4-сынып математика: тік бұрышты параллелепипед пен текшенің көлемі және көлемнің өлшем бірліктері


Пән: Математика

Сынып: 4

Сабақтың тақырыбы: Тік бұрышты параллелепипедтің және текшенің көлемі. Көлемнің өлшем бірліктері.

Сабақтың мақсаты: дененің көлемі және көлемнің өлшем бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру; көлемнің жаңа өлшем бірліктерімен таныстыру және олардың арасындағы қатынасты қою.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 3 тексеру.

ІІІ. Өткенді пысықтау: Ауызша жұмыс. Зейінділік ойыны:

«Компьютер» дидактикалық ойыны . Мұғалім тапсырмалар тізбегін оқиды, оқушылар жауабын айтады.

7 200 : 8 + 100 - 190 : 9 ∙ 1 000 = 4 000

8 ∙ 50 + 1 000 : 2 ∙ 8 - 5 000 : 2 ∙ 7 = 2 100

Көркем жазу минуты.

57 615 санын жазыңдар. Сандардағы толық ондықтар, жүздіктер, мыңдықтар, ондық мыңдарды атаңдар.

ІҮ. Жаңа сабақ: 1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.

№ 1. Көлемнің өлшем бірліктерін есіңе түсір.

Кестеден геометриялық денелердің атауын оқыңдар. Артық сөзді тап. (параллелепипед, текше, шаршы. Артық сөз: шаршы. Өйткені шаршы - жазық фигура, ал қалғандары - көлемді денелер) . Қандай фигуралардың көлемін есептеуге болады.

Мұғалім артық фигураны табуды ұсынады. Тақтаға сурет ілінеді. Текшенің неге артық екенін дәлелдейді (барлық фигуралар жазық, ал текше - көлемді)

«Көлем» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Көлемдері әр түрлі қораптарды алып, олардың көлем жағынан үлкен, кіші екендігін салыстыру.

№ 1(ә) . Салыстыр. 5 м 3 > 5 000 000см 3

10 000 см 3 > 5 дм 3

5 см 3 = 5 000 мм 3 т. с. с.

№ 2. Жұптық жұмыс. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.

12м 3 = 12 000 000см 3

8 000 000мм 3 = 8 000см 3

12дм 3 = 12 000см 3 т. с. с.

Ү. Жаңа сабақты пысықтау:

Есеп шығару:

№ 3. Ауызша салыстыру.

№ 4. Топпен жұмыс. 1-топ - № 4(а),

2-топ - № 4 (ә),

3-топ - (б) .

1 топ: V= 50м ∙ 10м ∙ 2м = 1 000м 3 (көлемі)

50м ∙ 10м = 500 м 2 (бассейннің түбінің ауданы)

50м ∙ 2м = 100м 2 (бассейіннің бір бүйірінің ауданы)

10м ∙ 2м = 20м 2 (бассейіннің екінші бүйірінің ауданы)

2топ: V= 7м ∙ 5м ∙ 3м = 105м 3 (бөлменің көлемі)

S = 7м ∙ 5м = 35 м 3 бөлменің еденінің ауданы.

3 топ. S = 12м 2 V= 12: 3 ∙ 2 ∙ 3 = 24 м 3

Һ = 2м

В = 3м

V= ?

№ 5. Тіктөртбұрыштардың белгісіз қабырғасы мен периметрін тап.

Ұзындығы
Ені
Ауданы
Периметрі
Ұзындығы: 12см
Ені: 7см
Ауданы: 84см 2
Периметрі: 38см
Ұзындығы: 16мм
Ені: 5мм
Ауданы: 80мм 2
Периметрі: 42мм 2
Ұзындығы: 35м
Ені: 20м
Ауданы: 700м 2
Периметрі: 110м

№ 6. Топтық жұмыс.

І топ: Ш: 958 - (429 + 297) = 232 (бастауыш сынып оқушылары)

ІІ топ. Ш: 78 - ( 15 + 15 ∙ 2) = 33 (см) (үшінші қабырғасы )

ІІІ топ. Ш: 5т = 5 000кг. 5 000 - 900 кг ∙ 3 = 2300 (кг) ( картоп қалды. )

ҮІ. Бекіту. № 7.

Жұптық жұмыс . Өрнектерді жаз және олардың мәнін тап.

(750 - 50) : (25 ∙ 2) = 14

960 : (45 : 15) = 16

404 : (200 + 2) = 2 т. с. с.

Шығармашылық тапсырма.

№ 9. Кезекпен жазып өрнек құру.

23 + 67 + 159 + 41 = 290

23 + 111 + 159 + 7 = 300

23 + 441 + 159 + 267 =890 т. с. с.

ҮІІ. Үйге тапсырма : № 7. 37- бет.

Бағалау


Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz