Сабақ жоспары :: Физика

Файл қосу

Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы

Сабақ жоспары
Сабақ реті_17 _ Пәні физика _ Сынып 7 Күні: 27.10.15
Сабақтың тақырыбы: Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсаты:
Механикалық қозғалыс тақырыбын жалғастыра отырып, жаңа ұғыммен танысу, санақ денесі, қозғалыс салыстырмалылығы туралы ақпарат алу.
2. Дамытушылық мақсаты:
Жаңа алыңған білімді өткен тақырыптармен байланыстыра алуға дағдыландыру,
3. Тәрбиелік мақсаты:
Реттілікке, логикалық ойлауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:
Аралас, жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау, бекіту, қайталау.
Сабақтың Әдіс-тӘсілдері:
Әңгіме, лекция, кітаппен жұмыс, видео әдісімен, танымдық ойындар.
Сабақтың кӨрнекіліктері:
Плакаттар, суреттер, слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.
Теориялық білімдерін тексеру.
ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру:
1. Механикалық қозғалыс дегеніміз не?
2. Қозғалыс дегеніміз қандай ұғым?
3. Механикалық қозғалысқа мысал келтір.
ІV. Жаңа материалды қабылдауға Әзірлік, мақсат қою.
Бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты санақ денесімен және қозғалыстың салыстырмалылығымен таныстыру.
V. Жаңа материалды меңгерту:
Дененің немесе дене бөлшектерінің уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы бұрынғы орнының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады.

Қозғалмайды деп есептелетін және басқа денелердің қозғалысы соған салыстырылып қарастырылатын денені санақ денесі деп атайды.
Ал, онымен салыстырғанда бұрынғы орнын өзгертетін дене қозғалыстағы дене деп аталады.

Кез келген механикалық қозғалыс салыстырмалы болып табылады.
Санақ жүйесі.Зерттеліп отырған қозғалысты сипаттау үшін дененің уақытқа байланысты өз орнын қалай өзгертетінін білу керек. Ол үшін санақ денесімен байланысқан координата жүйесін сызамыз.

Координата жүйесі суретте көрсетілгендей, өзара тікбұрыш жасап қиылысатын үш түзу сызықтан тұрады. Санақ денесі осы түзулердің қиылысу нүктесінде, яғни О нүктесінде қиылысқан деп есептеледі.
Санақ денесімен байланысқан сызықтар жүйесін координа жүйесі деп, ал сызықтардың қиылысу нүктесін санақ басы немесе координата басы деп атайды.
Сонымен, санақ жүйесі деп санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағатты айтамыз.

VI. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру:
1. Механикалық қозғалыс деп нені айтады? Мысал келтіріңдер?
2. Санақ денесі деген не? Мысал келтіріңдер.
3. Тыныштық салыстырмалы дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
VII. Үй тапсырмасын беру: §11, сұрақтарға жауап беру.
VIІI. Баға қою.

Ұқсас жұмыстар
Санақ денесі
Жай бөлшектер тарауын қайталау
Тең айнымалы қозғалыс деп дененің жылдамдығы
Жарық энергиясы
Ньютонның і заңы
Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары
Күш. деформация
Инерция күшінің көздері
Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененің
Кинематика және динамика тарауларын қайталау
Пәндер