Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Шәкірт жанын аялайтын, ұғатын, Мерекеңіз құтты болсын мұғалім
<<Шәкірт жанын аялайтын, ұғатын,
Мерекеңіз құтты болсын мұғалім>>
Сабақтың мақсаты:
а)Оқушыларға ұстаз -- екінші ана екендігін түсіндіру. Мерекелерімен құттықтау.
ә)Танымдық қабілетін арттыру.Мұғаліммен оқушы арасындағы байланысты нығайту.
б)Айналасына білім,тәрбие ұрығын шашып,адамгершілік нұрын төгетін
ұлы тұлға ұстазға құрмет көрсету,лебіз білдіру,адамгершілік қасиеттерге тәр-
биелеу.
1.Құрметті ұстаздар қауымы! Төл мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі мейрам күнінде ұстаздармен ата - аналарға мықты төзім, отбасыларыңызға ырыспен береке, шығармашылық мол табыс, бірлік пен бейбітшілік, ал балдырғандарға жақсы оқу, сәттілікпен бақыт, асқақ армандармен және мықты мектеп достығын тілеймін.
2.Елбасы <<Тәуелсіздік туы - білімді ұрпақ қолында>> - деп атап көрсеткен болатын. Тәуелсіздігіміздің тірегі, еліміздің ертеңі болатын сол білімді ұрпақтың ұстазы - Сіздерсіздер! Мұғалімнен өнеге - білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шәкірт ұстазымен мақтанады. <<Мектептің жүрегі>>, <<Бала жанының бағбаны>>
3.... Иə, бұл мектеп мұғалімі -- ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілеймін!
4. Ұстаз, ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әль Фараби, Ыбырай мен, Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлы ғып.
5.Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылменен емдейтін,
Болса дағы малға кедей өмірде.
Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін!
хор: <<Ұстазым,менің ұстазым.>>
6.Полицей: Мен полицей қызметкері,
Бастау алған тәртіппен.
Алда, озып келемін,
Ұстаз берген тәртіппен!
7.Дәрігер: Дәрігермін, жәрдем берер науқасқа,
Жақсылығым жақсылыққа жалғасса.
Бағаланса менің егер еңбегім
Қарыздармын мұғалімге әу баста
8.Банкир: Мен банктің басшысымын, қалада,
Бас иемін мұғалімдей данаға.
Тамсанамын, кейде қайран қаламын,
Үйретуден жалықпаған балаға.
9.Мұғалім: Ұстазым үлгі - өнеге ұлықтаған,
Жанашырға өзіңіздей жолықпағам.
Мен де, бүгін мектепте мұғаліммін,
Келіп тұрмын, құттықтауға ұмытпағам.
10.Дизайнер: Дизайнермін ұстаздан алған білім,
Сағынамын апайымның аяулы үнін.
Жинап келдім шоғымен қырдың гүлін,
Құттықтаймын ұстаздарды мен де бүгін.
11.Шәкірт: Шәкірттік парызым бар ақталмаған,
Көп түйген сырларым бар ақтармаған.
Жұп - жұмыр жүрегімде сәулеленіп,
Келеді бой көтеріп асқақ арман
Мамандық иелері хормен айтады:
Құрметіне ұстаздың тік тұрайық.
Алаңдап басқаға біз бас бұрмайық.
Аяулы ұстаздардың бұл мерекесін
Барлығымыз қуанып қарсы алайық!
12: Ұстаз деген ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған, имандар.
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің өр шақтарын қуғандар.
13: Өзі ұшырған қырандарын ұядан,
Іздейтұғын құздан емес қиядан.
Біз бәріміз берешекпіз ұстазға,
Ұстаздарды, ұстаздарды сүй адам.
14: Үлгі алып сізден шәкірттер,
<<Ана>> боп бізге кеттіңіз.
Алғысы шексіз түлектің,
Бас иіп сізге келеміз
15.Білімнің кәусәр бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің - мұғалім,
Ұстаз да, ғылым дана да.
16. Қыр сырын зерттеп заманның,
Ұлылығын айтып бабамның
Өнерге өріс беретін,
Барометрі сенсің адамның
17. Ақыл, білім көп бердің,
Анамдайсың мектебім
Сенде өсіп көктедім,
Сенсің өмір көктемім.
Алғыстарым көп менің
Асыл анам - мектебім!
18.Балалардың бағы болып басты әні,
Ұстаз елді болашаққа бастады.
Нұрын шашып ұстаздықтың дастаны,
Ашық болсын туған елдің аспаны.
19.Аспандағы жұлдыздардай жанды үміт,
Арайлап ата берсін таң күліп.
Жақсы ойлары жүректерді жаңғыртып,
Ұстаз ісі жасай берсін мәңгілік.
20.Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар өзіңе
Өнеге мол өзіңе
Өсиет көп өзінде
Көзімнің хошын-ай
Көп шәкірттің досындай
Ақ ниетті, кеңпейіл
Ұстаздарым осындай.
хор: <<Достар әні>>
Анадай бесік тербеткен
Түн қатып,сансыз дәптерге ғана түнейсің.
Суарып білім шәрбетпен
Дүниеден бізге жақсылық қана тілейсің.
Үйретіп өмір ұстазым
Үлгілі іске нұсқадың
Ақкөңіл ,іскер қашан да,
Ақылшым - менің ұстазым!
Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін
Ұстаздық алып жүрген атын еркін
Біз сізге алуан гүл ғып ұсынамыз
Жүректің алғысы мен рахметін.
Шәкірттерін азамат қып саналы,
Ұстаз ана - дана бола алады,
Ең бастысы ұстаз мына өмірде
Ұлағат боп,ұлылық боп қалады.
Мұғалім:Ендеше ұстаз сөзінің формуласы қандай?(сол сәтте бес оқушы шығып ұстаз сөзінің формуласын көрсетіп айтады)
Ұ - ұлағатты
С - салмақты
Т - тапқыр
А - ардақты
З - замандастай зиялы
Мұғалім:Келесі кезектіұстаз ұлылығы жайлы айтылған ұлағатты сөздерге береміз.
Ұстаздық -- ұлы құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.Болашақтың басшысын да,данасын да,ғалымын да,еңбекқор егіншісін де ұстаз өсіреді.
Мұғалім -- оқушы үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі.Сондықтан да,ол оқушы жүрегінде ұмытылмас із қалдырады.
Мұғалім -- өзінің білімділігімен,жүріс-тұрысымен,жайдары мінезімен,тіпті сырт- пішіні, киген киімімен оқушысына жақсы әсер етеді.
Мұғалім -- өзінің бойындағы,барлық жігерін,білімін,бойындағы барлық бағалы қасиетін өзінің оқушыларына,халқына беріп отырады.
Әдетте оқушы бойына білім-білік дағдыларын дарытып,зердесіне ғылым негіздерін тоқитын,алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрететін -- ұстаз!
Ән: <<Ұстазым>> орындайтындар Іңкәр мен Әдемі
Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы
Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!
Қадірменді ұстаздар осымен сіздерге арналған мерекелік концертіміз аяқталды. Мерекелеріңіз мерейлі, абыройларыңыз жоғары болсын, қадірлі ұстаздар!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz