Сабақ жоспары :: Химия
Файл қосу
Химиялық көңілді тапқырлар кеші
БҚО, Зеленов ауданы, Факел ауылы , Подхоз жалпы білім беретін негізгі мектебінің биология және химия пәнінің мұғалімі А.М.Курбанбаева.
Тақырыбы: <<Химиялық көңілді тапқырлар кеші>>
Мақсаты: Жалпы химиядан алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, өз бетімен еңбектенуге, іскерліктерін арттыруға дағдыландыру, одан әрі пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, сұрақ тапсырмаларын сөзжұмбақ шешу, тәжірибе көрсету арқылы ой-өрісін кеңінен дамыту, білімділік пен дамытушылықты байланыстыра отырып, жылдамдыққа, ұқыптылыққа , тазалыққа үйрету.
Көрнекіліктер: слайд, плакаттар, шарлар , нақыл сөздер, карточкалар.
Мұғалім: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар <<Химиялық көңілді тапқырлар>> атты сайысымызға қош келдіңіздер. Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылармен таныстырып өтемін. 1.Физика және математика пәнінің мұғалімі:Мухтарова А.Б. 2.Психология маманының иесі:Ахметкалиева Г.А. 3.География пәнінің мұғалімі:Сисенгалиева А.А. Көруге химия кешіне жиылғандар, Менделеевке құдайындай сыйлағандар. Қош келдіңіздер бүгінгідей ғажайыпты Тамашалау бақыты бұйырғандар дей келе сайысымызды бастаймыз. Сайыстың барысы: 1. Таныстыру 2. <<Ойлы болсаң шешіп көр>> сұрақ-жауап 3. <<Зерек болсаң шауып көр>> жұмбақтар шешу 4. <<Жүйрік болсаң шауып көр>>(Шытырман) 5. <<Өнерлі өрге жүзеді>>(ән, би, фокус) Көңілді тапқыштар білімділер Бар өнерін алдарыңа салады. Кім білімді, көп оқыған болса егер Бүгінгі күн жеңімпазы болады . 1. Таныстыру.Әр топ өздерін таныстырып өтеді. 2. <<Ойлы болсаң шешіп көр>> сұрақ-жауап кезеңі.Әр топқа 15 сұрақтан қойылады.Дұрыс жауапқа 1 ұпайдан қосылады. 1-топқа. 1.Қандай элемент алдымен күнде, содан соң жерде ашылды.(гелий) 2.Топырақты құнарландыратын элемент(азот) 3.Ең қатты металл? (Хром) 4.Зат массасының сақталу заңын ашқан ғалым?(Н.В.Ломоносов). 5.Периодтық жүйені ашқан ғалым?(Д.И.Менделеев). 6.Қандай элементтер қалыпты жағдайда сұйық күйде кездеседі(бром) 7.Грек тілінде ай деген мағынаны білдіретін элемент(Селен). 8.Ең жеңіл металл?(Литий) 9.Радиоктивті сәулелерді өткізбейтін металл (Қорғасын). 10.Үш түрлі күйде кездесетін зат?(су) 11.Қандай элементтер материктердің атымен аталады?(Амерций, Европий) 12.Қай элементтің таңбасы айдахар бейнесіне ұқсайды.(Күкірт) 13.Адамға ең алғаш белгілі болған металл(алтын) 14.Алғаш рет табиғатты қорғау туралы жарлық берген хан?(Шыңғысхан) 15.Қышқыл ерітінділерде түсін өзгертетін заттарды қалай атайды.(Индикатор). 2-топқа. 1.Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл? (Йод) 2.Қазақ халқының химия саласындағы алғашқы академиктерінің бірі(Бектұров) 3. Адамға таза, дистелденген су ішуге пайдалы ма?(жоқ) 4.Сутектің жай зат екенін анықтап, оған <<гидрогениум>> деген ат берген Француз ғалымы(А.Лавуазье) 5.Оқ жасауда қолданылатын металл(қорғасын) 6.Адам баласы алғаш өндірген металл(Мыс) 7.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі барлық химиялық элементтердің Қазақстан жерінде кездесетінін айтқан ғалым, академик.Ол кім?(К.И.Сәтбаев) 8.Темекінің құрамындағы алкалоид (Никотин) 9.Мұхит суына ащы дәм беретін металл(магний) 10.Сынықты емдеуге қолданатын металл(тантал) 11.Балқаш қаласы елімізде және әлемде қандай металл өндірісімен аты шықты?(мыс өндіруден) 12. Термометрде қолданатын металл(сынап) 13.Ең ертедегі құйма(қола) 14.Химиялық элемент ұғымын ғылымға алғаш енгізген ағылшын ғалымы(Р.Бойль) 15.Қазақ балалары ұлттық ойында пайдаланатын металл(қорғасын). Белді бекем жарыстарға буып түс, Қара қылдай қақ жарылар әдіс іс Шапқан кезде білім атты көмбеде Шабыттанып, қапы қалмай оза түс. 3. <<Зерек болсаң шауып көр>> жұмбақтар шешу.Бұл сайыста оқушыларға жұмбақтар слайд арқылы жасырылады , дұрыс жауапқа 5 ұпайдан қосылады. 1.Температурасы 30-205 0С аралығында, құрамы көбіне С4-С12 аралығында болатын құрылысы әртүрлі көмірсутектердің қоспасы ,техникалық жағар майы ретінде қолданылады.Бұл қандай зат?(Бензин) 2.Латынша қиыршық тас деген мағына береді.Оны неорганикалық жабысқақ ұнтақ заттар түрінен сумен қосқанда қатайып, қатты формаға айналатын зат.Оның химиялық құрамы жағынан кальцийдің силикаты мен алюмининаты немесе құрамында кремний оксиді көп құмға әктас және шлакты қосып 1450С0 қыздыру арқылы алады.Бұл қандай зат?(Цемент) 3. Силикаты қосылыстардың кремний оксиді мен мөлдір аморфты қоспасы.Оны алу үшін құм, сода, әктас қажет. Осы заттардың қоспасын арнаулы пештерде генератор газымен қыздырғанда алынады. Бұл қай зат?(Шыны) 4.Табиғи және синтетикалық үлкен молекулалық қосылыстар негізінде жасалатын, жоғары температура мен қысым әсерінен әртүрлі пішінге келіп суығаннан кейін оны сақтай алатын материалдар .Бұл заттан тұрмыста қолданатын әртүрлі бұйымдар жасалады.(пластмасса) 5.Хош иісті эфирлі май. Әйелдер бұл затты ең көп пайдаланады.Олардың ерітіндісі 96% немесе абсалютті 100% спирттен болуы мүмкін. 12-20% парфюмериялық майлар береді. Мәселен 38%-80% аралығын ерітіндінің сапасы этил спиртінен құралады.Бұл қандай косметикалық зат?(Духи) 6.Ұн тағамдарына нан илеу үшін не болмаса торт, тәтті тағамдар пісіру үшін қопсытқыш ретінде қолданатын тұрмыстық зат?(ас содасы) 7.Химиялық құрамы натрий стеараты немесе натрий пальмиаты. Бұл затты ерте кезде ата бабаларымыз алабұғаның күліне сүйектің майын қосып қайнату арқылы алған. Бұл қандай зат?(сабын) 8. Адам ағзасына бұл элемент жетіспесе зоб ауруына шалдығады.Бұл заттың спирттегі ерітіндісі медицинада қолданылады?(йод) 4. <<Жүйрік болсаң шауып көр>> (Шытырман) Бұл кезеңде шытырман торкөзінде бірнеше әріптерден 1 минутта химиялық элемент атауын құрасытырып жазу (слайдтан көрсету) 5. <<Өнерлі өрге жүзеді>>(ән, би, фокус). Адамзат баласы тамақсыз, киімсіз , қажетті бұйымдарсыз өмір сүре алмайды. <<Қайда қарасақ та, қайда көз жүгіртсекте көретініміз химия ғажайыптары>> деп М.В. Ломоносов бекер айтпаған. Химия жыр, әніміз , шаттанамыз Табысын пайдаланып мақтанамыз. Кең байтақ кенге толы Қазақстан , Қойнауы алтын, күміс жатқан аңыз! Олай болса бүгінгі химия ғажайыптарына сіз бен біз болып өздерінің білімділіктері мен алғырлықтарымен таң қалдыратын оқушыларымызды ортаға шақырамыз. Әр топқа 10 ұпайдан қосылады. Білім сайыс болғаннан соң шабысы Қосылады әр сыныптың мықтысы Қобалжисың топтан қалай озам деп Көрінеді алған білім табысы дей келе кезекті әділ қазылар алқасына сөз кезегін береміз.Жеңімпаздарымыз анықталып оқушыларды марапаттаймыз.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz