I кіші топ (Балапан) үшін сенсорика саласы бойынша технологиялық карталар: Кірпілер және Ұзын-қысқа

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы № 8

Тобы:«Балапан» I- кіші

Тәрбиеші: Тлюупова Ұлдай Ерғалиқызы

Білім беру саласы: “Таным”

Бөлімі: Сенсорика.

Тақырыбы: «Кірпілер»

Мақсаты:

а) «Көп», «аз», «біреу» ұғымдарын қалыптастыру, заттарды түстері бойынша топтауды, заттың көлемін ажыратуды үйрету.

ә) Кеңістіктік түсініктерін дамыту, сөйлеу тілінде заттың орынын білдіруші кеңістік ұғымдарын қолдана білу, (астында, үстінде жанында) жалпы және ұсақ қол моторикасын жетілдіру, тактильді түйсікті, эстетикалық мәдениетті дамыту.

б) Жануарларға деген қамқорлық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Балалармен дала жануарларын атату.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын.

Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: ойыншық кірпі, кірпіні жасауға арналған ермексаз, күнбағыс дәні, мүсіндеуге арналған тақтайша мен сүлгі. Билингвалдық компоненті: кірпі-ежик, жасыл-зеленный, сары-желтый.

Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Іс-әрекет кезеңдері: Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Дидактикалық ойын «Кірпінің балаларын тап»

Шарты: Суреттен кірпінің балаларын көрсету.

-Балалар қараңдаршы, кірпі ана бізге қонаққа келді. Бірақ ол көңілсіз сияқты. Қалай ойлайсыңдар, неліктен? Кірпі-ана маған кішкентай балаларының одан тығылып қалғанын айтты. Ол балаларын табуға сендерден көмек сұрайды.

-Кірпінің балалары қайда жасырынып қалғанын білесіңдер ме?

Билингвалдық компоненті: кірпі-ежик, жасыл-зеленный, сары-желтый.

Баланың іс-әрекеті:

Балалардың жауаптары.

Балалар кірпінің балаларын іздейді(үстелдің орындықтың астынан, себеттің ішінен, төсектің астынан.

Қайталайды: кірпі-ежик, жасыл-зеленный, сары-желтый.

Іс-әрекет кезеңдері: Іздену-ұйымдас тырушы
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Дидактикалық ойын «Кірпілер қандай?»

-Кірпі- анақандай?

-Ал кірпінің балалары қандай?

-Кішкентай кірпілер қаншау?

-Ал үлкені ше?

-Қараңдаршы, жасыл көгалда қанша кірпі отыр?

-Ал қанша кірпі сары көгалда отыр?

Балалармен жұмыс жүргізіледі.

Сергіту сәті:

Тікенекті кірпі келеді,

Шыршаға ұқсап жайқала.

Жинап жеміс-жидекті,

Асығар үй-жайына!

Дидактикалық ойын: «Тікенек жаса»

-Ал қазір, балалар, үстелдеріңе жақндаңдар. Қараңдаршы, сендердің үстелдеріңнің үстінде кірпілер жатыр. Бірақ олар бір түрлі екен. Оларда не жоқ?

-Кірпілердің арқаларына тікендерін қайтаруға көмектесейік пе?

Баланың іс-әрекеті:

Тәрбиешінің көмегімен балалар жауап береді.

-Үлкен .

-Кішкентай .

-Көп.

-Біреу.

-Көп.

-Аз.

Балалар тәрбиешімен бірге сергіту сәтін қайталап жасайды.

Балалар үстелге жақындайды.

-Тікенек жоқ.

Бәрі келіседі. Балалар күнбағыс дәндерінен тікендер жасайды.

Іс-әрекет кезеңдері: Рефлексивтік- түзетуші
Тәрбиешінің іс-әрекеті: Жарайсыңдар, балалар! Кірпілеріміз тамаша болды. Кірпілерімізді арқаларынан сипайықшы. Олар қандай болып шықты?
Баланың іс-әрекеті: -Тікенекті болып шықты.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: арқасы тікенекті кірпіні.

Қандай түсініктерді игерді: кірпі тікенекті болатынын; «аз», «біреу» және«көп», ұғымдарын;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: кірпі туралы және оның өмір сүру ортасы туралы білімді.

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы № 9

Тобы:«Балапан» I- кіші

Тәрбиеші: Тлюупова Ұлдай Ерғалиқызы

Білім беру саласы: “Таным”

Бөлімі: Сенсорика.

Тақырыбы: «Ұзын-қысқа»

Мақсаты:

а) «ұзын», «қысқа» ұғымдарымен таныстыру, беттестіру(бетіне қою) әдісі арқылы ұзындықты салыстыруға үйрету, сондай-ақ заттармен тәжірибелік әрекет барысында ұзындық туралы білімдерін қолдана білуге үйрету.

ә) Қашықтан заттарды ұзындықтары бойынша салыстыруды, көз мөлшерін дамыту, ұсақ қол моторикасын жетілдіру.

б) Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Балаларды ұзын-қысқа ұғымдарымен таныстыру.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын.

Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: ұзындықты беттестіріп салыстыруға арналған жолақша-жолдар(ұзыны-жасыл және қысқасы-көк) ; әр балаға әртүрлі түстен 1машина; түрліұзындықтағы ленталар; әр балаға жолдардың түсіндей үйдің суреті бейнеленген 2данадан карточкалар.

Билингвалдық компоненті: үй-дом, жол-дорога, ұзын-длинный, қысқа-короткий.


Ұқсас жұмыстар
Технологиялық карта: Таным - Сенсорика. Кірпіге дос табайық (І кіші топ, тәрбиеші Тлюупова Ұлдай Ерғалиқызы)
Технологиялық карта №6: Үй құстары (тауық, әтеш, балапан) - I кіші топ Балапан
I-кіші Балапан тобына арналған №36-37 технологиялық карталар: ирелеңдеген жолмен жүру және төмен кедергілерден аттап өту
Ғажайып қалта: көкөністер мен жемістерді тануға арналған тіл дамыту технологиялық картасы (Балапан тобы, I кіші топ)
Балапан тобы (I-кіші) үшін Жеміс сусыны тақырыбы бойынша шығармашылық бағыттағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
I-кіші Балапан тобына арналған тіл дамыту технологиялық картасы: Біздің балалар қайда екен
ІІ кіші топ: Цирк тақырыбы бойынша кеңістікті бағдарлау технологиялық картасы
І кіші топқа арналған сенсорика сабағы: Ұқсасын тап - түстер мен пішіндерді сәйкестендіру
I-кіші «Балапан» тобына арналған Қағаз бен майлы қарындашпен таныстыру: ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №1
Технологиялық карта №4 (I-кіші топ) Вагон сүйреген паровоз - жапсыру арқылы көлік түрлері мен геометриялық пішіндерді таныстыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz