де өздеріне лайықты жетістіктері мен кедергілерге кездесетіні болады.
Бағалаудың екі түрі бар: формативті (оқыту үшін бағалау) және суммативті (оқуды бағалау).

Формативті бағалау оқушылардың қай кезеңде, қай бағытта екенін анықтау және одан да зор жетістікке қалай жету керектігін жоспарлау үшін қолданылады.
Суммативті оқыту, керісінше, оқушылардың осы кезеңге дейін оқығанын қосып бағалау>>

Бағалау жүйесінің обьективтілігіне диагностикалық маңыздылығына көңіл бөлінуі қажет.
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдердің жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артынан объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.
Бағалау─ ол білімнің нәтижесі болып есептеледі. Оқушылардың сабаққа даярлығының, қабілеттінің көрінісі бағамен есептеді. Кейде оқушылар және мұғалімдер арасында "баға үшін оқисың ба" деген сияқты сөздерді естеп қаламын. Бұл дұрыс түсінік емес, баға ол білімнің, жұмыстың нәтижесінің көрінісі, алған білімінің дәрежесін көрсетеді.
Көптеген мектептерде төрт баллдық жүйеге негізделген бағалаудың дәстүрлі жүйесі сақталып келеді: 2 (<<қанағаттанарлықсыз>>),
3 (<<қанағаттанарлық>>), 4 (<<жақсы>>) 5 (<<өте жақсы>>). Теория жүзінде 1 (бірлік) баллы бар болғанымен, тәжірибе жүзінде тіпті қолданылмайды. Баға әр уақытта субъективті. Бағалаудың бұл түрі мұғалімнің толық билігіндегі құралы болып табылып, білім беруде авторитарлық әдіс қолданылады. Осыған орай, мұғалім талассыз бедел мен ақиқат иесі болып табылмақ. Алайда бұл іс жүзінде шындыққа сай келе бермейді. Бес баллдық бағалау шкаласы басқа да таза нормативтік бағалау құралы сияқты дәлдігі жетіспейтін құрал ретінде ұсынылатындығы күмән туғызбайды
Жоғарыда аталған кемшіліктерді болдыртпау үшін, бүгінгі күнде халықаралық деңгейде бағалаудың жаңа түрлері анықталды.Негізінен бағалаудың екі түрі көрсетілген: оқыту үшін бағалау (формативті) және оқу үшін бағалау (жиынтық).
Тағы бағалаудың ішкі, сыртқы және мұғалімнің бағалауы сияқты түрлері кең тараған.
Оқыту үшін бағалау ─ бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі Бұл бағалау түрін пайдалану осы курстың мақсаты.Оқыту үшін бағалауда оқушылар өздерін-өздері, сыныптастар бір-бірін, критериялі бағалау арқылы жүргізіледі.Өзін-өзі бағалау нәтижесін мұғалім бақылау арқылы жиынтық баға ретінде оқу журналына баға қояды. Оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Ал оқыту үшін бағалау оқушыларға қорытынды, немесе формативті бағалау нәтижесінде жиынтық бағаны қояды.

Сонымен қатар мұғалім оқушыға баға қойған кезде, ол бағаны не үшін қойғанын, жауабының қаншалықты дәрежеде болғандығын ашық айтып кету керек, себебі сабақтан кейін оқушына қойылған бағаға күмән пайда болуы мүмкін. Ал бағаға талдау жасалғаннан кейін оқушы, не үшін осы бағаны алғандығын түсінетін болады және әр түрлі көзқарастар пайда болмайды.
Оқушылар өзінің білім алуы үшін өзіне жауапкершілік алуы тиіс, себебі басқа ешкім де олар үшін оны істемейді. Яғни, осылайша оқушылар оқытуды бағалау үдерісіне тартылуы қажет. Бұл мәнмәтінде үздіксіз дамуға ықпал ету, оқыту үдерісін сезіну және оқушылардың оларды басқару қабілеттілігі ерекше маңыздылыққа ие болады. Осы ойды негізге ала отырып, сабақ үрдісінде әр қадам, әр іс-әрекетте формативті бағалаудың жүргізілуі маңызды.Сабақ барысында қолданылған формативті бағалау түрлері мұғалімдердің өзгеруіне, өзіне деген сенімді болуына, бағалау жүйесіне деген ұстанымы мен көзқарасының оң шешімін тапқандай болды. Сондай мұғалімдерден білім алған әр-бір жеткіншектен қоғам құрылады.

Ұқсас жұмыстар
Озат педагогикалық тәжірибе мен инновация
Студенттердің ғылыми шығармашылық жұмыстарының түрлері
<<технология пәнінен жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері.>>
Алған білімді жүйелеу
Сынып деңгейі
Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану
Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі
Білім сапасын арттыру жолдары
Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын ақпараттық технологияның көмегімен арттыру
Оқытудың ақпараттық технологиясы
Пәндер