Электрондық кестені есептеулерге қолдану. Диаграмма құру

МҚКК «Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі»
«Бекітемін» «Бекітемін»
Колледж әдіскері: Директордың ОІ жөніндегі орынбасары ___ Н. Ж. Тілеубергенова ___ А. У. Муканова
« » 2015ж. « » 2015ж.
Ашық сабақ
Тақырыбы: Электрондық кестені есептеулерге қолдану. Диаграмма құру.«Қаралды»
Циклдық әдістемелік отырысында қаралды және бекітуге ұсынылды
ЦӘБ жетекшісі: Г. К. Кожанова
« » 2015ж.
Хаттама №
Дайындаған: информатика пәнінің оқытушысы Жадыра Жаңбырбайқызы Ниетбаева
Ақтөбе - 2015/16 оқу жылы
Ашық сабақ жоспары:
Пәні: Информатика Тобы: 711 Күні: 04. 11. 2015ж Мамандығы: «Ветеринария»Сабақтың тақырыбы: Электрондық кестені есептеулерде қолдану.
Диаграмма құру.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік - сандық информацияны электрондық кесте көмегімен комьпютерде өңдеу принциптерін, формуланы жазу тәсілдерін білу, практикалық тапсырмаларды шешу, диагаммалар құру біліктілігін қалыптастыру.
ә) дамытушылық - программалық қамтамасыз етумен жұмыс істей алу дағдысын, объектінің компьютерлік моделін құру біліктілігін дамыту.
Ойлау қызметінің салыстыру, талдау тәсілдерін жетілдіру.
б) тәрбиелік - құрал-жабдықтарды ұқыпты ұстауға, сабақта назар қойып отыруға, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Тақырыптың негізгі түсінігі:
Кестелік процессор, ұяшық, жол, баған, мәтін, функция, формула, диаграмма ЭК фомуланы жазу; абсолюттік, салыстырмалық, аралас сілтемелер.
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:
Оқушылар білуі тиіс:
- кестелік процессор, ұяшық, жол, бағана, мәтін, формула, ЭК формуланы жазу; абсолюттік, салыстырмалық, диаграммалар құру;
- олардың қолданылу тәртібін;
- формула жазудың тәсілдерін.
Оқушылар үйренуі тиіс:
- мәтін, формула жазуды;
- ұяшықты форматтауды;
- сілтемелерді пайдалана білу тәсілдерін.
Сабақтың типі: практикалық жұмыс Сабақ әдісі : сұрақ-жауап, түсіндірме, тест тапсырмалары, тапсырмалар, слайдтар. Сабақтың көрнекілігі: тарату карточкасы- тапсырманың моделін құруды дұрыс ұйымдастыруды.
Техникалық құралдар : компьютер құрылғылары, интерактивті тақта
Пән аралық байланыс : математика, физика, экономика, сызу, ағылшын
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Ой шақыру «Құпия сөздің сырын ашайық»
III. Диаграммамен есептердің жолдарын түсіндіру.
ІV. Практикалық есептер шығару.
V. Тест тапсырмалары сөзжұмбақ шешу.
YI. «Санаға сапар» ой түйіндеу практикалық жұмыс
VІ. Үйге тапсырма. Бағалау.
Ой шақыру «Құпия сөздің сырын ашу»
Адасқан әріптерден сөз құрап, олардың қазақша атын айтып орысшаға, ағылшынға аудару керек.
- Кітап-книга-Book; Excel іске қосылғаннан кейін, экранда кестенің жұмыс істеу беттері жұмыс кітабына біріктірілген.
- Бет- страница- list; Жұмыс кітабы жұмыс бетінен тұрады
- Ұяшық- ячейка- cell; Жұмыс беттері ұяшықтан тұрады;
- Диаграмма-диаграмма-diagram ; мәліметтерді графиктік түрде көрсету
- Кесте-таблица- table; Кесте бірнеше ұяшықтан тұрады;
- Формула-формула- formula; Excel де формулалар жазу арқылы есептеуге болады;
Диаграммалар - мәліметтерді графикалық түрде кескіндеудің ыңғайлы түрі. Олар берілген сандық шамаларды ұяшықтарда үңіліп қарағаннан гөрі салыстырмалы түрде бағалау мүмкіндігін береді. Диаграмма бір ұяшықта тұрған қатені де тез көрсете алады. Excel - де 14 түрлі мынадай диаграмма түрлері бар:
Диаграммалар келесі типтегідей болып келеді:
Гистограмма түріндегі диаграмма.
Сызықтық диаграмма
Диаграммалар жасау үшін Диаграмма шебері пайдаланылады. Диаграмма шебері орындаған әрбір қадам барысында пайдаланушы диаграмма қандай күйде екенін көріп отырады. Кез келген сатыда артқа қайта оралып, істелген әрекетті болдырмай тастауға болады. Жұмыс аяқталған кезде экранда диаграмма пайда болады. Оның көрінісін көптеген батырмалар және пішімдеу әрекеттерінің көмегімен өзгертуге болады.
Диаграмма шеберін қолдану кезінде мынадай әрекеттерді орындаймыз:
1. Диаграммаға кірістіру қажет деректерді бөлектеп аламыз.
2. Вставка → Диаграмма мәзірін таңдап немесе Стандартты құралдар үстеліндегі Диаграммалар шебері батырмасын шертеміз.
Диаграммалардың тор, тақырыптар және аңыз ( легенда ) сияқты элементтері бар.
Тақырыптар диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін пайдаланылады.
Аңыз (легенда) диаграммада ұсынылған мәліметтердің қатарын айырып тануға көмектеседі. Қандайда бір мәліметтердің (бағандардың немесе жолдардың мәндері) негізінде диаграмманы құру үшін диаграмманың таңдалынған типін құруға талап етілетін ұяшықтардың ауқымын көрсету қажет. Ал содан кейін кестелік процессорда бар диаграммалар шеберімен диаграмманы құру керек.
Диаграмманың кейбір типтерін мысалда қарастырайық:
Диаграмманы салу үшін:
- Диаграмма құратын мәліметтерді енгізу қажет.
- Диаграмма құруға қажет мәліметтерді жұмыс парағында ерекшелеу;
- Вставка(Қою)менюіндегіДиаграммакомандасын таңдау немесеСтандарт аспаптартақтасындағы батырмасын шерту;
- «Мастер диаграмм» (Диаграмма шебері)диалогтік терезесінде диаграмма түрін таңдау қажет;
- Келесі қадамға өту үшін <Далее> (Жалғастыру) батырмасы қолданылады;
- Кез келген қадамда диаграмманы құру үшін <Готово>(Дайын)батырмасын шертуге болады, сондаДиаграмма шеберідиаграмманы құруды аяқтайды.
- Соңғы терезесіндегі <Готово>(Дайын)батырмасын шертіңіз.
Диаграмманың немесе басқа объектінің, мысалы, суреттің өлшемін өзгерту үшін оған тінтуірді шертіп, пайда болған белгілеу маркерлерін жылжыту арқылы өзгертуге болады. Диграмманың түрі мен параметрін
өзгерту үшін диаграммаға тінтуірдің оң жақ батырмасын шертіп, контекст менюіндегі қажет команданы таңдау керек. Диаграмманы жою үшін оған тінтуірді бір рет шертіп, Delete пернесін басамыз.
«Санаға сапар» ой түйіндеу практикалық жұмыс
1-тапсырма: колледжіміздегі есептеу техникасының мамандығына түскен әр жылдардағы оқушылар саны «Барлық оқушы саны» деген жолды Автосумма арқылы қосып шығарыңыз.
Отбасы мүшелерінің жастарына байланысты диаграмма құру.
Сергіту әдісі.
Көздеріңізді жұмып, алақандарыңызбен жабыңыздар. Елестетіңіз, ойша ақ параққа тушпен өз атыңызды жазып көріңіз. Егер бұл болып жатса, онда әріптеп жөніңізді, тегіңізді жазыңыз, әр әріпті нақты елестетіңіз. соңына нүкте қойыңыз.
Үйге тапсырма. Бағалау.
«Ешқашан да бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ деп санаушы болма», - деген Н. Д. Зилинскийдің сөзін әрқашан жадымызды ұстап, сабағымызды аяқтаймыз. Сау саламатта болыңыздар!
Осы түстегі қалпақтарды алып сендердің пікірлеріңді тыңдайық.
Қызыл қалпақ таңдаған оқушы мынандай сұрақтарға жауап береді:
Ехсел бағдарламасын қалай іске қосамыз?
Сары қалпақ ұстаған оқушыға сабақтың жағымды тұстары қандай болды? Оның артықшылығы қандай? Саған не ұнайды?
Жасыл қалпақты оқушыма Диаграммалардың неше типі бар?
Қара қалпақ ұстаған оқушыма келесіде не үйренеміз?
Диаграммаларға түрлі өзгерістер енгізіп, әрлеу жұмыстарын жүргізуді. Сұрыптау мен сүзгіден өткізуді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz