Мұржадан түтін будақтайды

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы № 18
Тобы:«Балапан» I-кіші
Тәрбиеші: Тлюупова Ұлдай Ерғалиқызы
Білім беру саласы: « Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: «Мұржадан түтін будақтайды»
Мақсаты:
а) қыс мезгілі ерекшелігін түсіндіру, қарандашпен үзбей ирек сызықтар салу дағыларын қалыптастыру.
ә) саусақтарының қимыл-қозғалыстарын және икемділігін дамыту.
б) әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу, сурет салуға қызығушылықтарын арттыру.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: қыс мезгіліндегі үйлердің тұрбасынан шыққан түтіндерді бақылату.
Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сергіту сәті, ойын.
Қажетті көрнекіліктер мен құралдар: демонстрациялық материалдар. Әр балаға сүңгінің суреті салынған парақтар, қылқаламдар, көк бояу, су, қол сүрткіш.
Билингвалдық компонент : мұржа-труба, түтін-дым.
Шаттық шеңбер.
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн бүгін.
Күліп шықты бүгін күн,
Қайырлы таң, қайырлы күн!
-Балалар қыс мезгілінде үйде немен жылытамыз?
-Не жағамыз?
-Тұрбадан не шығады?
Балалар қыс мезгілінде үйдегі отты жағамыз. Отымыз үйді жылытады.
Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн бүгін.
Күліп шықты бүгін күн,
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Балалар тәрбиешімен бірге жауап береді.
-отпен жылытамыз.
-От жағамыз.
-Түтін шығады.
Балалар қызығушылықпен тыңдайды.
-Балалар, сендердің ойыншықтарың қыс мезгілінде далаға көп шықпайды, сондықтан да мұржадан түтіннің қалай шығатынын білмейді. Осы көріністің қандай болатынын білу үшін сендерден мұржадан шығып тұрған түтіннің суретін салып беруді өтінеді. Балаларға түтінді салу жолдары көрсетіледі де, алдарында тұрған парақтағы суреттегі үйдің мұржасынан шыққан түтінді қарындашпен ирек сызықтар сызу арқылы салу сұралады.
-Ол үшін алдымен қарындаштарыңды оң қолдарыңа алыңдар. Біз түзу сызықтарды сызуды үйрендік, енді ирек сызықтар салуды үйренеміз.
Ирек сызықты ауада салып көрсетіледі, ал балалар артынан бірнеше рет қайталайды.
-Суреттегі үй төбесіндегі мұржадан түтін шығып тұрған жоқ. Себебі ол үйде от жанып жатқан жоқ, ал үйдегі пеште от жанғанда ғана түтін будақтап шығады. Қазір түтіннің мұржадан қалай шығатынын көрейік.
Қағаздағы суретке ирек сызықтарды қалай жүргізуге болатыны көрсетіледі. Балалар алдарындағы суреттегі үйдің мұржасынан шыққан түтінді салады.
жайлы сұрайды.
Билингвалдық компонент : мұржа-труба, түтін-дым.
Сергіту сәті:
Орынымаздан тұрайық
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық.
Дидактикалық ойын: «Кімге не керек?»
Шарты: Қар күреу үшін не керек? Сырғанақ тебу үшін не керек? т. б. Балалар өздеріне таратылып берілген суреттерді көрсету арқылы сұрақтарға жауап береді.
Балалар ауада ирек сызықтар салып жаттығады.
Өздеріне ұнаған түсті таңдап, мұржадан шығып тұрған түтіннің суретін салады.
Қайталайды: мұржа-труба, түтін-дым.
Балалар тәрбиешімен бірге сергіту сәтін жасайды.
Балалар суреттер арқылы сұраққа жауап береді.
-күрек.
-шана.
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: қыс мезгілінде үй жылы болуы үшін от жағатынын, мұржадан түтін будақтап шығатынын біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Мұржадан шыққан түтінді бейнелеу арқылы қолдың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін және кеңістікте бағдарлай білуді игереді.
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: қарындашпен іс-әрекет жасау арқылы ирек сызықтар сызуды меңгереді.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы № 19
Тобы:«Балапан» I-кіші
Тәрбиеші: Тлюупова Ұлдай Ерғалиқызы
Білім беру саласы: « Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: «Мұз айдынындағы іздер»
Мақсаты:
а)
қылқаламды дұрыс ұстай отырып, берілген фонның үстінен коньки ізін ирек сызықтар сызу арқылы көрсетуге үйрету.
ә)
ирек сызықтар сызу дағдыларын қалыптастыру.
б)
табиғаттың әсемдігін түсіне білуге тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Балаларға мұз айдынындағы суретті тамашалату.
Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сергіту сәті.
Қажетті көрнекіліктер мен құралдар: демонстрациялық материалдар. Әр балаға араналған көкшіл мұз айдыны бейнеленген үлестірмелі материал, жіңішке қылқалам, көк бояу, қол сүрткіштер, су.
Билингвалдық компонент : мұз айдыны-лёдянное, көкшіл-голубой, мұз-лед, сырғанау-кататься, өрнектер-узоры, іздер-следы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz