Математикадан қайталау сабағы: ойын түріндегі ашық сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақ эпиграфы: «Математика - ғылымдар патшасы»

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік:Оқушылардың өткен материал бойынша алған білімдерін бақылау, мағынасы жағынан ажырата білуге үйрету.
  2. Тәрбиелік:Халықтық педагогика үлгісінде тәрбиелеу, салт-дәстүрімізді құрметтеу.
  3. Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін, танымдық әрекетті дамыту, шығармашылыққа баулу. Еңбектенуге, еңбекті бағалауға тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру. Шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың міндеті:

Меңгерген математикалық білімдерін нақтылы жағдайларға, практикалық есептерді шешуде қолдана білумен байланысты білік қалыптастыру.

Сабақ түрі: ойын сабақ

Сабақ көрнекілігі: тірек-сызба, интерактивті тақта, слайд, семантикалық карта, қима қағаздар, плакат, маркер, краска.

Пәнаралық байланыс: музыка, бейнелеу өнері.

Сабақ әдісі: сын тұрғысынан ойлауға дамыту, талдау, шығармашылық.

Техникалық құралдар: компьютер.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру

Сыныптағы оқушыларды таңдаған фигуралары бойынша «Шаршы», «Төртбұрыш», «Үшбұрыш» деп 3 топқа бөлу.

Топта шаттық шеңберін құру, жақсы тілек тілеу.

II Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Математиканы күнделікті өмірде дұрыс қолдана білу.

Сабақтың мақсаты мен жоспары:

  1. Таныстыру
  2. Мықты болсаң тауып көр.
  3. Тапсырмалар тізбегі.
  4. Фигуралардан үй құрастыру.
  5. Мен саған, сен маған.
  6. Шығармашылық тапсырма.

III Өткен материалды қайталау

Дара мультфильмін қою.

  • Балалар, бұл қай мультфильмнен үзінді?
  • Дара.
  • Иә, әрине, Дара мультфильмі. Бұл қай арнадан болады?
  • Балапан арнасынан.
  • Балалар, білесіңдер ме, бүгін Дараның туған күні екен. Ол бәрімізді туған күніне шақырды. Ендеше, бүгінгі сабағымызда бәріміз бірге Дараның туған күніне барамыз.
  • Сендерге Дараның беріп жіберген шақыру билетін табыстайын. Ол үшін мына сандардың квадратын айтуларың керек.
  1. Сегіздің квадраты (64)
  2. Бірдің квадраты (1)
  3. Онның квадраты (100)

1-кезең. Таныстыру.

Әр топ өз фигурасын таныстырады.

Мысалы: Шаршы дегеніміз - барлық қабырғалары тең (бірдей) тіктөртбұрыш. Оның периметрін табу үшін: P=a+a+a+a немесе Р=а ˑ 4 . Осы сияқты ретпен әр топ өз фигурасы туралы айтып кетеді.

2-кезең. Мықты болсаң тауып көр!

  • Балалар, біз Дараның туған күніне қалай барамыз? Баратын мекен-жайды білеміз бе?
  • Жоқ.
  • Бұндай кезде Дараға көмекке кім келуші еді?
  • Қолдорба.
  • Біз де Дараның қолдорбасын көмекке шақырайық.
  • Қолдорба! Қолдорба!

(слайдтан қолдорба суреті шығады)

  • Баратын мекен-жайымызға қалай жетеміз?
  • КӨЛ→ ОРМАН → ДАРАНЫҢ ҮЙІ
  • Ендеше, бірінші кедергі - көлден өтуіміз керек! Ол үшін мынадай тапсырманы топта орындауымыз керек.

1-топ:

1) Балмұздақтың 1 үлесін дайындау үшін 9 г жаңғақ жұмсалады. 54 г жаңғақ жұмсалған болса, балмұздақтың неше үлесі дайындалды?

2) Өрік қайнатпасы үшін 9 кг қант, ал құлпынай қайнатпасы үшін 12 кг қант қажет болады. Қант дорбаларының әрқайсысының салмағы 3 кг болса, барлығы неше дорба қант жұмсалады?

2-топ:

1) Шеберханада 7 бірдей диван тысын дайындау үшін 42 м² мата жұмсалды. 1 өнімге неше квадрат метр мата жұмсалады?

2) Анам 18 л бүлдірген қайнатпасын әзірледі. Ал шие қайнатпасын одан 3 есе кем дайындады. Анам барлығы неше литр қайнатпа дайындады?

3-топ:

1) 4 бірдей орамда 36 м сым бар. Осындай 9 орамда неше метр сым бар?

2) Теледидардан бір аптада 15 балалар фильмі және одан 3 есе кем мультфильмдер көрсетілді. Апта ішінде барлығы неше балалар фильмі мен мультфильмдер көрсетілді?

3-кезең. Тапсырмалар тізбегі.

  • Жақсы балалар, біз бірінші кедергіден өттік.
  • Енді неден өтуіміз керек?
  • Орманнан.
  • Ендеше орманнан өту үшін мынадай тапсырма орындаймыз.

1-топ 2-топ 3-топ

(4² + 8²) ː 10 7² + 9² + 3² 9² - 3² + 7²

(10² + 9²) + 220 1 ˑ (10² + 7²) 2² + (1000 - 9²)

6² + (8² + 136) 5² + 10² + 2 10 ˑ (3² - 1²)

Сергіту сәті

4-кезең. Фигуралардан үй құрастыру.

- Өте жақсы, балалар! Біз орманнан да өттік.

- Енді қайда барамыз?

- Дараның үйіне.

- Алдымен Дараның үйін құрастыруымыз керек.

- Мына периметрлер бойынша фигуралар жасап, құрастырасыңдар.

1-топ: а = 4дм Р = ?дм

2-топ: а = 4дм, в = 3дм, c = 3дм. Р = ?дм

3-топ: а = 2дм, в = 3дм. Р = ?дм

  • Сонымен, Дараның үйін де таптық. Жарайсыңдар, балалар!

5-кезең. Мен саған, сен маған.

- Балалар, қараңдаршы, қолымызда шақыру қағазы бар, туған күн өтетін орынның мекен-жайын білеміз, енді не жетіспейді? Туған күнге не алып барамыз?

  • Сыйлық.
  • Иа, сыйлық әрине. Сыныпқа мұқият қараңдаршы, сыйлық көріп тұрсыңдар ма? Ендеше сол сыйлықтарды сатып аламыз.
  • Өте жақсы, балалар. Біз енді Дараны құттықтауға дайынбыз.

6-кезең. Шығармашылық тапсырма.

  • Туған күнде сендердің асыға күтетін тәтті тағам, ол не?
  • Торт
  • Бәрекелді, торт әрине. Бүгінгі сабағымыз ерекшелігі сонда біз ол тортты қолмен жасаймыз. Қалай дейсіңдер ғой, мына ватман парағына сурет саламыз.
  • Бізде акварель бояуы бар, не жоқ?
  • Қылқалам.
  • Дұрыс айтасыңдар, балалар, ендеше біз бүгін тортты қолмен саламыз.
  • Әр топ мүшелері қатысуы керек. Суретті тақтаға ілу.

IV Бағалау

Өзін-өзі бағалау парағымен бағалау.

V Үйге тапсырма

№9, 132-бет.

№15 гимназия

Математика пәнінен ашық сабақ

«Қайталау сабағы»

Сынып жетекші: Ескермесова А. С.

Алматы, 2015 жыл


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш математикадан қайталау сабағы: мақсаттар мен сабақ жоспары
10 құрамы бойынша сандарды қайталау: бастауыш сыныптың саяхат түріндегі ашық сабағы
5-сынып экономика пәні: Ғаламдық мәселелер мен ресурстар (ойын түріндегі қайталау сабақ)
Математикадан 2-б сыныпқа арналған ашық сабақ: Теңдеуді қайталау (09.12.2015)
Жиындарды біріктіру: математикадан дамытушылық ойын сабақ жоспары
6-сынып: Сан есімді қайталау - саяхат түріндегі ашық сабақ
Математикалық кафе: дидактикалық ойын түріндегі сабақ жоспары
MS Access әлемінде: математика, физика және информатика пәндері бойынша танымдық ойын түріндегі ашық сабақ жоспары
Сабақ жоспары: Есімдіктерді қайталау (саяхат түріндегі сабақ)
Геометриялық фигураларды салыстыруға арналған ойын түріндегі даму сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz