Күләш Ахметованың Астана өлеңіне арналған аралас сабақ: АКТ қолдана отырып мәнерлеп оқу мен ұйқасын талдау

Сабақтың тақырыбы: Күләш Ахметова. Астана

Сабақтың мақсаты : Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдана отырып, оқушылардың қызығушылығын, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Сабақтың міндеттері: мәнерлеп оқуға баулу, өлеңнің ұйқасын табуға, мазмұнын баяндауға, өз ойларын ортаға сала білуге машықтандыру.

Көрнекілігі : сызбалар, суреттер, карточкалар, видеороликтер, аудиожазба, слайд.

Керекті құралдар: маркерлер, А3 беттер, күлегештер, бағалау бетшелері
Түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланысы:
дүниетану, қазақ тілі

Әдісі: диалог, сто, талдау.

Модульдер: ОмОЖТ, СТО, ОүбОБ, АКТ, ОЖЕСО

Барысы: І. Ұйымдастыру.

  1. Ынтымақтастық атмосферасын құру

Біз бақытты баламыз,

Ойнап, күліп аламыз.

Жетілсін деп санамыз.

Оқып білім аламыз.

  1. Суреттер бойынша топқа бөліну.

(бақа, тышқан, құмырсқа- Кімнің мекені жақсы? әңгімесінің кейіпкерлері)

  1. Топ мүшелерін сайлау
  2. Бағалау түрлері туралы хабарлау.

5. Өткенді қайталау

Кімнің мекені жақсы? әңгімесін сұрақ-жауап арқылы сұрау.

1-топ І бөлім 2-топ ІІ бөлім 3-топ ІІІ бөлім

ІІ. Тұсаукесер

  1. Сабақ тақырыбын ашу (ребус шешу- Астана, Алматы)
  2. Қызығушылығын ояту (Астана-Алматы видеоролигін көрсету)
  3. Күләш Ахметова туралы мәлімет беру

Күләш Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда туған. Жамбыл облысы Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген. 1961 ж Жамбыл медициналық училищесін, 1973 ж Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Ақ гүлім менің, Жапырақ-жаздың жүрегі, Бұлақтағы жұлдыздар, Ләйлектер қайтып келгенде, Арғымақтар даласы, Дауылдан кейінгі жорық, Наурыз нұры т. б. өлеңдер жинағы жарық көрген.

  1. «Астана» өлеңінің аудиожазбасын тыңдап, видеоролигін тамашалау.

ІІІ. Негізгі бөлім

  1. Өлеңді іштей оқу.
  2. Мәнерлеп оқу. (әр топтан 1 оқушы)
  3. Өлеңнің ұйқасын табу, мазмұнын түсіндіру.

1-топ-1-шумақ, 2-топ-2-шумақ, 3-топ-3-шумақ (топтық жұмыс)

  1. Сызбамен жұмыс (топтық жұмыс)

1-топ - Сарыарқа Есіл Астана Бәйтерек

2-топ- Алатау Алматы

3-топ- Алматы Астана

Сергіту сәті: А. Жорабаеваның «Астан» әніне билеу

  1. «Бәйтерек» тақырыбына мәтін құрау (топтық жұмыс)
  1. топ - Сипаттау мәтіні
  2. топ - Әңгімелеу мәтіні
  3. топ - Пайымдау мәтіні

ІҮ. Қорытынды бөлім

  1. «Бәйтерек» мультфильмін тамашалау.
  2. «Бағдаршам көздері» арқылы кері байланыс жасап, сабақ жөнінде оқушылардың пікірін тыңдау.
  3. Оқушылардың түсіну дәрежесін бағалау.
  4. Үйге: Астана (жаттау) Әсем қала-Астана (буклет жасау)

Ұқсас жұмыстар
Күләш Ахметованың Астана өлеңіне арналған сабақ жоспары: оқу, талдау және патриоттық тәрбие
2-сынып Әдебиеттік оқу: Күләш Ахметованың Астана өлеңіне арналған ашық сабақ
2-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Күләш Ахметованың Астана өлеңіне арналған патриоттық сабақ
Ашық сабақ: Күләш Ахметованың Астана өлеңі (2-сынып, ана тілі)
Қансонарда бүркітші шығады аңға өлеңіне арналған композициялық талдау және мәнерлеп оқу сабағы
А. Құнанбаевтың Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа өлеңіне арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары: мәнерлеп оқу мен лирикалық талдау
Қадір Мырза Әлидің Дала өлеңіне арналған мәнерлеп оқу мен мазмұндық-шығармашылық сабақ жоспары
Science Cube Lite құралдарын қолдана отырып орта мектепте физиканы оқыту: зертханалық тәжірибелер және АКТ интеграциясы
Мұқағали Мақатаевтың Мен таулықпын өлеңін талдау: мәнерлеп оқу және патриоттық-эстетикалық тәрбиелеу
Абай Құнанбаевтың өмірі мен Қыс өлеңіне арналған аралас сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz