Кім не істейді? тақырыбы бойынша етістіктің шақтары мен морфологиялық талдауды меңгертуге арналған қазақ тілі сабағының оқу-әдістемелік жоспары

Астана қаласы
№28 орта мектебінің
қазақ тілі мұғалімі
М. Т. Рахимжанова
Тақырыбы : Кім не істейді?
Мақсаты: Оқушылар етістіктерді үш жаққа қойып, тақырып бойынша әңгімелей алады
* сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрайды;
* сөздерге морфологиялық талдау жасайды ;
* сынып ішіндегі өзара қарым- қатынас жағдайын, ынтымақтастығын қалыптастыру;
Сабаққа кіріктірілген модульдер: АКТ, оқытудағы басқару және көшбасшылық, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.
Дереккөздер: интербелсенді тақта, тақырыпқа қатысты суреттер, сөздер жазылған парақ қағаздар, флипчарт, фломастер, маркер.
Күтілетін нәтиже : етістіктің шақтарын меңгере отырып, тақырып төңірегінде әңгімелей алады.
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгеру
Оқытудың әдістері- тәсілдері : жұппен жұмыс, жеке, топтық жұмыстар, әңгіме, тест.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
2мин
Психологиялық көңіл-күйлерін реттеу. Ынтымақтастық орта құру. Сәттілік тілейміз .
Диалог. Мұғалім- оқушы . «Кім жылдам» ойыны арқылы ауызша жұмыс.
Сәлемдеседі
Жағымды ахуал қалыптастырады
Сұрақ қояды
Оқушылар үш тоқа бөлініп, өз орындарына отырады.
Бірін- бірі тыңдайды, тексереді, бағалайды
Белсенді оқыту, білімді бекіту, қайталау
4 мин
2. Негізгі бөлім
2 мин
5 мин
5 мин
Өткен сабақтарға қайталау жүргізу. «Кубизм» стратегиясы бойынша
сұрақтарға жауап беру.
1. Қазақ тілінде жалғаулардың неше түрі бар?
2. Қазақ тілінде буын нешеге бөлінеді?
3. Дауысты дыбыстар қандай болып келеді?
4. Қазақ тілінде неше септік бар?
5. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
6. Буын түрлерін ата.
7. Жеті септікті ата.
8. Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?
9. да, -де, -та, -те
10. -мен, -бен, -пен
11. нда, -нде
12. -ға, -ге, -қа, -ке
Өткен тақырыптың жаңа сабақпен байланысы
Адам не істейді? сұрағына жауап берейік.
Адам оқиды, тұрады, жүреді, отырады, ойлайды, тыңдайды, күледі, ұйықтайды т. б
Интербелсенді тақтадағы сөзжұмбақты шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу., ( емдейді. сатады, ән айтады, тамақ пісіреді, үй салады, оқытады, сурет салады, нан пісіреді) сөздерге қатысты мамандықтардың атауларын табайық.
-Кім емдейді?(дәрігер)
-Кім сатады? (сатушы)
-Кім ән айтады? (әнші)
-Кім тамақ пісіреді? (аспаз)
-Кім үй салады? (құрылысшы)
-Кім оқытады? (мұғалім)
-Кім сурет салады? (суретші)
-Кім нан пісіреді? (наубайшы)
Топпен жұмыс. Флипчарт толтыру. Интербелсенді тақтаны қолдану. Сызбамен жұмыс.
Актив студия бағдарламасын қолдану арқылы оқушылар қаламмен сызбаны толтырады.
Бақылайды
Сұрақ қояды
Топта жұмыс жасау ережелерін естеріне түсіреді
Сұрақтарға жауап береді
Актив студия бағдарламасын қолдану арқылы оқушылар қаламмен сызбаны толтырады
10 мин
Пысықтау, бекіту кезеңі.
3 мин
«Екі жұлдыз және бір тілек» стратегиясы. Топпен жұмысты жалғастыру. Әр топқа тапсырма беріледі. Бүгін. Кеше. Ертең. Үш топқа Астана қаласының суреті беріледі. Флипчартта жазылған мамандықтар бойынша диалог немесе мәтін құрастыру. Кейін әр топ өз жұмыстарын тақтаға іліп қояды. Сонан соң әр топ кезекпен екі топтың жұмысын бағалайды. Жұмыстары толық болса бір жұлдыз, немесе екі жұлдыз іліп қояды да, бір тілек жазады. Бағалап болған соң, орындарына отырып, жұмыстарын қорытындылау үшін «Автор орындығы» стратегиясы арқылы әр топ мүшелері отырып қорғайды.
Ресурспен жұмыс. Осы шақты бекіту. Жазбаша