Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сәкен Гұмаров - суретші, театр қайраткері, журналист, режиссер

Сабақтың тақырыбы:
<<Сәкен Гұмаров - суретші, театр қайраткері, журналист,
режиссер>>.
Сабақтың білімділік мақсаты: Туған жеріміздің атақты суретшісі
Сәкен Гұмаровтың өмірбаяны, өнер
және шығармашылық жолы туралы
мәлімет беру, таныстыру.Әлемдегі
атақты суретшілермен қатар қойып,
шеберлігін көрсету. Септеулік
шылауларды қайталау.
Оқушыларды мәтінмен өз бетінше
жұмыс жасауға, сұрақ қойып, монолог
түрінде әңгімелеуге жаттықтыру.
тәрбиелік: Суретшінің өнегелі өмірін үлгі етіп, оқушылардың адамгершілік
қасиеттерін, өмірге деген сүйіспеншілік, құштарлық сезімдерін
оятып, өз елінің патриоты болып, Отанды сүюге тәрбиелеу.
дамытушылық: Дүниетанымы мен өрісін кеңейту, сұрақтар және тапсырмалар
беру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сөйлем талдауға
дағдыландыру.
Көрнекі құралдар: Слайдтар, портрет, кітаптар, схемалар, карточкалар.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ, саяхат
Әдістері: Сұрақ- жауап, диалог, топ жұмысы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларға сұрақ қою
* Біз Қазақстанның қай облысында тұрамыз?
* Батыс Қазақстан облысының орталығы қай қала?
* Орал қаласы қашан құрылды?
* Орал қаласы қай өзеннің жағасында орналасқан?
Дұрыс, біз Орал қаласында тұрамыз. Біздің қала 1613 жылы құрылған. Біздің қаламызға 396 жыл.
Қазір қаламыз әдемі, таза. Көптеген ғимараттар салынды. Ежелгі қаладағы ғимараттар қалай өзгергенін салыстырып, тамашалаймыз.
Ежелгі қала. Жаңа қала.

Жағаңда тұрмын, Жайығым,
Кесермін, сенен бас танса
Туған жер қандай жай ұғым,
Отан да содан басталса? Ж. Молдағалиев.
Бүгін біз қаламыздың жаңадан ашылған орындарға саяхат жасаймыз.
Біздің қаламыздың орталығында, бесқабатты үйлердің арасында әдемі үйшік бар.

Бұл мұражай. Кімнің мұражайы екенін білесіңдер ме?
Қазір сұрақ- жауап арқылы сөзжұмбақ шешіп, анықтайық.
Әр салада өз іс-өнерінің шеберлері бар. Кім айтады?
* Сурет салушы адам? С уретші
* Ән айтатын адам? Ә нші
* Күй шығарып, орындайтын адам? К үйші
* Егін егіп, оратын адам? Е гінші
* Нан пісіретін адам? Н аубайшы

* Ғарышқа ұшатын адам Ғ арышкер
* Ұшақ жүргізуші адам? Ұ шқыш
* Балаларға білім беретін адам? М ұғалім
* Өлең шығаратын адам? А қын
* Кино түсіруді ұйымдастырушы адам? Р ежиссер
* Түрлі бұйымдар ойып жасаушы адам?О юшы
* Доппен ойнайтын спортшы В олейболшы
Кімнің мұражайы?

Сәкен Ғұмаровтың
Сәкен Ғұмаров кім?
Сәкен Ғұмаров - суретші, театр қайраткері, ақын, режиссер.
Мұғалімнің сөзі:
Бір басқа қара бұлттай төнгенде азап,
өнердің құлы болып өлген қазақ
Сағымдай бұлдыраған дүниені
Суретші көзіменен көрген ғажап
Кім табар бақты, сірә, бұл ғаламнан,
Көміліп құмыра-өмір құмда қалған
Көңілді ой толқытып, шабыт түртсе,
Тіріліп қайта туар қылқаламнан.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: <<Сәкен Ғұмаров - суретші, театр қайраткері, ақын, режиссер>>
Грамматикалық тақырып: <<Шылыу сөздер.Септеулік шылауды қайталау>>
II Жаңа сабақ. Мұғалім суретші туралы мәлімет берді.
Ғұмаров Сәкен Нажімединұлы 1937 жылы Батыс Қазақстан облысының Бөкей Орда ауданында дүниеге келген. Бұл киелі жер атақты күйшілер Құрманғазы, Дәулеткерей, Мұхиттің Отаны. Бала кезінен өнерге жақын болып, музыка, театр, бимен шұғылданған. Сәкен кішкентайынан немере ағасы, Қ.Р. еңбек сіңірген өнер қайраткері Ғұмаров Мұхаметжан жетекшілік еткен Жалпақтал халық театрының сахнасына шығып, рөлдер ойнаған.
1957-1958 ж Орал қаласындағы Батыс Қазақстан облыстық орыс драма театрында актер болып қызмет еткен.
1962-1963ж Москвада Луначарский атындағы Мемлекеттік театр және өнер институтында, 1964-65 ж Ленинградта музыка, театр, кинематография институтында оқыған.
Орал қаласында жаңа ашылған облыстық телеарнаның бас режиссері болған. Бірақ , ол өзінің басты мақсаты сурет салу деп есептеген.
Ол 40 жылын сурет салуға арнаған. Сәкен Ғұмаровтың 400 жүзден астам картиналары бар. Сәкен есімі ең алдымен шет елдерге кеңінен танылды. Суретшінің Ресейде, Украинада, Балтық елдерінде, Еуропа, Азия, Америка,Турция елдерінде көрмелері өтті.1993 жылы Алматыда бірнеше көрмесі табыспен өтіп, ол Қазақстан Республикасының суретшілер Одағына мүше болып қабылданды. Оның ешкімге ұқсамайтын суреттері көпшілікті қайран қалдырады. Суретшінің <<Періштелер, рухтар, елестер>>, <<Құстар>>, <<Түркі көнелігі>>, <<Ғарыш жылдамдығы>> атты туындылары бар.
Сәкен Ғұмаров- суретші, актер, режиссер, ақын. Оның өлеңдерінде биік парасат, терең ой жататын.
Сәкен Ғұмаров артында мол мұра қалдырды. 27 ақпанда 1995 жылы қаламызда Сәкен Ғұмаровтың мұражайы ашылды.
Оқушылардың толықтыруы.
1 оқушы:
Орал қаласында Сәкен Ғұмаров суреттерінің алғашқы көрмелерінің бірі Батыс Қазақстан облыстық тарихи- өлкетану мұражайында ұйымдастырылды. Мұражай өзінің қорына суретшінің 20-дан астам суреттерін сатып алды. 1995 жылы суретшінің шеберханасы ашылды. Кейін бұл ғимарат Сакен Гумаровтың мұражайына айналды. Мұнда суретшінің картиналары, жеке заттары,фотосуреттері, құжаттары көрініске қойылған.
Суретшінің туындылары өмірге деген сүйіспеншілікке,мейірімділікке үйретеді. Оның суреттері - дүниенің тұтастығын түсінудің кілті.
2 оқушы:
На улице Дмитриева 120 города Уральска стоит небольшой красивый домик, выделяющийся среди унылых однообразных пятиэтажек. Это музей известного художника Сакена Гумарова, слава которого перешагнула границы не только Западного, но и всего Казахстана. Картины художника находятся в частных коллекциях в США, Англии, Франции, Венгрии и в других странах. Музей художника открыт в 1995 году.Музей Сакена Гумарова верно служит людям, открывая дорогу в мир гармонии и красоты, светлой радости и доброты. Дает ключ к пониманию цельного единства мира.
Мұғалім:
Сәкен Ғұмаровтың отбасы бар жұбайы Гүлсара Валиқызы, ұлы Тұранбек.
Отбасымен ең бірінші шеберхана, соңынан мұражайға айналған, суретшінің арман ойлары қылқалам арқылы сиқырлы әлемге түсіп кеткендей әр адамды сезіндіреді.

Сәкен Ғұмаровтың мұражайында атақты адамдар көрме тамашалаған.
Біздің елбасымыз Н.Ә. Назарбаев, Венгрия елінің елшісі Ежив Торма, суретші Өтемісов, парламент депутаты В. Киянский. /слайд көрсету/

Сәкен Ғұмаров отбасымен Мәскеу қаласында көрме ұйымдастырды. Суретші тірісінде көрмелері бесеуі Алматыда, үшеуі Мәскеуде, төртеуі Оралда және Ялта, Сочи, Киев, Челябинск, Вильнюс қалаларында өткізілді. Көптеген адамдар сурет құдыреттілігіне таң қалып, жоғары баға берді.
* <<Сиқырлы бір әлемге түсіп кеткендей сезіндім>>,
* <<Сіздің суреттеріңіз арқылы ем алуға болады, әрбір бояу түсінің өзі емдейді сіз нағыз шеберсіз>> деген тілектер білдірді.
Өзі туралы суретші былай дейді: <<Матерь мира повелела
оседлать мне три кита
Чувство меры,
Чувство цвета,
Чувство ритма -
Красота!>>
Долгое время его не понимали. Его живопись прозрачна, работы экспрессивны, но в тоже время филосовски мудры.
В поизведениях живет вековая память предшествующей жизни, таящая в недрах восточных культур. Картины несут свет мудрости, свет надежды, заставляют глубоко задуматься о назначении человека.
Тончайшее чувство света, духовная радость. Многогранно влияние картин художника на чувства тех, кто их видит. Живопись Сәкен Ғұмарова несет в себе огромный заряд оптимизма и дает ключ к познанию и пониманию цельного единства мира.
От выставки к выставке растет число поклонников, которые тепло отзываются о художнике и работах художника. <<В нашем городе так мало тепла,
В наших людях так мало добра,
В наших сердцах боль
от всего, что вокруг творится.
Но вот пришел один человек,
Развесил картины на белой стене,
Мы смотрим на них и не можем понять,
Что в наших душах сейчас случится.
Сәкен Ғұмаров создал циклы: <<Тюркские древности>>, <<Бестиарий>>, <<Ожидание>>, <<Головы и фигуры>>, <<Творения>>, <<Небесная музыка>>, <<Астральное>>, <<Аруахи>> есть пейзажи, портреты, сюжеты, которые излучают энергию его сердца, согревая и воспитывая грядущие поколения зрителей.

Енді суреттер көрмесіне барайық.
III Суреттер көрмесі /слайд көрсету/

Сәкен Ғұмаров мечтал о том времени, когда большинство людей на Земле будут иметь абсолютное знание о Вселенной, о своем будущем, не будут подавляться чрезмерным физическим разумом и переразвитым физическим телом. Обителью людей будет астральный мир, возможности которого в сравнении с физическим миром беспредельны. Все это он выражает в картинах.

Жеріміздің, ғаламшарымыздың кереметтерін сурет арқылы көрсетумен қатар Сәкен Ғұмаров сезімдерін өлеңдерінде жеткізеді. Сәкен Ғұмаров ақын, ол өлеңдерін орыс тілде жазады.
3 оқушы: Всю красоту Вселенной, чувства выражает он чудесными словами:

Унесите меня на
Каравелле,
На старинной, тихой
Каравелле,
Быть может в киле,
А хотите - в пене.
И бросьте в далеком
далече.
В кабриолете
других столетий,
В лавине снежной,
студеной ваты,
В одышке своры
Запыхавшихся псов.
В бездыханной груде
Обледенелых листьев
Унесите осторожно
В поцелуях нежных
В груди вздымающейся
В жилке синей,
в коврах ладоней
в улыбках лилий.

4 оқушы:
<<Свет луны у изголовья,
И на твоем лице
Перекати- поле,
Который катится,катится, катится
Цвет, создающий тайну,
И, свет раскрывающий ее,
Все это струится, струится, струится.
Ярость глаз, выхваченных из тьмы,
И руки, надломленные в ярости.
Все это светится, светится, светится.
IV. Сонымен Сәкен Ғұмаров - суретші, ақын екенін таныдық. Алған мәліметті еске сақтайық.
Мәтінмен жұмыс. (Оқушылар алдында мәтін, 2 оқушы оқиды, қалғандарымыз жаңа сөздерді қарындашпен түртіп аламыз.)
Қандай сөздер түртіп алдыңыз?
Сөздік жұмысы:
көрме - выставка
шұғылданған - увлекался, занимался
табыспен - успешно
өнер қайраткері - деятель искусства
суретшілер Одағы - Союз художников
қайран қалдырады - удивляют
ұқсамайтын - не похожие
туындылары - произведения
парасат - здравый смысл, рассудительность
тұтастығын- целостность
Мәтінді аудару. Әр сөйлемді бір- бірінің артынан оқып аударамыз.
Түсінгенімізді сұрақтар арқылы айту.

Топтық жұмыс
Сөздерді пысықтап, бекітейік.
* 1 топ. Суретші, ақын, мұражай сөздерін септейміз.
* 2 топ. Шылаулармен сөйлемдер құрастыру: - туралы, дейін, соң, үшін, қатар, бірге.
* 3 топ. Сызба толыктыру.
* 4топ. Мәтінге сұрақтар құрастыру.
Жұмыстарды тексеру, бағалау.

V. Сурет салу, өлең жазу бұл өнер. Ал өнер туралы қандай мақал- мәтелдер білесіңдер?
Оқушылар жауабы Өнер туралы мақалдар
1. Жігіт адамға жетпіс өнер де аз. 4. Өнерліге өлім жоқ
2. Ата өнері - балаға мұра. 5. Қол өнері - кілемде
3. Шеберлікке шек жоқ. 6. Сөз өнері - өлеңде.

VI. Оқушылардың дүниетанымы мен ой- өрісін кеңейту.
Мұғалімнің сөзі:
Сәкен Ғұмаров дарынды суретші, көптеген суреттері Америка, Франция, Италиядағы коллекционерлердің жеке коллекцияларында. Шет елдерде суретшінің өнері жоғары бағаланған. Сәкен Ғұмаровтың есімін дуние жүзіндегі атақты суретшілер Пабло Пикассо, Марк Шагал, Пауль Клее есімдерімен қатар қоюға болады. Мысалы <<Стервятники над Капустиным Яром>> деген суреттегі көрініс, Пабло Пикассоның <<Герника>> туындысымен жақын. Екеуі де қайғыны, халыққа көрсеткен зұлымдықты қылқаламмен қағазға түсіреді.
5 оқушы
Пабло Пикассо Испан суретшісі 1881 жылы туған.
Гражданская война в Испании. Нацистская авиация разбомбила и сравняла с Землей город Гернику. Никто из его жителей не выжил. Потрясенный Пикассо написал картину, посвященную этому событию. Весь протест негодования, отражение насилия он выразил в пространстве высотой 3,5 м и 8м в длину.

6 оқушы
Марк Шагал родился в Витебске 1887г в 1910 году уезжает во Францию, но себя считает <<русским художником>> В его картинах присутствуют массивные букеты, парящие влюбленные в облаках, библейские пророки, мифические животные, скрипачи на крыше, что стало знаковым этапом в развитии мирового искусства. /слайдтар көрсету/

7 оқушы
Пауль Клее- Швейцарский художник, родился 1879 году экспрессионизм, абстрактное искусство. Клее так же, как и Пабло Пикассо, Сакен Гумаров в своих произведениях показывают вечное движение, неразрывную связь Вселенной, природы, человека.

Мұғалімнің сөзі:
Осындай адам біздің қаламызда, қасымызда өмір сүріп, көптеген адамдардың бойынан Отанға, қоршаған ортаға адамгершілік, дүниеге сүйіспеншілік қасиеттерін оятқан.
VII. Енді Сәкен Ғұмаровтың мұражайына қалай баруға болады, соны диалог арқылы іске асырайық.
Диалог. (Екі оқушының сөйлесуі)
- Сен Сәкен Ғұмаровтың мұражайын білесің бе?
- Иә, білемін.
- Ол қай жерде орналасқан?
- Мұражай Дмитриев көшесінде орналасқан.
- Біздің мектептен мұражайға қалай баруға болады?
- Біздің мектептен № 5 автобуспен Облыстық Әкімшілігі аялдамасына дейін жетіп,
Дмитриев көшесіндегі № 120-шы үйге барамыз.
- Ол қандай уақытта жұмыс жасайды?
- Мұражай сағат тоғыздан кешкі сағат алтыға дейін жұмыс жасайды.
- Рахмет, ертең барайық.
VIII. Сабақты қорыту. Сұрақтарға жауап беріп, сызбаны толтырайық.
* Сонымен Сәкен Ғұмаров- кім?
* Ғұмаров Сәкен Нажімединұлы қай жылы дүниеге келген?
* Бала кезінен немен шұғылданған?
* 1957-1958 ж қандай драма театрында актер болып жұмыс істеді?
* Сәкен Ғұмаров-қайда оқыды?
* Сәкен Ғұмаровтың неше картиналары бар?
* Қандай елдерде көрмелері өтті?
* Оның қандай суреттері бар?
* Сәкен Ғұмаровтың өлеңдері қай тілде жазылған?
* Сәкен Ғұмаровтың мұражайы қашан ашылды?
400-ден астам суреттері бар

Сәкен Ғұмаров

Сәкен Ғұмаров
40 жылын сурет салуға 1937ж. Батыс Қазақстан облысы
арнады Бөкей Орда ауданында дүниеге
келді.

Суретші, ақын, режиссер,
журналист
1962-63ж Москвада
Луначарский атындағы
мемлекеттік театр және
өнер институтында
оқыды. 1957 жылы Островский атындағы
театрда жұмыс жасады
1964-65ж Ленин градта
музыка,театр, кинематография
институтында оқыды 1995ж мұражай ашылды.

IX. Оқушылырдың шығармашылық жұмысы.
Әр көрмеден соң адамдарды Сәкен Ғұмаровтың туындылары таңғалдырады. Республикалық жасөспірімдер кітапханасында Сәкен Ғұмаров өзінің тұңғыш шәкіртінің көрмесінде болды. 14 жастағы Юлия Кондакова 100- ден астам суреттерін шығарды. Ол 1 жыл бойы сурет салады, Сәкен Ғұмаровты ұстаз деп санайды, себебі сурет салуға ағаның көрмесінен бастап өнерге қызығушылығы оянған. Сендер де қаламыздағы Сәкен Ғұмаровтың мұражайына барыңыздар. Суретшінің әр туындысы адамды ойлантады, емдейді, нұрландырады, жарық көрсетеді.
Бастарыңызды аспанға көтеріңіздер, өз- өзіңізбен және бүкіл әлеммен оңаша қалып көріңдер, сонда сіз түрлі ғажап суреттерді елестетесіздер. Қазір біз Сәкен ағамыздың суреттерін тамашалап, өз қолымызбен текемет жасаймыз. Түрлі түстер, кең- байтақ даламыздың әдемілігі Сәкен ағамыздың суреттеріндей, текеметтей бізді толғандырады. Екі топқа бөлініп шеберлігімізді көрсетейік.
/Түрлі- түсті ұсақ қиық қағаздан текемет жасау/
X. Бағалау.
XI. Үйге тапсырма: Оқу, мазмұндау, сурет салу.

Ұқсас жұмыстар
Әңгіме кім туралы
Мамандық таңдау
Бұнда балаларға арналған өлеңдері
Ана тілі сабағында тірек сызбаларды қолдану
Қазақ киносының атасы
Қазақстандық калмыков. етістіктің шақтарын қайталау
1.грамматика. құрмалас сөйлемді қайталау. 2. лексика. қазақтың атақты суретшісі
Жоғары жүйке қызметінің топтарымен танысу
Біздің қаладағы мұражайлар
Немістің Вагнер театры
Пәндер