Солтүстік Американың табиғат зоналары: таралу себептері мен сипаттамасы

Сабақтың тақырыбы : Солтүстік Американың табиғат зоналары

Мақсаты:

  • Материктегі табиғи зоналық ерекшеліктерінің жер бедеріне, климат жағдайларына байланыстылығын ашып көрсету және материктің табиғат зоналарына сипаттама беру.
  • СТО жобасы элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • Оқушыларды табиғатты сүюге, табиғи ортаны таза ұстауға, экологиялық ұстанымдарды сақтай білуге тәрбиелеу.

Сабақ әдісі : СТО жобасының элементтері, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, жеке жұмыс.

Сабақтың түрі : жаңа сабақ

Көрнекілігі : Солтүстік Американың физикалық картасы, интерактивті тақта, стикерлер, суреттер, презентация.

Пәнаралық байланыс: биология, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру - 3 минут
  2. Қызығушылықты ояту - 3 минут
  3. Мағынаны ашу - 15 минут
  4. Ой-толғаныс - 5 минут
  5. Үйге тапсырма - 2 минут
  6. Бағалау - 2 минут
  1. Ұйымдастыру.

Сыныппен амандасып, психологиялық ахуал орнату. Оқушыларға өсімдіктер мен жануарлардың суреттерін таңдата отырып, топтарға бөлу. Топ ережесін түсіндіру. Топ басшысын сайлау. Бағалау парақтарын тарату.

2. Қызығушылықты ояту.

Жұмбақ ретінде өлең шумағы оқылады.

  • Балалар, осы өлең жолдарында қай ерекше бір материк туралы айтылған?
  • Ендеше, бүгін өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы: Солтүстік Американың табиғат зоналары. Тақырыпты бастамас бұрын алдымен табиғат зоналарын еске түсірейікші.

(Мұғалім оқушыларға сұрақтар қоя отырып, тақтаға топтастыру құрады. )

  • Табиғат зоналары дегеніміз не?
  • Табиғат зоналарының қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?
  • Олардың қандай түрлерін білесіңдер?

3. Мағынаны ашу.

Солтүстік Америкада табиғат зоналарының таралуы ерекше болып келеді. Оған әртүрлі факторлар себеп болады. Жазықтарда табиғат зоналары 2 бағытта таралған:

1 - ендік бағытта: арктикалық, субарктикалық және қоңыржай климаттық белдеуінің солтүстігінде.

2 - бойлық бағытта: қоңыржай, субтропиктік, тропиктік және субэкваторлық белдеулерде.

Әрі қарай мұғалім табиғат зоналарының неліктен олай таралғандығын түсіндіріп, жалпы шолу жасап шығады.

Табиғат зоналары туралы одан ары толық білу үшін әр топқа оқулықпен жұмыс жасата отырып, постер құруға тапсырма береді. Оқулық және қосымша берілген суреттерді қолдана отырып, әр топ өз табиғат зоналарына сипаттама береді.

4. Ой-толғаныс.

Мұғалім оқушыларға оқулықтың қосымшасы, қосарбеті және атласты пайдаландыра отырып, дәптерге тапсырма орындатады. Әр оқушы өз қалауы бойынша қосарбеттегі санмен берілген ұлттық парктің атын жазып, қай белдеу, қай табиғат зонасы, қандай ел және материктегі орнына қысқаша сипаттама береді . Мысалы:

61 - Мамонт үңгірі ұлттық паркі, субтропиктік белдеуде, аралас және жалпақ жапырақты ормандар зонасында, материктің шығысындағы Аппалач тауларында, АҚШ елінің аумағында орналасқан.

5. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап болған соң, үйге тапсырма ретінде тақырыпты оқу, кескін картаға материктің табиғат зоналарын түсіру және әр топтың өз аты бойынша қосымша шығармашылық жұмыс жазып келуді тапсырады.

6. Әр топ басшысының бағалауын тыңдап, оқушыларды бағалайды.

Сабаққа қатысқандарына рахмет айтады.


Ұқсас жұмыстар
7-сынып географиясы: Оңтүстік Американың табиғат зоналары (сабақ жоспары)
Оңтүстік Американың табиғат зоналары (§41-42) - 7 сынып географиясының ашық сабағы
7-сыныпқа арналған география пәнінен сабақ жоспары: Оңтүстік Американың табиғат зоналары
Солтүстік жартышар материктері: Еуразия мен Солтүстік Американың физикалық-географиялық ерекшеліктері
Солтүстік Американың географиялық орны және ашылу мен зерттелу тарихы
7-сынып сабағы: Солтүстік Американың климаты - қалыптасу факторлары мен ерекшеліктері
Жергілікті табиғат зоналары мен экологиялық проблемалар: Атырау өңірінің мысалы
8-сынып: Солтүстік Қазақ жазығының физикалық-географиялық сипаттамасы мен шаруашылық маңызы
Австралияның табиғат зоналары: орналасуы мен тіршілік әлемінің ерекшеліктері (сабақ жоспары)
8-сынып географиясы: Алматы облысы мен жергілікті табиғат зоналары - сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz