9-сынып: Күш, Ньютонның екінші заңы және масса

Сыныбы: 9 «а»

Сабақтың тақырыбы:

Күш. Ньютонның екінші заңы. Масса

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға механикалық күштер туралы, олардың формуласын, бағытын түсіндіру; сонымен қатар, динамиканың іргелі заңдарының бірі Ньютонның екінші заңын тұжырымдау; масса ұғымынығ физикалық мағынасын ашу;

Дамытушылық: жүйелі түрде ойлауға, ізденуге, өз ойын ашық түрде айта білуге үйрету; білімге деген құштарлығын ояту

Тәрбиелік: мұқияттылыққа, үйымшылдыққа, топпен жұмыс жасауға, өздерін еркін ұстауға
тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту, бекіту

Қолданылатын әдістер: оқулықпен жұмыс, кестемен жұмыс, есептер шығару, топтастыру стратегиясы

Көрнекіліктер: кесте, физикалық диктант, қарточкаға жазылған деңгейлік есептер

Пәнаралық байланыс: математика

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру

амандасу, түгендеу, сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын тексеру

  1. Үй жұмысын тексеру

үйге берілген тапсырманы сабақ барысында тексеру

3. Жаңа білімді игерту

А) топтастыру стратегиясы

Анықтамасы

Қандай шама

Күш

Белгіленуі Өлшем бірлігі

түрлері

өлшейтін құрал

Жауаптары:

  1. Анықтамасы:Дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын сипаттайтын және осы әркеттің өлшемі болып табылатын физикалық шама.
  2. Күш -векторлық шама
  3. Өлшем бірлігі:Ньютон
  4. Өлшейтін құрал:динамометр
  5. Белгіленуі:F
  6. Түрлері:Ауырлық күші, үйкеліс күші, серпімділік күші, тіректің реакция күші

Ә) кестемен жұмыс (оқулықпен жұмыс)

Р/с
Күштің түрлері
Белгіленуі
Формуласы
Анықтамасы
Бағыты
Р/с: 1
Күштің түрлері: Ауырлық күші
Белгіленуі:
Формуласы:
Анықтамасы:
Бағыты:
Р/с: 2
Күштің түрлері: Серпімділік күші
Белгіленуі:
Формуласы:
Анықтамасы:
Бағыты:
Р/с: 3
Күштің түрлері: Үйкеліс күші
Белгіленуі:
Формуласы:
Анықтамасы:
Бағыты:
Р/с: 4
Күштің түрлері: Тіректің реакция күші
Белгіленуі:
Формуласы:
Анықтамасы:
Бағыты:
Р/с: 5
Күштің түрлері: Теңәрекетті күш
Белгіленуі:
Формуласы:
Анықтамасы:
Бағыты:

§ 12. Ньютонның екінші заңы. Масса

  • Күштің өзінің алатын үдеуіне ықпал ететін қасиетінинерттілікдеп аталады.
  • Масса -дененің инерттілігінің өлшемі
  • Ньютонның екінші заңы:денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал.

𝐚 = 𝐅 𝐦 \mathbf{a =}\frac{\mathbf{F}}{\mathbf{m}}

Ньютонның екінші заңының формуласын

𝐅 = 𝐚 𝐦 \mathbf{F = am}

Бұл теңдеу динамиканың негізгі заңы деп аталады. Бұдан теңәрекетті күш үдеудің шамасы
мен бағытын анықтайтыны шығады.

Ньютонның ІІ заңының негізінде күш бірлігі енгізіледі.

Күш бірлігіне массасы 1 кг дене 1 м/с 2 үдеу тудыратынын күш алынған. Си жүйесіндегі күш бірлігі Ньютон (Н) деп аталады. Сонымен,

1Н= 1 кг*м/с 2

4. Білімді бекіту

(карточкада жазылған тапсырмалар)

1 карточка

  1. ДИНАМИКА НЕНІ ЗЕРТТЕЙДІ?
  2. Күш әрекетінен массасы 1 кг дене 10 м/с2үдеу алады. Осы күш массасы 0, 5 кг денеге қандай үдеу береді?

2 карточка

  1. ИНЕРЦИЯ ҚҰБЫЛЫСЫ
  2. Ұшақтың массасы 60 т қозғалтқыштыңтарту күші 90 кН болса, ол ұшар алдындағы жолда қандай үдеу алады?

3 карточка

  1. НЬЮТОННЫҢ БІРІНШІ ЗАҢЫ
  2. Массасы 0, 2 кг тыныштықта тұрған денеге 5 с бойы 0, 1 Н күш әрекет етеді. Осы дене қандай жылдамдық алады және сол уақыт ішінде қандай жол жүреді?

4 карточка

  1. ИНЕРЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИНЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС САНАҚ ЖҮЙЕСІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
  2. 2 Н күш әрекет еткен кезде 4 см ұзарған серіппенің қатаңдығын тап.

5 карточка

  1. КҮШ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
  2. Массасы 2 кг дене жоғарыдан 9, 8 м/с2тұрақты үдеумен Жерге түседі. Денеге әсер етуші күші неге тең?

6 карточка

  1. НЬЮТОННЫҢ ЕКІНШІ ЗАҢЫ
  2. Массасы 5 кг денеге әрекет ететін қорытқы күш 10 Н. Дененің үдеуі неге тең?

5. Үйге тапсырма

1. § 11, 12; 10 жаттығу

2. Күш туралы мақал-мәтелдер

6. Қорытындылау, бағалау

А) «Алты қалпақ» әдісі

Ә) Бағалау


Ұқсас жұмыстар
9-сыныпқа арналған физика сабағы: Ньютонның екінші заңы және масса
Ньютонның екінші заңы және масса: 9-сыныпқа арналған зертханалық сабақ жоспары
9-сынып физика: Ньютонның екінші заңы мен масса - қысқа мерзімді сабақ жоспары
10-сынып физикасы: Ньютонның үш заңы, күш және масса - сабақ жоспары
9-сынып физикасы: Күштер, Ньютонның екінші заңы және масса - сабақ жоспары мен бағалау критерийлері
Физика: Ньютонның екінші заңы және масса - ашық сабақ жоспары
9-сынып: Ньютонның үшінші заңы және оның ерекшеліктері
Физика практикалық жұмыстары №1-5: еркін түсу, серпімді деформация, Ньютонның екінші заңы, механикалық энергия және импульстің сақталуы
9-сынып физикасы: Ньютонның бірінші заңы және инерциялық санақ жүйелері - сабақ жоспары
Ньютонның үшінші заңы мен Галилейдің салыстырмалылық принципі: 9-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz