Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер

Қысқа мерзімді жоспар

Пән мұғалімі - Сағындықова Күлпаш Тұрғынбекқызы

Мерзімі
Сыныбы
5 А
Пәні
Қазақ тілі
Мерзімі: Тақырыбы
: Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздер
Мерзімі: Мақсаты- SMAPT тәсілі
: Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздерді ажырата алуға үйрету.
Мерзімі: Оқудың ресурстары
: Ноутбук, қима қағаздар, постер.
Сыныбы:

1. Әлімов Асхат, Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері, оқу құралы, Алматы, 2013 ж.

2. Бұзаубақова К. Ж., Жаңа педагогикалық технология, Алматы, 2004

3. Сарманов Е., Сапаров С., Сабақта жаңа технологияларды қолдану, Шымкент, 2006 жыл.

4. Тұрсынова Г. Т., Қасымбек А. А., Қазақ тілі, әдістемелік нұсқау, Астана, «Арман-ПВ» баспасы, 2012 жыл.

Мерзімі: Күтілетін нәтиже
: Оқушылар туынды сөздердің жасалуының лексикалық тәсілін, бір сөздің бірнеше мағынаға ие болу қабілетін, бір сөздің бірнеше мағынасына талдау жасай алуды біліп шығады.
Сабақ кезеңдері
Мазмұны
уақыты
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Сабақ кезеңдері: І.
Мазмұны:

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Жеке заттары бойынша сынып оқушыларын топқа бөлу: әр оқушы өзінің жеке заттарын береді, сол заттарын топтарға іріктеу арқылы топқа бөлу жүзеге асырылады. Топтағы тәртіпті қадағалау, жұмысты ұйымдастыру мақсатында топ басшысын сайлау. Топ ережесін қайталау.

Топ ережесі

  1. Ынтымақтастық.
  2. Қолдау көрсету.
  3. Мәдениеттілік.
  4. Әділдік.
  5. Тапқырлық.
  6. Уақытты тиімді пайдалану.
  7. Сыйластық.
  8. Тәртіп.
  9. Белсенділік.
  10. Ойын еркін, ашық жеткізу.
уақыты: 3 минут
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Диалогтік оқу.
Сабақ кезеңдері: ІІ.
Мазмұны:

Үй тапсырмасын тексеру.

Сөзжасам. 361-жаттығу.

уақыты: 10 минут
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Жұптық жұмыс
Сабақ кезеңдері: ІІІ.
Мазмұны: Сергіту сәті. «Қара жорға» биі.
уақыты: 2 минут
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Ұжымдық жұмыс
Сабақ кезеңдері: ІҮ.
Мазмұны:

Проблеманы айқындау.

-«Лексика» сөзінің мағынасы. Тіл білімінің лексика саласының зерттеу аясы.

- Табыс критерийлерін оқушылармен бірлесе отырып құру.

Табыс критерийлері:

1. Лексикалық жолмен жасалған туынды сөздердің ерекшелігін білу.

2. Сөздердің мағыналарын ажырата алу.

3. Сөздің жаңа мағыналарына талдау жасай алу.

уақыты: 5 минут
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

АКТ-ны қолдану

СТО

Сабақ кезеңдері: Ү.
Мазмұны:

Проблеманы шешу кезеңі.

Мәтінмен танысу. «Туынды сөздердің лексикалық жолмен жасалуы дегеніміз - сөздің сыртқы түрі өзгермей-ақ, жаңа мағыналарға ие болуы».

уақыты: 2 минут
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Жеке жұмыс
Сабақ кезеңдері: ҮІ.
Мазмұны:

Проблема шешімін қолдану кезеңі.

  1. Топтарға жеке сөздер жазылған

постер таратылып беріледі. Тапсырма - бір сөзден лексикалық жолмен жасалған бірнеше жаңа мағыналы туынды сөзді тауып жазу.

уақыты: 8 минут
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс
Сабақ кезеңдері:

1-топ 2-топ

3-топ 4-топ

5-топ

Әр топ өз постерін қорғайды.

Сабақ кезеңдері:
  1. Жаттығу жұмысы.

362-жаттығу. Мына сөздердің қанша

мағынада жұмсалатынын табыңыздар.

Жол, қырық, тоқсан, тамаша, ашық, тәтті, жаз, бас.

363-жаттығу. Қарамен жазылған сөздерді жақша ішіндегі сөздермен тіркестеріп айтқанда, мағыналарында қандай өзгеріс болатынын түсіндіріңдер.

Арам (шөп, тамақ, тер, ойлы, ас) ; адал (ас, адам, жүрек, кәсіп, құс, сөз, дос) ; суық (су, сөз, хабар) ; сары (май, уайым, уыз, ауыз, қотыр, бауыр, су) ; қалың (киім, жұрт, бет, қамыс) ; қоңыр (сиыр, жіп, дауыс, салқын, күз, қаз, жел, тарту, аю) .

Мазмұны: 10 минут
уақыты: СТО
Сабақ кезеңдері: ҮІІ.
Мазмұны:

Толғаныс бөлімі. Бағалау - өзара бағалау.

Үй тапсырмасы, талдау: 364-жаттығу.

Рефлексия - кері байланыс парағын толтыру.

уақыты: 5 минут
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: СТО
Сабақ кезеңдері:

Рефлексия.

Оқушылармен топ ережесін қайталау олардың белсенділігін арттырды, тапсырмаларды орындауда жүйелілікке қол жеткізуге септігін тигізді. Оқушылармен бірлесе құрған табыс критерийлері оқушыларды сапалы іс-әрекетке жұмылдыруға мүмкіндік жасады. Оқушылар, әсіресе, жұптық, топтық жұмыстарда белсенділік танытып, тапсырмаларды орындауға аса қызығушылық танытты. Топтық, жұптық жұмыстар оқушылардың сабаққа түгел қатысуын қамтамасыз етеді деп ойлаймын. Топтық, жұптық жұмыстарды тиімді пайдалану оқушылардың тақырып бойынша берілген материалды толық игеруге қол жеткізеді. Себебі оқушы өз ойын білдіре отырып, жаңа тақырып бойынша берілген мәліметті постер дайындауда практикалық түрде қолдана отырып, топта бірлесе ынтымақтаса жұмыс істей отырып, лексикалық жолмен жасалған туынды сөздерге талдау жасай алуды үйреніп шықты деп ойлаймын. «Оқушы үні» жобасы аясында оқушылардың кері байланыс парағына жазған жазбаларына талдау жасаған кезде сабақтың олар үшін қызықты және тартымды өткенін білдім.


Ұқсас жұмыстар
Сөзжасам туралы
Бірігу арқылы жасалған туынды сөздер. 5 сынып
Екі сөзді
Біріккен сөз
Орта мерзімді жоспар 5-сынып қазақ тілі
Сөз мағыналары
Ана тілінің қызметі
Қайталама қос сөздер
Қазақ тілі. "Сын есім."
Алтын адам. зат есім. 10 сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz