Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Жазғытұры А. Құнанбайұлы

Сабақтың тақырыбы: Жазғытұры А. Құнанбайұлы
Мақсаты: өлеңді оқып, ақынның табиғатты ауыл өмірін бейнелеудегі
ерекшелігін сезінуге және лирика туралы алғашқы қарапайым
түсініктер алуға мүмкіндік жасау қайталау арқылы Абайдың
өлеңдерін еске түсіру, білетіндерін санада жаңғырту арқылы

оқушылардың қызығушылығын ояту
Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру
Түрі: кіріктірілген сабақ
Көрнекілігі: ақын портреті, слайд
Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі

Қоңырау соғылған соң оқушылар есімдері жазылған арнайы табиғат тақырыбына сай ілінген жапырақ, қар ұлпалары және гүлдерді таңдау арқылы топқа бөлінеді. (3 мин)
1-топ: Күз (жапырақтар)
2-топ: Қыс (қар ұлпалары)
3-топ: Жаз (гүлдер)

ІІ. Қызығушылықты ояту ( 5 мин.)
1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару мақсатында өткелі отырған тақырыпты ашу мақсатында Аудиожазба ұсынылады <<Күз>> өлеңі. Соған сай өлеңнің авторы туралы оқушылармен бірге талқыланады. (туған жылы, өскен ортасы, т.б.)
2. <<Жасырын өлең>>. Оқушыларға өткен сыныптардан, бұрыннан таныс өлеңдерінен үзінділер беріледі, үшеуі таныс, біреуі өткелі отырған тақырып. Таныс емес өлең жолдарын бөлек шығарады.
1. Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба (2-сынып)
.....................................
2.Ақ киімді денелі ақ сақалды
Соқыр мылқау танымас тірі жанды (2-сынып)
...........................................................
3.Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан (1-сынып)
......................................
4.Кемпір - шал шуақ іздеп, бала шулар,
Мал мазатсып, қуанып, аунап - қунар <<Жазғытұры>> (3-сынып)

ІІІ. Мағынаны тану.
Абайдың <<Жазғытұры>> өлеңімен танысамыз. Өлеңмен таныспас бұрын Абай туралы қосымша мәліметке назар аударайық. Абай туралы сіздерге қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мира Шайхоллақызы айтып береді. (Ақын туралы бейнебаян тамашалайды, кейін бұрышқа жасақталған Ақынның шығармшылығына арналған кітап - көрмемен таныстырады.) (6 мин)

Мәнерлеп оқу. Өлеңді мәнерлеп жатқа 6- сынып оқушысы Сапиева Дильназ оқиды.
Мұғалімнің түсіндірмесі жүзеге асады. (5 мин)

Сөздікпен жұмыс: масатыдай құлпырар-кілемдей түрленер
Анталаса-қуана, қараса
Мазатсып-рахаттану, масайрау
Қу-аққу (1,5 мин)

Түртіп ал. Өлеңді оқыған кезде көктем табиғатынан құлағыңа қандай дауыстар естіледі? Кітаптан іздеп, түртіп алу. (боздаған түйе, қорадағы мал дауысының шуы, дуылдаған құстар мен көбелектер, сыбдыр қаққан су, балалардың шуы) (1,5 мин)

Сергіту сәті: Кейін оқушыларға сол дыбыстарды жасату.
1-топ: Жаңбыр
2-топ: Боран
3-топ: Құстардың дауысы (3 мин)

Өлең құрылысына талдау. (4 мин)
1. Өлеңнің авторы: А.Құнанбайұлы
2. Өлеңнің аты: <<Жазғытұрым>>
3. Шумақ саны: 1
4. Тармақ саны: 14
5. Буын саны: 11
6. Өлеңнің түйіні: ......................................................

ІV. Ой толғаныс. Шығармашылық тапсырма: (7 мин)

1-топ: Жаз мезгіліне байланысты аппликациялық жұмыстар
2-топ: Жаз мезгіліне сай сурет салу.
3-топ: Дәнді дақылдарды пайдалану арқылы жазды бейнелеу.

Үй тапсырмасы: өлеңді жаттау
Бағалау. (3 мин)

Ұқсас жұмыстар
А.Құнанбаев- қазақ халқының ұлы ақыны
Бес асыл қасиет
А. Құнанбаев Ескендір поэмасы
Абайдың суреттері
Сатылай кешенді талдау жасау
Абайдың сөзі асыл
Оқушылар сабаққа
Абайтану таңдау курс бағдарламасы. 5 сынып
"жазғытұры" абай құнанбаев
Абайды оқы - таңырқа Ұлы ақынның балалық және жастық шағы
Пәндер