Бүкіләлемдік тартылыс заңы

ӨҚӘ «Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп - гимназиясы» КММ

ФИЗИКА ПӘНІНЕН САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пән мұғалімі: Шакенова С. С

Мерзімі: 28. 10. 2015 жыл

Сынып: 9 «А»

Сабақтың тақырыбы: Бүкіләлемдік тартылыс заңы

Сабақтың мақсаты:

Бүкіләлемдік тартылыс заңы туралы білім бере отырып, алған білімдерін практикада, есеп шығаруда қолдануға және өз бетімен, топпен жұмыс жасай білуге үйрете отырып, шығармашылыққа баулу, ұқыптылыққа, жинақылыққа, сыйластыққа, адамгершілікке, тәрбиелеу

Негізгі идеялар: Интербелсенді әдіс - тәсілдерді қолдану арқылы оқушыны өз бетімен ізденуге бағыттау. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Топпен жұмыс жасай біледі. Өз бетімен жұмыс жасауға машықтанады. Өз пікірін еркін жеткізуге дағдыланады. .

Сабақтың түрі: жаңа білім беру

Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: сыни тұрғыдан ойлау, топтық жұмыс, интербелсенді әдіс- тәсілдер.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: презентация, үлестірме қағаздар, интерактивті тақта, ноутбуктер, практикалық жұмысқа арналған құрал - жабдықтар.

р/с
Сабақтың кезеңдері
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушының іс - әрекеті
Күтілетін нәтиже
р/с: 1
Сабақтың кезеңдері: Ұйымдастыру
Мұғалімнің іс - әрекеті:

Сәлемдесу;

Оқушыларды түгендеу;

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері) ;

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру

Оқушының іс - әрекеті:

Сәлемдесу

Кезекші сыныпта жоқ оқушыны айтады

Сабаққа дайындалады

Күтілетін нәтиже:
р/с: 2
Сабақтың кезеңдері: Жаңа тақырыпты меңгертуге дайындық кезеңі
Мұғалімнің іс - әрекеті:
  1. Сыныпта жағымды ахуал тудыру (оқушыларға конфет таратып беру)
  2. Не себепті жер бетінде адамдар хаосты қозғалмайды? деген сұрақ қою
  3. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
  4. Оқушыларды конфеттерінің түсіне байланысты топқа бөлу
  5. Ақылдың алты қалпағы
Оқушының іс - әрекеті:

Оқушылар өздері таңдаған конфетін жейді

Оқушылар өз ойларын айтады

6 топқа бөлініп отырады

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың көңіл-күйлері көтеріледі
р/с: 3
Сабақтың кезеңдері: Жаңа тақырыпты меңгерту
Мұғалімнің іс - әрекеті:

Оқулықтағы «Бүкіләлемдік тартылыс заңы» тақырыбын берілген алты қалпақ бойынша қорғауға дайындалады

Ақылдың алты қалпағын Эдвард де Боно әзірлеген, ол әртүрлі шешімдердің ішінен шоғырландырылған ойды жеделдететін қосарлас ойлау үдерісін көрсетеді.

white thinking hat Ақ қалпақ бізге белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады.

yellow thinking hat Сары қалпақ айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді. Бұл қалпақты киіп сіз идеяның жағымды жақтарын зерделейсіз және өз назарыңызды, күш-жігеріңізді оның жетістіктері мен жақсылықтарын іздеуге жұмсайсыз.

six thinking hats Қара қалпақ бұл - сын, «әзәзілдің қорғаушысы» немесе неліктен кейбір тетіктер дұрыс істемейді.

red thinking hat Қызыл қалпақ сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді.

green thinking hat Жасыл қалпақ креативтілікке, мүмкіндіктерге, баламаға және жаңа идеяларға бағытталады.

blue thinking hat Көк қалпақ ойлау үдерісін басқару үшін қолданылады. Бұл бақылаушы тетік, ол барлық алты қалпақтың бағыттарын бақылауға кепілдік береді.

Оқушының іс - әрекеті:

Оқушылар постер жасайды, топпен жұмыс жасайды

Қалпақ түсіне сәйкес мазмұнда тақырыпты қорғайды.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар алған білімдерін талдап, топпен, жұмыс жасау дағдылары қалыптасады, өз бетімен жұмыс жасап үйренеді.
р/с: 4
Сабақтың кезеңдері: Сабақты бекіту
Мұғалімнің іс - әрекеті:

Бүкіләлемдік тартылыс заңына байланысты есептер шығарту

3 топқа Паскаль бағдарламасында есептің бағдарламасын құру берілсе, қалған 3 топқа практикалық тапсырма беріледі. Екі дененің массаларын таразыда өлшеп арақашықтықтарын өлшеп күшті анықтау.

Оқушының іс - әрекеті: Оқушылар компьютерде есеп шығарады және практикалық жұмысты орындайды
Күтілетін нәтиже:

Оқушылар алған білімдерін практикада қолданып, тәжірибе нәтижесін талдап, топпен, жұмыс жасау дағдылары қалыптасады, өз бетімен жұмыс жасап үйренеді.

Тақырыптың өмірмен байланысы көрінеді.

Ақпараттық құралдармен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады, шапшаң ойлауға үйренеді.

р/с: 5
Сабақтың кезеңдері:

Сабақты қорытындылау (рефлексия)

Бағалау

Үй тапсырмасын беру

Мұғалімнің іс - әрекеті:
  • Бағалау парағы толтырылады
  • Сұрақтары бар қоржын әдісі:

Оқушыларға сұрақтар жазылған үлестірме қағаздар таратылады

1. Мен таңғалдым . . .

2. Мен ойланып қалдым . . .

3. Менде сұрақ бар . . .

15 тақырыпты оқу

12 жаттығудың есептерін тексеру

Оқушының іс - әрекеті:

Бағалау парағында қорытынды баллдарын есептейді.

Сұрақтарға жауап жазып қағаздарын қоржынға салады. Оқушылар қалдырған сұрақтар келесі сабақтың басында ашылып талқыланатын болады.

Үй тапсырмасын күнделікке жазады

Күтілетін нәтиже: Оқушыларда тақырып бойынша толық білім қалыптасады, өзін- өзі бағалайды. Сабақтан алған әсерін білдіреді.

Ұқсас жұмыстар
Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Сабақтың тақырыбы
Денелердің ауырлық күші әрекетінен қозғалуы
Ньютонның екінші заңына сєйкес үдеу күшке пропорционал
Денелердің тең әрекетті күші, тартылыс құбылысы, ауырлық күші. 7 сынып
Күш формуласы
Ньютонның бірінші заңы
Кинематика және динамика тарауларын қайталау
Табиғаттағы күштер
Динамика тарауы. омж. физика. 9-сынып
Тартылыс құбылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz