Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Тақырып Шебердің қолы ортақ
Кештің тақырыбы: Шебердің қолы ортақ.
Мақсаты: Оқушыларды мамандығына қызықтыру, ынтасын арттыру,
тапқырлығы мен шеберлігін анықтау.
Кештің көрнекілігі: маталар ассортименті, плакаттар,азық-түліктер, жеміс-
жидектер.
Кештің барысы: ойын-сауық түрінде.
Кешті жүргізуші - Бекбау Айжарқын
Құрметті ұстаздар мен студенттер! Тағамның дәмін келтіретін, киімнің сәнін келтіретін <<Аспазшылар мен тігіншілер>> апталығында өтіп жатқан <<Шебердің қолы ортақ>> атты кешімізге хош келіпсіздер.
Армысыздар ұлағатты ұстаздар,құрбы-құрдас
Бармысыздар жан күйер әз қауымдастар.
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғайық.
Бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныс болыңыздар.
I - бөлім. Мамандықтарына қысқаша түсінік
II - бөлім. Сұрақ-жауаптар
III - бөлім. Шебердің қолы ортақ.
IV- бөлім. <<Мамандығым - мақтанышым>>.
Кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
1-ші бөлім бойынша баяндамашылар: Өрнек Ақерке мен
Молданова Динара.
Жүргізуші:
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде,қуана бер күлімде- деп аталатын келесі бөлімге кезек береміз.
2-ші бөлім бойынша сұрақ-жауап. Кешке қатысушы қыздарымызды ортаға шақырамыз.
Әрбір оқушы ортаға шығып, ілінген шарлардың ішінен қалағанын жарып,шыққан сұраққа жауап береді.
1.Малдың басы кімге ұсынылады ?( қарияларға,үлкен кісілерге,құдаларға )
2.Жілік түрлерін ата (кәрі жілік, тоқпан жілік, асықты жілік, жамбас)
3.Төрт түлік малдың иесін ата.
Сиырдың пірі-Зеңгір баба, Жылқының пірі-Қамбар ата,
Қойдың пірі-Шопан ата, Ешкінің пірі-Шекшек ата.
4. Қазақ халқының ұлттық тағамдарын атаңыз: (қазақша ет,қуырдақ,
шұжық, қазы-қарта,жал- жая,үлпершек, борша кісе т.б)
5.Дастархан басында сақталатын ырым-тыйымдар.
6.Асқа, тағамға байланысты мақал-мәтелдер .
1. Бұйымның өлшемін қалай анықтаймыз?( көкірек айналымының екіден бір
бөлігімен бұйымның өлшемі анықталады)
2. Бұйымды соңғы рет өңдеуде қандай жұмыстар атқарылады? (Жіптерден
тазалап, ылғалды жылулық өңдеу беру)
3. Әйел-қыздарға арналған қазақтың ұлттық бас киімдерін ата.(бөрік,
сәукеле, тақия, кимешек)
4. Қазақстандағы атақты еркек дизайнер кім ? ( Берік Исмайлов)
5. Қолы бар, саусағы жоқ
Мойны бар, басы жоқ. Шешімін тап ( көйлек)
6. Тігіншіге қатысты қандай мақал-мәтелдер білесің ?
Жүргізуші:
Біздерде ойын-сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды.
Ән << Қайда,қайда? >> Сансызбаева Гүлмираның орындауында.
Жүргізуші:
Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз,
Әр үйде шығатұғын сұлу таңбыз.
Жан сұлуы мен тән сұлуын тепе-тең ғып,
Еріксіз өзімізге қаратамыз - дей отырып ортаға
3-ші бөлім бойынша <<Шебердің қолы ортақ>> студенттеріміз тез әрі жылдам уақытта бұйым және тағам дайындап көрсетеді.
Тігінші қыздар: 1) Кешкі сән салтанатқа арналған көйлек - дайындаушы Мүшенова Жанна
2) Бал көйлегі - дайындаушылар Дүйсенова Феруза,Байырбекова Мадина,Мейірман Әсем
3) Қыздар белдемшесі мен жейдесі - дайындаушылар Тағаева Қарлығаш,Оразалиева Ақорын, Бекниязова Дилфуза
Аспаз қыздар:
1) Коктейль дайындау - дайындаушы Мырзабекова Мадина
2) Қиярды банкіге тұздау - Кулиева Самия, Елемес Аяулым
3) Көкөністі безендіру - Молданова Динара,Нажмуддин Ұлжан
Жүргізуші: Студенттеріміз бұйымдарын дайындап болғанша көрермендермен ойын өткізейік.
Жүргізуші:
Баршаға өнер сүйер жар саламыз,
Үкілі үміттерді қарсы аламыз.
Күйге енейік баршамыз ерекше бір
Сіздер үшін би билеп, ән саламыз.
Ән << Қазақ елім >> Бекбау Айжарқынның орындауында
Жүргізуші:
Бүгінгі апталықта барлығы бар,
Тәтті дәмді тағамның рецепті бар.
Осы жылдың киім сәнін білмегенге
Ұсынар үлгілердің алуан түрлері бар.
4-ші бөлім <<Мамандығым мақтанышым>> бағдарламасы бойынша студенттер өз мамандығы бойынша дайындап келген бұйымдарын және тағамдарын қорғайды.
Тігінші қыздар: Сансызбаева Гулмира,Жүсіпова Ұлжалғас,Оразалиева Сәуле,Мүшенова Жанна дайындап келген киім үлгілерін көрсетті.
Аспаз қыздар:Елемес Аяулым,Тұрлыбекова Айгерім, Жақсылық Ботакөз, Кулиева Самия.Нажмуддин Ұлжан, Мырзабекова Мадина дайындап келген тағам түрлерін көрсетті.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осыменен кешіміз аяқталды.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz