Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Үйірменің үйретері көп
Үйірменің үйретері көп
Калигожин Ергазы
<<Жас техник>> үйірме жетекшісі
Балалар шығармашылық үйі
Күршім ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
Техникалық үлгілеу-бұл оқушылар үшін әрі қызықты, әрі шамаға лайық әрекет түрі.Модельдер жасауға байланысты сарамандық жұмыс кезінде оқушылар шеберханада әр түрлі құрал-саймандар туралы ұғымдарды меңгереді,өз жұмыстарында өлшеу,құрастыру үшін басқа құрал-жабдықтарды пайдаланады және әр түрлі материалдарды өңдеуді үйренеді.Сонымен қатар - құрылысы қарапайым техникалардың үлгілері мен түрлі берілістер арқылы қозғалысқа түсетін күрделі модельдерді жасау технологиясымен танысады, машықтанады. Аталған техникалық үлгілер үйірмеде оқушының ақыл-ой,еңбек әрекетін оятады және еңбекке деген қызығушылықтарын арттырады. Үйірмеде оқушы өз қиялы мен белсенділігін,дербестігі мен тапқырлығын көрсете алады, техника әлемін зерттеп қосымша мәліметтер алады, үлгілермен жұмыс жасаудағы шығармашылық қасиеттері де дами түседі.
Уақытты тиімді пайдалану, оқушыны жалықтырып алмау үшін және жас ерекшеліктеріне қарай жұмыс үлгілерін шаблон, сызба,сурет,т.б. түрінде жетекші мұғалім алдын-ала дайындап қойған жөн.Техника модельдерінің суреттері мен сызбаларын арнайы журналдардан (моделист-конструктор, юный техник) және ғаламтор желілерінен алуға болады.Үлгінің масштабын үлкейту немесе кішірейту қажет болғанда, көшіргіш аппараттың пайдасы көп. Жетекші қатырма қағаздан,жұқа фанер мен қаңылтырдан және тағы да басқа материалдан дайындалған шаблонды көшіру барысында арлы-берлі қозғалтуға,бұруға болады,соның нәтижесінде материалды үнемді пайдалануға қолайлы. Дайын шаблон бойынша істелетін жұмыс көшірме сипатындағы жұмыс болып табылады. Бірақ, бастапқы техника моделін жасауға үйретуде мұндай жұмыстың пайдасы зор.Ол оқушылардың жұмысқа ынтасын мен қызығушылығын арттырады. Техникалық үлгілеу кезінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне,икемділіктері мен қабілетіне байланысты көңіл аударылғаны және модельдің пішінін өзгертулеріне мүмкіндік берілгені жөн. Атқарылатын жұмыстар жетекші мұғалімнің көмегі, қадағалауы, бағыт-бағдар беруі, пікір алмасуы арқылы жүзеге асады.
Атқарылған жұмыстардың жасалу жағдайына байланысты, яғни оның құрылысы, жұмыс күрделілігі және эстетикалық талаптарға сай жасаған үйірме оқушыларының бұйымдары аудандық, облыстық өткен көрмелерге қатысып, жүлделі орындарға ие болып, оң бағаланып жатады. Осындай орасан зор еңбектерінің арқасында жеткенжетістіктері оқушының өзіне деген сенімімен қызығушылығы артып, шығармашылық қабілетке жетелей түседі. Жалпы, оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына үйірменің алатын орны мен атқаратын маңызы зор. Шаблон мен сызбаларды пайдалану негізінде және оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай құрылған сабақ жоспарларымды ұсынбақпын.
Желкенді шана жасау технологиясы
Калигожин Ергазы
<<Жас техник>> үйірме жетекшісі
Балалар шығармашылық үйі
Күршім ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
4 сынып
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты: желкенді шана макетін жасата отырып оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру, жұмысты орындау барысында ағашты өңдеу әдістерін меңгерту;
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың көркемдік шеберлігін,ой-өрістері мен танымдық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды ұқыптылыққа, үнемділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сарамандық үйрету сабағы.
Сабақтың әдісі: көрсету, баяндау, сарамандық жұмыс.
Оқыту формасы:жұптық.
Сабаққа қажетті материалдар:фанер, бір түсті мата,сызғыш, қол және қылара,қарындаш,құм қағаз, егеу,бұрғы,электр дәнекер,ПВА желімі,лак, қылқалам.
Сабақ көрнекілігі:технологиялық карта,сызбалар,үлгі,ақпараттық құралдар
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа әзірлігін бақылау,түгендеу.
Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
ІІ.Жаңа сабақ. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Өзімізге аса танымал және күй талғамайтын көлік қызметін атқарып келе жатқан шана зерттеуші тарихшылардың айтуынша дөңгелектен бұрын пайда болғанын айтады. Ал, қашан, қайда пайда болғанын ешкім дөп басып айта алмайды.Өте ерте заманнан келе жатқан шаналар пайдалану мақсатына қарай <<Ат шана>>, <<Ит шана>>, <<Бұғы шана>>, т.б. түрлері қазіргі уақытқа дейін сақталған.Балалардың қыс уақытындағы сүйретпе шаналарынан бастап қазіргі заман талабына сай түрлі шаналар жасалынып үлгерді.Қазіргі таңда шана қысқы спорт түріне айналып отыр. Бүгін біз сондай шаналардың бірі желкенді шана макетін жасаймыз. Өңдеуге оңай ағаш материалын, фанерді пайдаланамыз.
ІІІ. Сызбамен жұмыс.
Құрылысын интерактивті тақтадан көрсету арқылы оқушыларға таныстырылады.
Желкенді шананың негізгі құрылысы:
Корпусы
Кергіштері Желкені
Шана
Жақтаулары Табандары
Тұғыры
Технологиялық картаны оқушыларға таратып,жасалу жолдары мен негізгі жұмыстың мазмұнын пысықтаймыз.
IV. Қауіпсіздік ережесі.
V. Сарамандық жұмыс. <<Талаппен бастап,
Талғаммен аяқта!>>
Сарамандық жұмыс барысында оқушылар екіден жұптасып жұмыс жүргізеді.
Жұмыстың орындалу реті:
1. Ағаш материалынан 40x50x50 өлшеміне сәйкес шананың корпусы қол арамен кесіліп,дайындалады.
2.Шаблон арқылы шананың екі жақтауын фанерге көшіріп, қыл арамен кесіп,өңдейміз.
3.Шана табандарының сызбаларын шаблон арқылы фанерге түсіріп қылара көмегімен кесіп алып,өңдейміз.Табанда белгіленген жерден диаметрі 4-6 мм шамасында болатындай өткерме тесіктер тесеміз.
4. Желкен бір түсті матадан дайындалады. Матаға өлшемдерін сызып, кесілген жері сетінеп кетпес үшін қыздырылған электр дәнекер арқылы кесеміз.Кесу барысында астына шыны төсеп қойса дұрыс болады. Ромбик тәрізді желкеннің төрт бұрышын тесіп шығырық орнатамыз.
5. Желкен тұғыры мен кергіштері де фанерден жасалады. Бұл жұмыстар сызба арқылы орындалады.Кергіштегі белгіленген орындарды диаметрі 2 мм болатындай тесікті бұрғымен тесіп, шығырық арқылы желкенді бекітеміз.Бұрғылау жұмысы жетекші мұғалімнің бақылауымен жүргізіледі.Құрастырылған желкен тұғырдың бір басына ілінеді.Ал, тұғырдың екінші басы шананың табандары басына көлденең бекітілген ағашқа бекітіледі.
6. Үлгіге сәйкес шана бөлшектерін құрастыру барысында ПВА желімін пайдаланамыз. Дайын болған шананы түссіз лакпен әрлейміз.Әр оқушы желкенді өз ой-қиялына байланысты оракльді пайдаланып,түрлі бейнелермен әсемдейді.
Сарамандық жұмыс кезінде оқушылардың қауіпсіздік ережелерін сақтауларын, материалды үнемдеулерін талап етемін. Материалдың дұрыс өңделгеніне, ағаш талшық бағыттарының орналасуына көңіл аудартамын.Жұмыстары бойынша қиындық көретін оқушыларға бағыт-бағдар беріліп, көмектер көрсетіледі.Материалдарды дұрыс өңдеулері мен құралдарды талапқа сай пайдаланулары бақыланады.
VІ. Сергіту сәті. <<Сәйкестігін тап>>
1. Қайшы өлшейді
2. Қарындаш теседі
3. Бұрғы жазады
4. Желім қияды
5. Бояу жабыстырады
6. Сызғыш сырлайды
VIІ. Қорытынды. Оқушыларға өнерге ұзақ еңбек керектігін,ал еңбек әсемдіктің өлшемі екенін түсіндіріп, сабақты қорытындылаймыз.
Жұмыс орнын және өздерін ретке келтіру.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. <<Юный техник>> журналы. 12саны. 1986 жыл.
2. Ғаламтор материалдары.
Дайын бұйым
Желкенді шана жасаудың технологиялық картасы
№
Жұмыстың орындалу реті
Сызбасы
Құрал - саймандар
1
Ағаш материалдан шананың корпусын кесіп алу және өңдеу.
Қарындаш, қол ара, егеулер,сызғыш,
құм қағаз.
2
Фанерден екі жақтауын шаблон арқылы дайындау
Қарындаш,сызғыш, қылара,егеу, құмқағаз.
3
Фанерден екі табанын шаблон арқылы дайындау
Сызғыш, қарындаш, қылара,бұрғы,егеу, құмқағаз.
4
Тұғыры мен кергіштерін кесіп дайындау

5
Көк түсті металдан желкенін қиып алу.
Сызғыш, қарандаш, электр дәнекер.
6
Бөлшектерді құрастыру, әрлеу жұмыстары
Сызғыш, ПВА желімі, лак,
қылқалам.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz