Сабақ жоспары :: Математика

Файл қосу

Ең үлкен ортақ бөлгіш тақырыбына есептер шығару

Күні: 27.11.2015ж. Сыныбы: 5 <<Б>>
Сабақтың тақырыбы: Ең үлкен ортақ бөлгіш тақырыбына есептер шығару.
Мақсаты:
# Білімділік: Оқушылардың еңүлкен ортақ бөлгішті табуда, жай сандар және құрама сандар жайлы алған білімдерін пысықтау.
# Дамытушылық: Зейін тұрақтылығы мен есте сақтау қабілеттерін, сараптау біліктіліктерін қалыптастыру.
# Тәрбиелік: Өзара ынтымақтастыққа, қайырымдылыққа, жылдамдыққа, алғырлыққа баулу.
Сабақтың әдісі: топтық, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, карточкалар, плакат, стикерлер
Сабақтыңбарысы:
І. Ұйымдастырукезеңі
Психологиялықдайындық
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әр інәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Оқушыларды түрлі фигуралар таңдату арқылы топқа бөлу.
Оқушыларды бағалау түрлерімен таныстыру( смайликтер, бармақ арқылы бағалау, топ басшысының бағалауы)
ІІ. <<Сен мұны білесің>>
Үй тапсырмасын тексеру № 701
<<Ойқозғау>> әдісі <<Қайталау сұрақтары>>
1. Жай сандар деп қандай сандарды айтады?
2. Құрама сандар деп қандай сандарды айтады?
3. Сандардың 2;5;10 - ға бөлінгіштік белгілері ?
4. Сандардың 3;9 - ға бөлінгіштік белгілері?
5. Санды жай көбейткіштерге жіктеу дегеніміз не?
6. Өзара жай сандар дегеніміз не?
7. Ереже:ЕҮОБ қалай табамыз?
ІІІ.<<Ізденемін,ойланамын>>
І-топ: 1. Асқар 15 сәбізді неше қоянға тең бөліп бере алады? Есептің неше шешуі бар? (15; 5; 3)
ІІ-топ: Орамдағы 14 метр сымды ең көп дегенде неше орамға сым болуге болады? (7;2)
ІІІ-топ: . Сыныпта 25 оқушы. Дене шынықтыру сабағында оларды әрбір қатардағы оқушы саны бірдей, неше қатарға тұрғызуға болады? (5)
ІҮ.<<Тездет, бірақ қателеспе>>
Тақтамен жұмыс
І топ: ЕҮОБ (18;9)
ІІ топ: ЕҮОБ (15;20)
ІІІ топ: ЕҮОБ (14;35)
Ойсергіту
Оң қолыңды көтеріп,
Үшбұрыш сыз ауада.
Сол қол қарап тұрмасын,
Шеңбер сызып зырласын.
Ү.<<Мұны сен істей аласың, сенің қабілетің бар>>
І топ: Балаларға сыйлық дайындау үшін 48 <<Ласточка>> және 36 <<Красная шапочка>> кәмпиті алынды.Балаларға берілетін сыйлықтардағы кәмпиттер болуы керек. Ең көп дегенде неше балаға сыйлық жасалады?(2,2,3)
ІІ топ: 45 алма және 81 кәмпиті ең көп дегенде неше оқушы бөлуге болады?
(3,3)
ІІІ топ: Ер балалар аналар мерекесінде қыздарға 54 раушан гүлін және 36 қалампыр гүлін сатып алды. Ер балалар осы гүлдерден ең көп дегенде қанша гүл шоғырын дайындайды? (2,3,3)
ҮІ. <<Сендер оны орындай алатындарыңа мен сенімдімін>>
Оқулықпенжұмыс: №697 (2), 698, 699
1. Бірінші пойыздың барлық купелі вагондарында 180 орын бар. Екінші пойыздың барлық купелі вагондарында 252 орын, ал үшінші пойыздың барлық купелі вагондарында 216 орын бар. Купелі вагондардың әрқайсысында орындар саны бірдей. Бір купелі вагонда ең көп дегенде неше орын бар? ЕҮОБ (180, 252, 216)= 4 · 9 =28
2. Балаларға сыйлық дайындау үшін 180 жаңғақ, 150 өрік және 210 кәмпит алынды. Балаларға берілетін сыйлықтардағы өріктердің саны бірдей, жаңғақтардың саны бірдей, кәмпиттердің саны бірдей болуы керек. Сыйлық ең көп дегенде неше балаға жетеді?
ЕҮОБ (180, 150, 210)= 2 · 3· 5 =30
3. 24 қызыл шар, 42 көк шар және 30 сары шардан бірнеше тізбе дайындалды. Тізбелердегі қызыл шарлар саны бірдей, көк шарлар саны бірдей, сары шарлар бірдей. Ең көп дегенде неше тізбе дайындалды?
ЕҮОБ (24,42, 30)= 2 · 3 =6

ҮІІ. Тест сұрақтары
1. Қай сан құрама сан болады?
а) 22 в) 23 с) 1
2. 144 саныныңбөлгішін тап?
а) 11 в) 12 с) 14
3. Қай сан жай сан болады?
а) 10 в) 29 с) 54
4. Өзара жай сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші
а) 2 в) 7 с) 1
5 ЕҮОБ (10;15)=?
а) 5 в) 6 с) 7
6 ЕҮОБ (160;180)=?
а) 16 в) 24 с) 20
1-А, 2-В, 3-В, 4-С, 5-А, 6-С
ҮІІІ. Криптограмма шешу
ІХ. Қорытынды
> Нені білдік?
> Нені үйрендік?
<<Сендер мақсатқа жеттіңдер>>
<<Бес саусақ>>
Қағазға алақанның суретін салып, әр саусаққа сабақтағы жасаған жұмыстарды жазу.
(ойын ойнадық, есептер шығардық, топтарды бағаладық)
Х. <<Қорықпа,бұл сенің қолыңнан келеді>>
Үйге тапсырма №707
ХІ. Бағалау

Ұқсас жұмыстар
5-сынып математика пәнінен орта мерзімді жоспар
Екінші сан
Ең үлкен ортақ бөлгіш. өзара жай сандар
Ортақ бөлгіштері
Ең үлкен ортақ бөлгішті табуға арналған мысалдар
Бөлшектер ережесін есептер шығаруда тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру
5 сынып - Математика - жылдық жоспар
Теңдеуге есептер шешу
Ең кіші ортақ еселік. 5 сынып
Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару
Пәндер