Оңтүстік Американың табиғат зоналары. Материктер мен мұхиттар географиясы

№8 негізгі орта мектебі

Тақырыбы:

§ 41-42 Оңтүстік Американың

табиғат зоналары

Өткізген: Калыбекова С. Б.

2013-2014 оқу жылы

Күні: 25. 01. 2014

Сыныбы : 7 «А»

Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Тақырыбы: § 41-42 Оңтүстік Американың табиғат зоналары

Мақсаты:

І Білімділік: Табиғат кешендеріне сипаттама бере отырып, Оңтүстік Американың табиғат зоналарына жеке-жеке тоқталу.

ІІ Тәрбиелік: Оқушыларға Оңтүстік Американың қайталанбас тіршлік дүниесін қорғау және сақтау шараларын түсіндіру барысында эстетикалық және экологиялық тәрбие беру.

ІІІ Дамытушылық: Оқушылардың картамен, кестемен, электронды оқулықпен жұмыс жасауын одан әрі дамыту.

Көрнекіліктер: Жарты шарлар картасы, атлас, таратпа материалдар, электронды оқулық, Оңтүстік Американың табиғат зоналары картасы

Сабақ типі: Аралас сабақ

Әдіс-тәілдер: әңгімелеу, сұрақ-жауап, пысықтау, көрсетілімді әдіс.

Сабақ жүрісі:

І Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу, сыныпты түгендеу
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

§ 40 Ішкі сулары (Оңтүстік Америка материгінің)

Географиялық диктант.

  1. Оңтүстік Американың негізгі суайрығы - . . . тауы. (Анд)
  2. Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама - Анхель . . . таулы үстіртінде орналасқан. (Гвиан)
  3. Түбінен мұнай өндірілетін көл - . . . (Маракайбо)
  4. . . . су жинау алабы Аустралия материгінің ауданымен пара-пар. (Амазонка)
  5. Титикака көлі үндістер тілінен аударғанда . . . деп аталады. (Қалайы алаңы)
  6. 300 тармаққа бөлініп, биік жартастардан құлап ағатын, табиғаты ең әсем сарқырама - . . . (Игуасу)
  7. Жазда кеуіп қалатын тұзды көл - . . . деп аталады. (Поопо)

Бағалау шкаласы:

0-1 - «2»

2-3 - «3»

4-5 - «4»

6-7 - «5»

ІІІ Өткен сабақты бекіту

ІV Жаңа сабақтың мақсатын қою

V Жаңа сабақты түсіндіру

Оңтүстік Америка жерінде мынадай табиғат зоналары ажыратылады:

  1. Ылғалды экваторлық ормандар (гилея) ;
  2. Ауыспалы ылғалды (муссонды) ормандар;
  3. Саванналар мен сирек ормандар;
  4. Субтропиктік қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар;
  5. Жалпақ жапырақты ормандар;
  6. Субтропиктік дала (пампа) ;
  7. Шөлейт және шөл;
  8. Анд тауларындағы биіктік белдеулер.
Табиғат зонасы
Табиғат жағдайы
Топырағы
Өсімдігі
Жануарлары
Табиғат зонасы:

Ылғалды экваторлық ормандар (гилея)

мен ауыспалы ылғалды ормандар (сельвас)

Табиғат жағдайы: Орман іші өте ыстық, әрі қапырық, оның төменгі бөлігіне жарық жетпейді
Топырағы: Қызыл-сары ферралитті
Өсімдігі:

Ағаштардың биіктігі 80 м-ге дейін жетеді. Мұнда шөптесін өсімдіктер өспейді.

Лиана, папоротниктер, орхидея, гевея, бальс ағашы, хина ағашы, какао, сейба, қауын ағашы өседі.

Жануарлары: Бақырауық және ілмекқұйрық маймылдар, жалқауаң, тапир, опоссум, құмырсқа жегіш, қан сорғыш жарқанаттар, пекари шошқасы мен ең ірі су шошқасы - капибара, ягуар, пуна, тоты құс, тукан, гаоцин, колибри, ұзындығы 12 м-ге жететін анаконда кездеседі. Жәндіктер өте көп
Табиғат зонасы:

Саванналар мен сирек ормандар

Ориноко саваннасы - льянос , Бразилия саваннасы - кампа с

Табиғат жағдайы: Саванналардың көрінісі жыл мезгілдеріне байланысты өзгеріп отырады.
Топырағы: Ферралитті қызыл топырақтан қызыл-қоңыр топыраққа ауысады
Өсімдігі:

Льяноста - пальмалар, акация, биік шөптесін өсімдіктер таралған.

Кампоста -ағаштар аз, көбіне тікенекті кактус, мимоза, сүттіген, бөтелке ағашы, кебрачо өседі.

Жануарлары: Пекари, ергежейлі бұғылар, тапир, жалды қасқыр, сауыттылардың бірнеше түрі, құмырсқа жегіштер, нанду түйеқұсы
Табиғат зонасы:

Субтропиктік дала

(пампа)

Табиғат жағдайы: Ла-Плато жазығын алып жатыр. Жазы ыстық, қыста температураны төмендететін желдер соғып тұрады.
Топырағы: Құнарлы шымды қызғылт топырақ
Өсімдігі: Пампа шөбі, қоңырбас, қамыс
Жануарлары: Пампа бұғысы, пампа мысығы, пампа түлкісі, оцелот, кеміргіштер. Өзен жағаларында теңіз шошқасы, терісі бағалы саз құндызы мекендейді.
Табиғат зонасы: Шөлейт зонасы
Табиғат жағдайы: Қиыр оңтүстіктегі Патогония жерін қамтиды.
Топырағы: Сұр, қоғыр топырақ
Өсімдігі: Сирек шөптер мен аласа кактусты тікенекті бұталар, жастық тәріздес өсімдіктер өседі.
Жануарлары: Сауыттылардың бірнеше түрі, кемірушілер, пампа бұғысы, пампа мысығы, магеллан түлкісі, ірі құстар, гуанако ламасы мен пума

Атакама жағалық шөлінде тәулік ішінде температура 25-30°С-қа ауытқиды. Соның әсерінен мамыр мен қараша аралығында бриз желдері салқын, «соқыр» тұмандарды - гаруаны қалыптастырады. Осы мол ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін тамыржемісті және түйнекті өсімдіктердің ерекше тобы ломас деп аталады. Анд тауында ламаның жабайы түрі - викунья мен гуанако мекендейді. Ал жергілікті халық - альпако мен кәдімгі ламаны қолда ұстайды.

3500-3900 м биіктікте биік таулы шөптесін өсімдіктерден тұратын пуна белдеуі басталады. Бұл белдеуде аласа ағаштар мен жастық тәрізді бұталар, селеу, бетеге, ерекше әсем өсімдік - Раймонд пуйясы өседі.

Кактустың шыққан жері - Бразилия таулы үстірті

VІ Жаңа сабақ бойынша оқушылардың түсінігін тексеру

Термин сөздер:

Гилея - Амазонканың ылғалды экваторлық ормандары

Сельвас - ауыспалы ылғалды Амазония ну орманы

Льянос - Ориноко саваннасы

Кампос - Бразилия саваннасы

Пампа - Ла-Плата жазығын алып жатқан жазық дала

Гаруа - Атакама шөлінде мамыр мен қараша айларында қалыптасатын «соқыр тұмандар»

Ломас - ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін тамыржемісті және түйнекті өсімдік.

Гуано - құстың саңғырығы, аса бағалы азотты тыңайтқыш

VІІ Бекіту

  1. Оңтүстік Американың жазық бөлігінде қандай табиғат зоналары орналасқан?
  2. «Ғаламшардың өкпесі» деп қай аймақты айтады?
  3. Льянос пен кампостың қандай айырмашылықтары бар?
  4. Анд тауының символы деп қандай жануарларды атайды?
  5. Амазония ормандарының қазіргі экологиясы туралы не айта аласың?

Семантикалық карта


Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік жарты шар материктеріне сипаттама бер
Сабақ жоспарлары. 7 сынып
Тіршіліктің пайда болу географиясы
Оңтүстік американың халқы және елдері
Формативті бағалау
"жаратылыстану ғылымы және Қазақстан" факультатив курсының бағдарламасы. 11 сынып
География ғылымының негізгі ерекшеліктері
Африка материгі. 7-сынып
Д.ж. мұхит
Дарынды және үлгерімі төмен оқушыларды сабаққа тарту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz