Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Ардақты ана, асыл өже атты зейнеткерлікке шығарып салу кешінің сценарийі

<< Ардақты ана, асыл өже >> атты зейнеткерлікке шығарып салу кешінің сценарийі \ Мектеп акт залы талапқа сай безендірілген. Шарлар.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар ! Мектебіміздің тәрбиеші көмекшісі Тілепбергенова Рахима әпкейдің
<<Ардақты ана,асыл әже!>> атты зейнеткерлікке шығарып салу кешіне қош келдіңіздер!
2.Жүргізуші Еңбегімен ел алдында сыйланған,
Апай десе тартылады сый балдан.
Мерейтоймен құттықтайды қуана,
Ұжымдасың, мына отырған жиналған! -дей отырып, шыбығынан көктеген шаңырағына сәмбі талдай көлеңкесін жая келген бәйтерек тұлға, Тілепбергенова Рахима апайымызды тұғырлы орынға- бүгінгі салтанатты жиынның төріне шақырамыз.
1-жүргізуші: Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар,
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Рахима апай келеді ортамызға,,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
(Рахима апайды алып келіп, сахна төріне отырғызады)
2.жүргізуші. Тілепбергенова Рахима апкейдің рухани байлығы , ең алдымен балаға деген махаббаты жоғарғы адамгершілігінен байқалады. Бойында ерекше ұлтжанды болмысы мен еңбекқорлығы , қарапайымдылығы мен жігерлілігі бар тұлға - бүгін біздің ортамызда, ертеңгі-зейнеткер.
1.Жүргізуші: Күн нұрындай шашылған
Кеудесінен ерек нұр,
Гүлзира апкей асыл жан.
Құрмет артқан директор.
Жарқыраған аспанда,
Дәл өзіндей жұлдыздың,
Жол сілтеген асқарға
Ұстазымыз бұл біздің, - деп алғашқы құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Тойшыманова Гүлзира Жақсыбекқызына береміз.
2.жүргізуші. Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.дей келе ендігі жерде әнге кезек береміз. Ән............Орындайтын..................
1.Жүргізуші. Рахима апай еш алаңсыз тынықсын,
Өткенінен өнегелі сыр ұқсын.
Кәсіподақ төрайымы сөз алып,
Жақсы сөзбен жаныңызды жылытсын, деп кәсіподақ төрайымы Кашкеева Айгүлге сөз кезегін береміз.
Ән - шашу.
Жүргізуші. Жақсы тілек тілектермен келісіп,
Жетсек дейді телқоңырдай тебісіп.
Зейнеткердің жолын бізге бергей деп,
Қуанышын завучтар тұр бөлісіп, дей келе ендігі сөз кезегі мектебіміздің оқу - ісі жөніндегі орынбасары Сарсекова Бақыт апкей мен тәрбие - ісі жөніндегі орынбасары Ақшалова Манат апкейге беріледі.
Көрініс . <<Бір күнгі еңбек>>.
1.жүргізуші. Әдептілік іздеп салдар себебін,
Дейді олар әр жүрекке егемін.
Тәрбиеші көмекшісі көп мұнда,
Аямайтын адамдардан көмегін.
Ортаға Тәр көм атынан Малина,Сара,Гүлдар,Айсұлу,Сәттікүл,Бота апкейлерді шақырамыз.
2 .жүргізуші Көңілдірге дем беріп сыйымыз бен,
Жарасамыз әсем ән биіміз бен,
5 ші топ қыздары өнерлерін,
Қабыл алғын ерекше күйіңізбен.
Кішкентай қыздарыңыздың өзіңізге арнаған әсем әні мен биін қабыл алыңыз.
1 .жүргізуші: Нұрлы болсын өмірдегі жолымыз,
Тілек айттық қуанышқа толы біз.
Тәрбиеші апайлардың тілегі,
Ең сүйікті апайымыз болыңыз, - деп ортада
5 ші топ тәрбиешілері Гүлмира,Бағдат Айгүл Салтанаттар өз тілектерін арнайды.
Ән - шашу.
Жүргізуші. Қайырылып ұзақ қарап өткеніме,
Арнадым еңбегімді мектебіме,
----- жыл өтіпті ғой ұжымдастар,
Осы мектепте қызмет еткеніме.
деп ойланып өткен күндерге ой жүгіртіп отырған бүгінгі кешіміздің кейіпкері Рахима апайымызға сөз кезегін береміз.
Хор. Тәрбиеші көмекшілерінің орындауында <<Ана>> туралы ән.
2. Жүргізуші. Құтты болсын мерейлі күн-шаттығың,
Тілек еттік көңілдің тек ақтығын.
Алда әлі талай ғұмыр бұйырсын,
Берсін Аллам өмір бойы бақ күнін.
Еңбегіңмен сіңірдің тек адалдық,
Көрсетпесін тағдыр ешбір жамандық,
Шаттық күнде көңіліміз марқайып,
Деп тілейік болсын ылғи амандық.
Құрметті ақылы дария, шежірелі қария - Рахима апай, тағы да мерейлі мерекеңіз құтты болсын!
Отбасыңызға береке - бірлік, ұзақ ғұмыр бастар ұлы көштің алдыңғы сабында жарқырап жүре беріңіз дей келе, құрметті қонақтарымызға алтын уақыттарын қиып<<Ардақты ана,асыл әже!>> атты мерекелік кешімізге келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз.

Ұқсас жұмыстар
Балаға мейірім сыйла қайырымдылық кешінің сценарииі
Бастауышым балбұлағым жайлы ақпарат
Ардақты сөз
Алтыбақан ойын-сауық кеші
Ұстаздарыңыз соған тілекші
Қызым – қызғалдағым, ұлым – ізгі арманым ( 7 сынып )
Қызым саған айтам ... сырласу кешінің сценарииі
Кел, балалар, оқылық!
Құтты болсын қадамың, Құтты болсын талабың
4 сынып "бастауышпен қоштасу"
Пәндер