Әдебиеттік оқу: Төрт түліктің кеңесі - сабақ жоспары

Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі.
Мақсаты: Білімділігі: Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі төрт түлік
малдың ерекшелігіне тоқталу.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды төрт түлікке деген құрметке,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын
дамыту.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, слайд.
Барысы: І Ұйымдастыру.
ІІ Өткенді пысықтау.
Психологиялық дайындық.
Жарқырап күн ашылды
Айнала нұр шашылды
Біз көңілді баламыз
Сәлемдесіп аламыз
Мақсатымыз білім алу
Міндетіміз еңбектену
Өткенді пысықтау сұрағын беру.
Қызығушылықты ояту. Жұмбақ шешу.
- Кішкентай ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар.
(Қой)
- Көкке шаншып құйрығын
Келеді шауып жүйрігім.
(Жылқы)
- Екі айнасы бар, екі найзасы бар
Бір сыпыртқысы бар.
(Сиыр)
4 . Иір-иір денесі, Сахараның кемесі
Ащы шөптер-тамағы, шөлге шыдап бағады.
(Түйе)
Үй тапсырмасы. «Түйе» жатқа сұрау.
Сұрақтар беру.
Түйе жүнінен істелетін бұйымдарды ата:
Түйе сүтінен істелетін тағамдарды ата :
Түйе терісінен жасалатын бұйымдарды ата :
Ойын: Мақалды жалғастыр.
Суреттер беріледі.
- Жылқы-малдың . . . патшасы
- Бақырауық демесең, . . .
Бағалы көлік түйе ғой
3. Сиырдың сүті- . . . тілінде
4. Қойдың сүті қорғасын . . .
Қойды ұрған оңбасын
Жаңа сабақ: Оқып түсіндіру.
Мәтінді оқушыларға оқыту
Оқулықпен жұмыс.
Суреттерге қарап қай түліктің қай жерді қалайтынын дәлелдеп айту.
Сергіту сәті. «Жайылымға саяхат».
Оқулықтағы 3-тапсырмаға қарау.
Мәтіннен төмендегі сөздердің мағынасын ашатын тіркестерді дәптерге жазу.
- Тұрмыс жағдайы төмен адам Қоры үзілген қу
- Еңбекқор адам шаруа қуған бас,
- Батыл, өжет адам найза ұстаған ер
- Шаруасы жақсы бай адам ел ішіндегі зор.
Сонымен төрт түлік қандай жерді, қандай кісіні қалайды екен?
Ойын: «Қалағаныңды ал»
Төрт түліктің қандай пайдасы бар?
- Жылқы атасы қалай аталады ?
- Түйе үстіндегі тау сияқты денесі қалай аталады?
- Малдың төлдегендегі алғашқы сүті қалай аталады?
- Сиыр сүтінен қандай тағам жасалады?
- Жылқы малына байланысты қандай ұлттық ойындар бар?
Мәтінді сахналау.
Қазір қай мезгіл? Күзге байланысты өлең жазу.
Қайың, терек басынан
Сарғыш тартып жапырақ
Жерге түсіп шомылған
Жел үрлесе қалтырап
Қорытындылау:
Үйге тапсырма : Өлеңді жаттау .
«Менің сүйікті төлім» тақырыбына шығарма жазу
Оқушыларды бағалау.