Төлдер айтысы ертегісі арқылы төрт түлік малдың төлдерін оқыту

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Төлдер айтысы (ертегі) .

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету. Төлдерге қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сөздік жүмыс: Төрт түлік, төл.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Үй жануарлары және төлдерінің

суреттері.

Оқу іс-әрекетінің барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

1. Кіріспе әңгіме Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Балалар аналарының өздерін қалай еркелететінін айтады.

  • Менің атым Айша, мені анам «қошақаным» деп еркелетеді.
  • Менің атым Елжан, мені анам «ботақаным» дейді.
  • Менің атым Әмина, маған анам «құлыншағым» дейді.

2. Дидактикалық ойын: «Төлін тап».

Ойын шарты: Тақтаға үй жануарлары ілінеді. Балалар әрбір үй жануарларының қасына өз төлін тауып ілуі тиіс. Ойын осылай жалғаса береді.

3. Дәптермен жұмыс: «Төлдер айтысы» ертегісімен балаларды таныстыру.

  • Төлдер бір-бірімен не үшін айтысты?
  • Лақ не айтты?
  • Құлын ше?
  • Бұзау не деді?
  • Қошақан, бота не деді?
  • Адам не деп жауап берді?

4. Сергіту сәті: Айналайын торпақ, бола берме қорқақ, Айналайын қозым, малда жуас бозым.

Айналайын ботам, қандай күлте жотаң,

Жалт-жүлт етіп лақ, жағалайсың бұлақ.

(Қимылмен көрсетеді) .

5. Дәптермен жүмыс: Жұмбақтың шешуін тап.

Жарысуға дайын, менің қасқа . . . (тайым)

Тастан тасқа секірген үзын салпаң қүлақты,

Қойдан маза кетірген, кім біледі . . . (лақты)

Моп-момақан өзі, сүп-сүйкімді . . . ( қозы)

Қорытынды:

  • Үй жануарларының адамдарға қандай пайдасы бар?
  • Ешкі, қой, сиыр, түйе, жылқының төлдерін ата.
  • Малдарды қалай шақырады?

Ұқсас жұмыстар
Көркем әдебиет сабағы: Төлдер айтысы ертегісі - үй жануарларының төлдерін таныстыру
Төрт түлік малдың төлдері мен олардың дыбысталуы
Төрт түлік малдың тарихы мен мәдени-шаруашылық маңызы
Дидактикалық сабақ жоспары: Жыл басына таласқан жануарлар және Төлдер айтысы ертегілері
Төрт түлік мал туралы сабақ жоспары
Төрт түлік жырлары: Қойды таныстыруға арналған сабақ
3-сыныпқа арналған әдебиеттік оқу сабағы: Төрт түлік
Сабақ жоспары: Малдың төлін сүюі - төрт түлікке қамқорлық және сөздік қорды дамыту
Не қалай дыбыстайды? Төрт түлік малды таныстыру арқылы тіл дамыту
Бастауыш сыныпқа арналған Төрт түлік тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz