Жер ананы жылатпаңдар, Адамдар..

Балқаш қаласы
«Жалпы білім беретін типтік мектеп - интернат»КММ
Келисбаева Балжан Усербаевна тәрбиеші
Санаты:II
Өтілімі:25 жыл
Тақырыбы: Жер ананы жылатпаңдар, Адамдар . . .
Мақсаты: Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық білімді қалыптастыру, туған жер табиғатты қорғауға баулу.
Оқушыларға табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай отырып, оны аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға жұмылдыру; мейірбандыққа баулу, экологиялық білімдерін молайту.
Көрнекіліктер: Мультимедиялық тақта, мақал - мәтелдер;
Сабақ барысы:Кіріспе
Қазіргі кезде экологиялық білім мен тәрбие беру ең негізгі мақсаттардың бірі. Біз балаларға экологиялық білім бере отырып экологиялық сананы, тәрбиені қалыптастыруымыз керек. Жалпы айтқанда экологиялық мәдениетті жасаймыз. Экологиялық мәдениет - қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен экологиялық білімнің қалыптасуына, дамуына, үздіксіз жетіле беруіне ықпал ететін, сана мен тәрбиенің рухани құндылық жиынтығы. Экологиялық білімі мен тәрбиесі аз адамда экологиялық сана болмайды, экологиялық сана төмен адамда қоршаған ортаға деген жанашырлық болмайды. Сондықтан экологиялық тәрбиені бесіктен белі шыққаннан бастап, есі кіргенде санасына қалыптастыру, яғни төменнен жоғары қарай сатылай дамыту керек. Осы мақсатта біздің мектебімізде «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы РҚБ «ӨРКЕН» республикалық экологиялық жобасы бойынша ұландар арасынан экотоп құрылғандығы баршаңызға мәлім.
Бүгін біз экотоп мүшелерінің және ұландардың қатысуымен осындай шаралардың бірін өткізгелі отырмыз.
«Экология» гректің үй, ғылым деген екі сөзінен тұрады, яғни өзің тұратын үйдің жай - күйін бақылап, біліп, ахуалын жақсартуға бағытталған ілім деген сөз.
Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс, мекені, алтын ұя, бесігі, құт берекесі. Адам үшін табиғат ең қастерлі ұғым. Өйткені, халық өзін табиғаттың бөлінбес бір бөлігі деп біледі.
Табиғатты қорғау - бәріміздің борышымыз. Табиғат дегеніміз ол- жер, су, ауа, күн. Күн- барлық тіршіліктің құдіретті тірегі. Ауа- өмір тынысы. Су -тіршілік көзі. Жер- бізге нәр беретін анамыз. Осы біздің жерімізге кәзіргі кезде адамдар тарапынан көптеген қауіптер төніп тұр.
Сонымен бірге, қазір теңізіміз тартылып, орманымыз кесіліп, құнарлы жерлеріміз сортаңданып қалды. Осының бәріне кім кінәлі? Әрине, адамдар. Бәрі адамдардың рақымсыз істерінен, кешегі табиғаттың уылжыған тамаша кездерінде өмір сүрген ата - бабаларымыздың ескертпелерін орындамағанның кесірінен десек те болады.
Балалар, бүгінгі «дөңгелек үстелімізде » экология мәселесі негізгі мақсат болғандықтан, табиғат, адам, қоршаған орта туралы білімімізді ортаға салып, өзіміздің біліктілігімізді көрсетейік. .
Слайд 2. Елбасы сөзі.
«Дөңгелек үстел «шарттары мынандай айналымдардан тұрады:
І - айналым: «Ғажайып Қазақстан» (Сергіту сұрақтар ) 3 топ та қол көтеріп жауап береді.
ІІ - айналым: « Суреттер сөйлейді-ой толғау» (экраннан көрсктілген суреттер бойынша сөйлейді) ІІI - айналым: «Сұрақ бізден-жауап сізден» (ситуациялық тапсырма )
ІV - айналым: «Кім көп біледі?» сөзжұмбақ құрастыру.
V - айналым: Шешуші сәт « Біз табиғатты қорғаймыз»Видеоролик-Қоршаған ортаның ластануы.
Құрметті оқушылар, бүгінгі экологиялық дөңгелек үстеліміз Қазақстанның басты проблемаларының бірі-экологиялық зиянды аймақтар жайында болмақ. Өздерің естіп біліп жүргендей біздің Қазақстанның экологиялық зиянды аймақтары баршылық . Олардың ең негізгісін кім біледі?
Кәзір жалпы 10 сұрақ қойылады, сұрақтарға қай топ көп және дұрыс жауап қайтарады, сол топ жеңімпаз болып саналады.
«А» тобына қойылатын сұрақтар:
1. Қазақстан жері қандай жер? (Қазақстан жері - кең - байтақ)
2. Батыстан шығысқа қарай неше километр жер алып жатыр? (3000 км)
3. Қазақстанда неше мемлекеттік қорық бар? (9 мемлекеттік қорық бар)
4. Қазақстан тауларын атаңыздар? (Алтай, Тарбағатай, Сауыр, Жоңғар, Іле Алатауы)
5. Қазақстанның оңтүстік батысында қандай теңіз бар? (Арал теңізі бар)
6. Бүгінде жер бетінде қандай мәселе өзекті болып тұр? (Экология мәселесі өзекті болып тұр)
7. Қазақстанның қандай елді мекендері қауіпті экологиялық аймақтар бар? ( Каспии, Байқоңыр, Арал, Балқаш, Семей)
8. Қазақстанның жалпы жер көлемі қандай? (2700 мың шаршы км)
9. Адамның дені сау болу үшін не керек? (Қоршаған орта, табиғат таза болу керек)
10. Бүгінгі күні дүниежүзілік проблема қандай? (Арал экологиясы)
11. Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні қай күн? (5 - маусым)
2 - айналым
: «Суреттер сөйлейді-ой толғау»
Балалар сөзі:Арал-Балқаш-Семей
3 - айналым:
«Сұрақ бізден, жауап сізден»( ситуациялық тапсырма-қала атын табу)
Сонымен рұқсат болса, 3 айналымды бастайық.
Қазақстан менің елім, сенің елің. Ол асқар тау болсын, шалқар көл болсын, мейлі тіпті шағыл - шағыл құм болсын көңілді сергітер әдемі табиғаты бар менің Отаным. Әр адамға өзінің туып - өскен жері мен суы, аспаны мен тауы ыстық.
Ал Табиғаттан бабамыз ала берген секілді
Дархандықты қазаққа дала берген секілді
Еркелікті, ерікті желден алған секілді
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.
Сонымен қояр сұрағымыз. Слайд-
1. Экологтердің пайымдауынша, бұл қала еліміздегі ауа кеңістігі ең көп ластанған қала болып саналады. Ауа кеңістігінің адам ағзасына аса зиянды ауыр түсті металлдармен ластануына қаладағы қорғасын - мырыш, полиметалл комбинаттары тікелей қатысты деп есептеледі. Қала орналасқан тұстағы түсті металл қорлары мен су энергиясы өнеркәсіптің бұл түрін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл қай қала? (Өскемен)
2. Ертіс маңы ауданында бірқатар химия және мұнай - химия кәсіпорындары орналасқан. Бұған осы ауданда көптеген маңызды факторлардың тоғысуы себеп болды. Бұл жерде әр алуан минералды шикізат бар, аудан сумен жақсы қамтамасыз етілген, көмір мен электр энергиясының қоры мол, ауданның экономикалық - географиялық орны аса ыңғайлы. Бұл қалада минерал отын, жоғарғы сатыдағы май өндіріледі. Алайда осы аталғандар табиғатқа кері әсерін тигізеді. Сұрақ бұл қай қала? (Павлодар)
3. Бұл өңірде экологиялық ахуал барған сайын ушығуда. Мұнда қоршаған ортаны бүлдіретін 2000-ға жуық кәсіп орын бар, облыс бойынша жылына ауаға 112 млн 5 мың тонна зиянды қалдық таратады. Оның 2 млн 275 мың тоннасы радиоактивті екені анық. Бұл қала шығыста орналасқан. Бұл қай қала? (Семей)
4. Бұл қалада пайдалы кен орны пайдаланады. 140 млн м³ тақырланған, ал бұндай тақырланған жерлер жылына 7 млн м³ ұлғаяды. Бұл қала Орталық Қазақстан орналасқан, ауаға зиянды заттарды шығарудан республика бойынша 5 орынды алады. Облыс бойынша 3 орындағы, жасы жарты ғасырға тең қала. (Жезқазған)
5. 1928 жылы геолог-инженер Михаил Русаков басқарған ленинградтық геологиялық барлау партиясы келеді. Олар осы өңірдегі мыс кендерінінің бірінші барлауын өткізіп, үміттендіретін қорытындыға келген. Іздеу жұмыстары барысында геологтар келесі нәтижені түйіндеген: кен орны мысқа соншалықты бай, оның базасында жаңа мыс балқыту зауытын салуға болады. Бұл қай жер? (Балқаш)
4-айналым. «Кім көп біледі» Сөзжұмбақ.
V - айналым: Шешуші сәт « Біз табиғатты қорғаймыз»
Видеоролик-Қоршаған ортаның ластануы.
Қорытынды:
Жаралған Жер - ана зыр айналып ғаламды.
Арқасына қондырып, аялаған адамды
Адам жердің етене сүйініші, тынысы
Әсте ана баласын жаман болсын дерме екен,
Сол секілді адамды аялайды Жер мекен. - деп осымен бүгінгі экологиялық дөңгелек үстелімізді аяқтаймыз. Қатысып отырған ұстаздар мен ұландарға рахметімізді айтамыз.
Жақсы атсалысқан оқушылар анықталып, марапатталады.
Ән Заман ай
«Ұлдарыңның қайда кеткен құрығы,
Қыздарыңның қайда кеткен бұрымы?
Мейірімге зарықтырған заман-ай,
Туған жердің лайланды-ау тұнығы . . . »
Сыныбы: 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Табиғатты аяла да бағала.
Мақсаты : а) оқушыларды жердің қадірін, байлықты бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамқорлық жасай білуге, жанашырлық сезімге баулу, табиғат жөніндегі ой - өрістерін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, тілін дамыту. Табиғат ажарын сақтап, оған қамқор болып қамқорлық жасайтын қорықтар туралы танымдарын арттыру. Табиғатты сүйе білуге оны қорғауға, ұйымшылдыққа, аялауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, мақал - мәтелдер .
Сабақтың барысы: Мұғалімнің кіріспе сөзі. Құрметті қонақтар, ұстаздар! Сіздерді жылдың тамаша мезгілінің келуі қарсаңындағы 3 - сыныптың оқушыларының ұйымдастыруымен болатын «Табиғатты аяла да бағала» атты тәрбие сабағымызға қош келдіңіздер.
Табиғаттың сұлулығында шек жоқ. Адам табиғатты барынша аялап, қамқорлық көрсетуі керек. Адамның табиғатқа сарқылмас байлық деп қарауы табиғи ортадағы тепе - теңдіктің бұзылуына жол береді. Мұның келеңсіз әсері соңғы он жылдықта күшейіп, енді адамзат экологиялық мәселелрді шешуді белсенді түрде қолға алды. Түрліше табиғат қорғау ұйымдары құрылып, қоғамдық акциялар ұйымдастырылуда, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар шығарылуда. Табиғатымыз - адамға баға жетпес байлық. Бүгінгі сабағымызда табиғат анамызды қамқорлау қажеттігі туралы әңгімелейміз.
Жүргізуші: Табиғат - адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімі мен шұғылалы шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы Ана.
Оқушылар топқа бөлінеді.
1 - топ: «Отан»
Ұраны: «Отан оттан да ыстық»
2 - топ: «Сулы жер - нулы жер»
Ұраны : «Су - табиғат айнасы»
3 топ: «Ағаштарға қамқорлық»
Ұраны: «Ағаш ексең аялап, басыңа болар саябақ»
4 - топ: «Хайуанаттар»
Ұраны: «Құлан-қырдың көркі, құндыз-судың көркі»
5 - топ: «Қазақстан - қорықтар елі»
Ұраны: «Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік»
1 - топ . «Отан»
1 - оқушы:
Туған жер - алтын бесік, асыл анам,
Ауаңмен, ақ сүтіңмен асыраған.
Мендағы ұлың едім өзің тектес
Алысқа нәсібі шашыраған.
2 - оқушы :
Жаралған Жер - ана зыр айналып ғаламды.
Арқасына қондырып, аялаған адамды
Адам жердің етене сүйініші, тынысы
Әсте ана баласын жаман болсын дерме екен,
Сол секілді адамды аялайды Жер мекен.
Жүргізуші: Табиғат - бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп - өнер мекені.
3 - оқушы:
Адамдар, жер сенің аяулы бесігің,
Осы жер үстінде аштың сен тіршіліктің есігін.
Онымен кіндіктес жаның да, қаның да,
Жер жаһан аялап тұр алақанында.
Жүргізуші: Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміңе ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі.
4 - оқушы:
Табиғат әсемдіктің төркінісің,
Ән саламын бір сенің көркің үшін.
Жан - жануар табынып бір өзіңе,
Сенен алып тұрғандай бар тынысын.
«Отан» туралы әнді топ мүшелері айтады.
2 - топ. «Сулы жер - нулы жер»
Жүргізуші: Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі - су. Балалар, сендер су туралы қандай мақал - мәтелдер немесе тыйым сөздер білесіңдер? (Топ мүшелері су туралы өздері білетін мақал - мәтелдердің немесе тыйым сөздерін айтады) . «Сулы жер - нулы жер», «Су - табиғаттың айнасы», «Су біткен жерде өмір де бітеді», «Судың да сұрауы бар» т. с. с.
1 - оқушы:
Су деген тіршіліктің қаны емес пе,
Су деген табиғаттың жаны емеспе?!
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол - ақиқат,
Күміс су қара жердің сәні емес пе?!
Жүргізуші: Соңғы жылдары өлкеміздегі көптеген өзен, көл суларын қалай болса солай пайдаланудың салдарынан олардың қоры азайып, ластану өріс алуда. Бір кездегі үлкен әрі тұнық Сырдың қазіргі кездегі халыққа айтар өкпесі де бар.
2 - оқушы: Жайық өзені 2428 шақырымға созылады. Оның бойы табиғи байлықтың көзі болып табылады. Жайықтың қойнауы мен суларында 450 - ден астам жануарлар, 50 - ге жуық балық түрлері, 345 құс түрлері және 1200 ден астам өсімдік түрлері өседі. Өзеннің өн бойында 383 - тен астам су тартатын қондырғыштар бар. Олар Жайық суының деңгейін төмен түсіруде.
Жүргізуші: Табиғатта «қастерлі нүктелер»өте көп. Соның бірі - Каспий теңізінің экологиясы.
3 - оқушы: Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің экологиясының бұзылуына «Теңіз газ» кешені үлкен әсерін тигізіп отыр. Тасқын су кейін қайтқанда өзімен бірге мұнай қалдықтарын теңізге алыпкетеді. Ол Каспий суының экологиясына әсер етіп отыр. Каспийдің бекіре, шоқыр, қортпа, балығының денелерінен аурулар табылды. Теңіз суының құрамы бұзылды.
Жүргізуші: Табиғатқа қамқорлық жасау әрбір азаматтың абыройлы міндеті әрі парасатты парызы.
4 - оқушы: Арал теңізі өзінің үлкендігі жөнінен дүние жүзінде төртінші, ал ТМД елдерінде екінші орын алады. Оның жалпы ауданы - 64, 5 мың шаршы км. Ондағы судың көлемі 1000 текше метрден асады. Арал теңізінің суының тартылуы сол аймақтың халық шаруашылығына және табиғатына үлкен зиянкелтіруде. Ертеректе Аралдан жылына 500 мың центнердей бағалы балық ауланғаны белгілі. Аралдың айдынды арнасынтолықтырып, толқынын тулатып жататын Әмудария мен Сырдария өзендерінің қазіргі күні де күйзеліске соқтырып отыр.
5 - оқушы:
О, табиғат, тіршілікке бесік болған мекенім,
Құшағынан нәр алып, мұратыма жетемін.
Алақанмен аялаймын ұл қызымдай үйдегі,
Азаматтық борышым - қорғаушың болып өсемін.
3 - топ: «Ағаштарға қамқорлық»
Жүргізуші: Табиғат байлығының бір тобыжер бетінің сәулеті, еліміздің дәулеті - жасыл әлем. Өсімдік өлкеміздә түрлендіріп тұрған түкті кілемтәрізді. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі депаялап, одан қамқорлығын еш уақытта аямаған. «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген өрнекті сөз - соның айғағы.
1 - оқушы:
Ормандар, жап - жасыл ормандар,
Орманды отаушы болмаңдар!
Отан мен Орман жұп, бір ұғым,
Орманды, Отанды қорғаңдар!
Озбыр қол орманды отаса -
Отанға қастандық қылғаны.
2 - оқушы: Ағаштар ауаны тазартады, жазда көлеңке болады. Сонымен қатар олар үй жиһаздарын жасауға, үй салуға, қағаз жасауға пайдаланылады және айналаға әсем көрік береді.
Жүргізуші: Балалар, енді маған айтыңдаршы, ағаштарға байланысты қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
1 - оқушы: Ағаш көркі - жапырақ,
Адам көркі - шүберек.
2 - оқушы: Ағаш ексең аялап,
Басыңа болар саябақ.
3 - оқушы: Бір тал кессең,
Он тал ек.
4 - оқушы: Атаңнан мал қалғанша тал қалсын.
Жүргізуші: Сезеді кеудесінде көзі бар жан,
Білгенге асыл тастан сезім маржан.
Қайыспас қабырғасы өзім де орман,
Құлпырып көркейе бер, жасыл орман.
Құрманғазының «Қызыл қайың» күйі орындалады.
4- топ: «Хайуанаттар».
Табиғаттың сұлу - сымбат мүсіні, көрікті келбеті бар тамаша туындыларының бірі - хайуанаттар. Халқымыз ежелден - ақ көптеген жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған. Әсіресе, қарлығаш пен аққуға деген жанашырлық жылы сезім ерекше орын алған.
1 - оқушы: Қызғылт бірқазан - Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Іле өзенінің Балқашқа құяр сағасында бұл құстың 2000-ға жуық жұбы мекендейді.
2 - оқушы: Ақбас тырна - далалық өңірлерді мекендейтін құс. Олар балапандарын көбіне көлдердің маңында басып шығарады. Қазақстанның «Қызық кітабына» енгізілген.
3 - оқушы: Үстірт арқар - Маңғыстау тқбегіндегі таулар мен ұстірттердің батыс кемерінде мекендейді.
4 -оқушы: Қарақұйрық - халықаралық табиғатты қорғау одағы мен Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген жануар.
Жүргізуші: Ал, балалар, табиғатты қорғауға байланысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер?
1 - оқушы: «Құсты атпа, құмырсқаның илеуін бұзба».
2 -оқушы: «Көкті жұлмай, көктей соларсың».
Жүргізуші: «Құлан - қырдың көркі, құндыз - судың көркі» деген мақал барү
Құлансағым ен даланы шарлаған,
Түз аңында онан жүйрік болмаған.
Құланды айтса көкірегінде қазақтың,
Тек жүйріктік орнаған.
Күй: «Ақсақ құлан». Хайуанаттар туралы слайд.
5 - топ: «Қазақстан - қорықтар елі»
Жүргізуші: Табиғаттың бар ажарын сақтап, оның құлпыра түсуіне қорған болып қамқорлық жасайтын қорықтар.
1 - оқушы: Ақсу Жабағылы қорығы. Орналасқан жері - Оңтүстік Қазақстан облысы (Сайрам, Түлкібас аудандары) . 1926 жылы ұйымдастырылған.
2 - оқушы: Барсакелмес қорығы. Орналасқан жері - Қызылорда облысы (Арал ауданы) . 1968 жылы ұйымдастырылған.
3 - оқушы: Қорғалжын қорығы. Орналасқан жері - Ақмола облысы (Қорғалжын ауданы) . 1968 жылы ұйымдастырылған.
4 - оқушы: Марқакөл қорығы. Орналасөан жері - Алматы облысы (Алакөл ауданы) . 1998 жылы ұйымдастырылды.
5- оқушы: Марқакөл сол қалпыңмен пәк боларсың,
Күлерсің, мұңаярсың, шаттанарсың.
Осынау жалт - жұлт еткен келбетіңмен,
Жанымның түкпірінде сақталарсың.
Қорықтар туралы қосымша түсінік беру. Слайд бойынша жұмыс.
Өсімдіктер әлеміне саяхат.
Міне, қызық!
Өзінің биіктігі мен мықтылығы жағынан талай ағашыңнан асып түсетін бір шөп бар. Оның сабағынан қармақтың сабын, шаңғының таяғын жасайды. Бұл өсімдіктің аты - бамбук. Дүниедегі ең биік шөп -осы. Жас бамбук күніне жарты метрдей өседі. Бірақ мұндай қарқын онша көп уаөытша созылмайды, бар -жоғы 40 күн ғана, әйтпесе ол көкпен таласып бұлтқа да жеткен болар еді. Ол ауа райы ыстық Шығыс пен Кавказдада бар.
Дүние жүзіндегі ең биік ағаш - алып Эвкалипт. Ол ағаш Австралияда өседі. Биіктігі 100-110 метрге жетеді. Баяғыда бір кедей адам осы ағаштың әбден қурап, омырылып қалған біреуінің түбірінен ойып, отбасына үй жасайды, түбірдің ішіндегі қуыстың кең болғандығы сондай, тіпті ат қорасын да соның ішіне салыпты дейді.
Үндістан мен Индонезияда тағы да басқа тропиктік елдерде нан ағаш өседі. Әрине оның бұтақтарында тоқаш та, бөлке нан да салбырап тұрмайды, алайда пішіні домалақ, әрқайсысының салмағы 30 кг-дай ап -ауыр жемістері болады. Жергілікті тұрғындар бұл ағаштың жұмсақ етін күлге көміп, күлше пісіреді, оның дәмі нағыз нанға ұқсайды.
Шұжық ағашының ұзындығы жарты метрдей, әр жемісі сыртқы түрі жағынан кәдімгі шұжыққа ұқсас, бірақ амал қанша, ол жемістер жеуге жарамайды.
«Кім шапшаң?» ойыны.
Жұмбақтар шешу.
1. Мәңгілік жасыл ағаш (шырша) .
2. Көктемде ақ гүлге оранады,
Күзде қолға доп болып оралады (алма) .
3. Қандай өсімдіктерді жыртқыш өсімдіктер дейді?(шыбынжұт, шыншылдық)
4. Өсімдік бір жерден екінші жерге қалай таралады (жел, су, жануарлар арқылы)
5. Майды қандай өсімдіктен алуға болады (күнбағыс, зығыр, мақта)
6. Дауылға нық күшті,
Ағаштың мықтысы (қарағай)
Ой -толғау кезеңі. Қазақтың ұлттық ойыны «Орамал тастамақ».
Мен қазір орамалды қай топқа тастасам, сол топтың оқушылары сұраққа жауап береді.
Егер сен ақын болсаң . . .
Егер сен қоршаған ортаны қорғау министрі болсаң . . .
Егер сен сазгер болсаң . . .
Егер сен суретші болсаң . . .
Егер сен әнші болсаң . . .
Қорытынды:
Иә, балалар, табиғат туралы әсем сөздер айтылды. Адам да табиғат перзенті. Сондықтан да туған еліміздің, жеріміздің табиғатын, байлықтарын қорғау, баршамыздың міндетіміз.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 38- бабы «Қазақстан Республикасының азаматы табиғатты қорғауға және оның байлығын сақтауға міндетті» деп жазылған. Әйгілі Қорқыт атамыз: «Қара тауларың құламасын, саялы ағаш сынбасын» деген. Бұл айналаңдағы табиғат байлықтарын аялай біл дегені. Табиғат сенің саялы бесігің, аяла, қамқорлыққа ал, қорғаныш бол, тазалығын сақта!
1. « Ауған саздары »
Армысыңдар ауғандық жауынгерлер?
Жырым бар жараланған жаныңды емдер.
Өлгендердің жәннатта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер.
Ерлік қылған аталарым аспан асты, ер үсті,
Біз сәндікке кимейміз деп, - шалбар менен бөрікті.
Отан-ана алдындағы өтеймін деп, - борышты,
Аттаныңдар, атқардыңдар соғысты.
Жастығыңмен жауға атылдың оқ болып,
Әндететін кездеріңде ауылыңда төс керіп.
Жаудың оғы сом мүшеңді төрт бөліп,
Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып.
Жау дейміз-ау қолдан жасап жауыңды,
Саясаттың сайқалдығы-ай уландырған тамырды.
Бауырыңа бауыздатып балдай ішкен қаныңды,
Заманы еді кеңестің ол сұрапылды дауылды.
Құдай өзі бере жатар жауыздықтың жазасын,
Қыран ерлер, ардагерлер сендер түгел тазасың.
Қасқыр мінез, қайсар жандар жалап жазған жарасын,
Жандарыңның жараларын қай мықты бар жазатын.
Сендер бірақ Отан үшін оққа тостың кеудеңді,
Ерлігіңді, өрлігіңді ел көрді.
Бірге аттанған бауырларың жер жастанды, жерленді,
Жебейді олар аруағымен сендерді.
Еске алайық құрметтейік, құрбандардың рухын,
Қабірлері нұрға толсын суық көр де жылысын.
Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да біз үшін,
Мәңгі - бақи тірісіңдер, тірісің.
Ән: Сарбаздар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz