Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары (Домбыра, қобыз , жетіген)

Ашық сабақтың тақырыбы: « Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары»(Домбыра, қобыз, жетіген)

Өткізген:Дайындаған:Есмакаева Айдана Балгабайевна

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы. МҚКК «Айгөлек» бөбектер бақшасы.

Тақырыбы: « Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары»(Домбыра, қобыз, жетіген)
Мақсаты: Балалардың қазатың ұлттық аспаптарына деген қызығушылығын арттыру. Ұлттық аспаптарды бір-бірінен ажырата білуге үйрету.
Әдіс - тәсілдері: таныстыру, сұрақ - жауап, қимыл жаттығуы, би қимылдары, аспаптарды таныстыру, дидактикалық ойын.
Сабақтың көрнекілігі: аспаптар: домбыра, қобыз, сыбызғы(шын сахнада қолданылатын аспаптар), слайд, ойын тақташалары, мойынға тағатын эмблемалар( лентадан жасалған, басына аспаптар суреті тағылады) .
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.

Балалар залға музыка әуенмен кіреді (күйсандықта ойнап қарсы алу) .
Жетекші:
- Сәлеметсіздер ме балалар? (әндетіп амандасады)
Балалар:
- Сәлеметсіз бе! (әндетіп амандасады)

Кәнеки бәріміз шеңберге тұрайық.

Көңіл күйімізді сурайық.

Шеңберде тұрып қимылды жаттығуларды әннің ырғағына келтіріп жасайық.

(Ән: Айгерім Қалаубаева «Көңілді күн»)

- Екі қолды алға созып, қолды ішке қарай бұрау, тізені бүгіп тұру;
- Екі қолды жоғары көтеріп, қол буындарын ішке қарай бұрау, тізені бүгіп тұру;
- Қолды екі жаққа созып, қол буындарын бұрап, бір орында айналу;
Балалар баяу музыкамен орындарына отырады.
Жұмбақ жасыру
Ұзын мойын екі шек,
Қатар - қатар тепкі
Басып қалсаң бір бірлеп
Күй шығады күмбірлеп.
- Балалар, бұл жұмбақтың шешімін білесіңдер деп ойлаймын, солай емес пе әлде қателесемін бе?

Балалар: Домбыра

Әрине, дұрыс айтасындар. Жарайсыңдар.
- Біз домбырадан басқа да аспаптарды білеміз ғой?

Балалар: Иә. Балалар білетін аспаптарын атайды, басқа ұлттың аспаптарында айтады.
Қазақтың Ұлттық аспаптар туралы жалпы түсінік беру.

(есік қағылады:

-балалар бұл кім?танғалады(музыка жетекшісі)

Топқа аспатар кіреді: домбыра, қобы, сыбызғы.

Міне кереметті қарандаршы бізге қонаққа қазақтың ұлттық аспаптары келіпті ғой. Бәріміз амандасайық.

Сәлеметсіздер ме! (Әндетіп)

Аспаптар: Сәлеметсіндерме балалар! Біз Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы консерваториядан келіп отырмыз.

-Балалар қарандар аспаптарға мен қышқаша айтып кетейін(3 адам ұлттық аспаптармен кіреді, 1-домбыра, 2-қобыз, 3-жетіген. Әр аспапта кішкене қағазбен салынған батырмалар болады, батырманы басқан кезде аспаптың үні орындалады және де әр аспапқа түсінік беріп кетеді. )

Домбыра - қазақтың ұлттық аспабы. Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап. Бұл аспапты халық арасынан шыққан небір шеберлер ерекше әсемдеп, шешен сөйлеуге тырысқан.

Қобыз - Ысқыспен ойналатын, қос ішекті ескі музыкалық аспап. Халық арасындағы аңыздарға қарағанда, бұл қобыздың пайда болуы сегізінші ғасырда өмір сүрген, күй атасы Қорқыттың есімімен тығыз байланысты.

Жетіген - жеті ішекті шертіп ойнайтын музыкалық көне аспаптардың бірі. Бұрауы жоқ. Сондықтан оны, құлақ күйі жеті асықты ілгерілі - киінді орналастыру арқылы келтіреді. Шанағы тұтас ағаштан ойылып жасалады.

-Балалар аспаптардың үндерін естідік қой?

-Иә, иә.

-Балалар сендерге ұнадыма?

Иә, иә. )

-Балалар аспаптармен ойын ойнайық.

-Ия, ойнайық(ұлттық аспаптар салынған суреттер екіге бөлініп тұрады. Балалар оарды дұрыс қосып шығару керек. )

Музыкалық дидактикалық ойын
«Аспапты тану»
Ойын ережесі: Үнтаспа арқылы аспаптар үні беріледі (балалар қимылмен көрсетеді)
Домбыра - Домбыра аспабында қалай ойнайды? (Шертіп) Ендеше шертпелі аспап
Қобыз - Қобызды қалай ойнайды? (Ысып) Ендеше ыспалы аспап

Жетіген - Жетіген аспабында қалай ойнайды? (Шертіп) Жетіген шертпелі аспап
Сыбызғы - Сыбызғы аспабында қалай ойнайды? (Үрлеп) Үрмелі аспап

Ойын
«Аспаптарды ажырат»
Ойынның шарты: Тақтаға ұлттық аспаптардың суреттерімен қатар әр түрлі суреттер ілінеді. Балалар сол суреттердің ішіндегі ұлттық аспаптардан басқа суреттерді алып тастаулары керек.
Қорытынды.
Балаларды шеңберге тұрғызу.
- Тақтада қандай суреттер қалды? Домбыра, сыбызғы, қобыз т. б
- Міне, біз оларды бір сөзбен нелер деп айтамыз? аспаптар
- Біз ұлттық аспаптардың түрлерімен таныстық.
- Сендерге сабақ ұнады ма?
- Жарайды, ендеше жақсы көңіл - күй мен сабағымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар
(Музыка әуенімен қоштасады. )

C:\Users\0011\Desktop\семинар 2015 фото\айдана семинар фото\20151022_121207.jpg C:\Users\0011\Desktop\семинар 2015 фото\айдана семинар фото\20151022_120618.jpg


Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының музыкалық аспаптары тарихынан. Ұлттық аспаптар
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары жайлы ақпарат, 5-сынып
Қазақтың ұлттық аспаптары. Қазақ тілі
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Қазақтың ұлттық аспаптары
Ішекті аспаптар Ұрмалы аспаптар
Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары
Түркі халықтарының музыкалық аспаптары
Қазақтың ұлттық аспаптары. 7 сынып
Қазақтың халық музыкасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz