Қазақстандағы экологиялық мәселелер

Қысқа мерзімді жоспар Пән мұғалімі:
Қазақстандағы ауыр өнеркәсіп дамуы және экологиялық дағдарыс пен оның салдары туралы біледі;
Қазақстандағы негізгі өндіріс орталықтары мен оның орналасқан аумағын картадан көрсете алады;
Қазақсанның жалпы өнеркәсіп саласының не себепті тек өндірушілік бағытта ғана болғанын өздігінен талдау жасай алады;
Экологиялық дағдарыстың шығу себебі мен оның әкеп соқтыратын салдарын саралап, қорытындылап, өз бетінше проблемаларды шешу жолдарын таба алады;
Республикамыздағы экологиялық ахуалдарды деректер бойынша нақты фактілер мен түрлі-түсті слайд фильмдер арқылы көз жеткізеді. Жер бетіндегі тіршілік атаулының қайнар көзі - күн, су, ауа жайлы түсінікті және олардың денсаулыққа пайдасын, пайдалану жолдары туралы түсініктерін кеңейтеді.
- Кіріспе
Жаттығу барысы: Сәлем “Еңбекқор Ернар”
2. «Менің көңіл-күйім» парақшасын толтырып, көңіл-күйлерімен бөлісті
- Тұсаукесер
- Үй тапсырмасын тексеру. Сәйкестендір:
А. 3-15% В. 3% С. 12% Д. 20%
Жергілікті ұлт-өкілдерінің республика тұрғындарының арасындағы үлесі:
А. 32, 6% В. 29% С. 36%
1971- 1989жж жұмысшылар мен қызметкерлердің айлық табысы өсті:
А. 133, 9 сомнан 259, 3 сомға В. 210 сомға
С. 247 сомға Д. 1237 сомнан 233, 7 сомға
Е. 51, 1 сомнан 93, 2 сомға
Мұғалім: Оқушылар мында бізге смс келіп тұр. Қане оқып жіберейікші.
Блум таксономиясы бойынша сұрақтар:
- Қазақстанда жергілікті халықтардың үлесі басым болып келетін қандай аудандар?
- Жалақының өсуі іс жүзінде әлеуметтік алға басудың айғағы ма?
- Жергілікті ұлт өкілдерінің республика тұрғындарының арасындағы үлесінің өсуі неге байланысты?
- Елде тапшылықтың өсуі, қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс, әлеуметтік салада арттақалушылықтың себебі қандай?
- Сұранысы жоғары деген тауарларға бағаның артуы алыпсатарлық пен парақорлыққа қандай қатысы бар?
- Карточка жүйесінің енгізілуі жақсы ма, әлде жоқ па?
Ұйымдастыру . Мозаика құрастыру арқылы топқа бөлу
Көлік құралдары:1. Машиналар 2. Кемелер
3. Ұшақтар 4. Велосипедтер
Мұғалім осы көлік құралдарының ішінде қайсысы экологияға зиян келтірмейді?
Мұғалім “экология” сөзіне ассоциация ұсынды . Оқушылар “экология ” ұғымына балама жазды. Топпен тақырыпты қорғады.
- Негізгі бөлім
Жаңа сабақтың тақырыбы: “Қазақстандағы экологиялық мәселелер”
Эпиграф:
«Экологиялық мәселелер - ең маңызды өмірлік мәселелердің бірі, өйткені әңгіме адамның ғұмыр кешетін ортасы жайында, болашақ ұрпақтардың өмірі туралы болып отыр»- Ш. Айтматов
“Семей полигоны”, “Арал тағдыры” тақырыбында бейнетаспа көрсетіледі. Оқушылар Қазақстандағы экологиялық проблемаларды ой елегінен өткізеді.
2. Оқулықтағы жаңа тапсырманы ЖИГСО әдісі арқылы бөліп береді
1-топ: Семей ядролық полигоны
2-топ: Аралдың экологиялық проблемасы
3-топ: Балқаш проблемасы 4-топ: Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластану«Сен білесің бе?»
- Адам баласы тәулігіне 1кг ас пен 2л суды пайдаланатын болса, ал оның тыныс алуы үшін тәулігіне 25 кг ауа қажет екен
- Арал теңізінің, ядролық зарядтарының жалпы қуаты 1945 жылы Херосимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2, 5 есе көп
- Ғалымдардың есептеуі бойынша, Арал теңіз табанынан атмосфераға жылына200 млн тоннаға дейінтұзды шаң-тозаң ұшады.
- Сырдария өзені ағысының 35-40% өндіріс орындарының қалдық суларынан тұрады
.
- Қорытынды
Хабарымызға келген қонақпен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Саясткер………. .
Жүргізуші: 20 - ғасырдың ядролық қару деген кесапатты дүниеге алып келді. Сынақтар, сол сынақ өткізетін жер - полигондар пайда болды. Сондай қасіретке әлемнің біраз жері, оның ішінде қазақ жері - халқымыздың аяулы перзенттері дүниеге келген Семей жері де ұшырады. Семей полигонының қасіреті мен зардаптары туралы саясаткердің баяндап беруін сұраймыз Саясаткер:
2-топ: Экологиялық апатқа әкеп соқтырған негізгі фактолар(Теріс жақтары)
3-топ : Көрініс
4-топ: Экологиялық проблемаларды шешу жолдары жоба қорғау
Қосымша оқу
Үйге тапсырма
Мен сабақта қиналдым. Неден?
Маған сабақ жеңіл болды. Неге?
Менің көңіл-күйім
№1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясы
Темір ауданындық тамыз конференциясына ұсынылатын панорамалық сабақ жоспары
Тақырыбы: Қазақстандағы экологиялық мәселелер
Тарих пәні мұғалімі: Салиманова Жанылсын Кадиржановна
2013-2014 жыл
Хабарымызға келген қонақпен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Саясткер………. .
Жүргізуші: 20 - ғасырдың ядролық қару деген кесапатты дүниеге алып келді. Сынақтар, сол сынақ өткізетін жер - полигондар пайда болды. Сондай қасіретке әлемнің біраз жері, оның ішінде қазақ жері - халқымыздың аяулы перзенттері дүниеге келген Семей жері де ұшырады. Семей полигонының қасіреті мен зардаптары туралы Саясаткерлердің баяндап беруін сұраймыз Саясаткер:.
Табиғатты қорғау проблемаларын шешу жолдары. /Оқушылар тапсырма бойынша жоба дайындайды және қорғайды/
3-топ Көрініс :
Дауыл: Ау, Арал! Қалың қалай? Неге мұңайып отырсың?
Арал:
Дауыл достым-ау! Мұңаймай қайтейін, маған ешкім соқпайтын болды, бұрын сен де жиі келуші едің, толқындарымды тасытып, көңілімді көтеруші ең. Сенде соқпайтын болдың.
Дауыл:
мұңайма достым. Бізге де күн туар, толқының қайта тұрар, байлығың қайта толар.
Арал:
Әй, қайдам! Ондай күн көзімнен бұл-бұл ұшты ғой.
Дауыл:
Сені осындай күйге түсірген адамдар ғой, сен олардан кек алуың керек. Сені олар аямады, сен де оларды аяма.
Арал:
Сонда сен маған не дейсің? Адамдарға қатігездік жаса дейсің ба?
Дауыл:
Иә, достым. Олар сені аямады, сен де оларды аяма!
Арал:
сонда не істе дейсің?
Дауыл:
«Маған ерік бер. Мен жағалауыңдағы тұз бен сорды оларға шашамын. Көрсін қандай екенімізді!
Арал:
Ендеше бердім рұқсатымды. Өзің біл не істесең де!
Автор:
бұлардың сөзін тыңдап тұрған күн-ана мен бұлт-апа сөзге араласты.
Күн:
Әй, Арал, алдандың ба? Ана құтырған дауылға неге еркіндік бердің? Әй, бұлт бердеңе десейші, Дауылға!
Бұлт:
Ол дауыл мені тыңдамайды ғой.
Арал:
Мен бе алжыған. Алжыған, адасқан адамдар. Бізді олар аямады, бізде аямаймыз оларды.
Автор:
Міне, кешегі ару Арал тағдыры мынандай. Сондықтан табиғатты қорғау бәрімізге ортақ іс. Табиғат туған үйіміз. Оны қорғау біздің бәріміздің абыройлы борышымыз, парасатты парызымыз!
Мәтін:
1950ж Қазақстан нағыз экологиялық апат аймағына айналды. Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдаршығарылды. 1949ж -1963ж аралығында ауада қуаты әртүрлі 113 ашық жарылыс жасалған. 1964-1989жж 19 қазанына дейінгі аралықта қуаты 150кт-ға дейін 343 жерастылық жарылыс жасалған. Кеңес еліндегі ядролық қару сынақтарының 70%- ға жуығы Семей полигонында өткізілді. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті. Батыс Қазақстандағы Капустин Ярда атом полигоны жұмыс істеп тұрды. Белгілі ақын Олжас Невада-Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
Аралдың экологиялық проблемасы Арал теңізі деңгейінің төмендеуі(1960-2010 жж. ) Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км² жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландиямұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді.
Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz