Әл-Фараби мектеп-лицейінің 2015-2016 оқу жылы ата-аналар жиналысы: табысты оқушыны тәрбиелеуде отбасы мен мектептің бірлескен жұмысы

«әл-Фараби» мектеп-лицейі

«Табысты оқушы - заман талабы»

Ата-аналар жиналысы

2015-2016 о. ж.

Сыныптағы парталар 4 топқа арнап бөлінген. Әр столда бір фигуралық белгі бар (шаршы, шеңбер, үшбұрыш, ирек ), қағаз, қалам. Әр ата-ана сыныпқа кірерде өзіне фигура таңдап, сол фигура тұрған столға отырады.

Мұғалім: - Қош келдіңіздер, құрметті ата- аналар! Ардақты ата - аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы - дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі - бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.

Бүгінгі жиналысымызды педагогикалық шеберхана түрінде өткізбекпін. Педагогикалық шеберхана - бұл ата-ана мен мұғалімнің бірігіп жұмыс істеу әдісі. Ендеше бүгін бәріміз бірге шеберханада жұмыс жасайтын боламыз. Алдымен таңдаған фигураларың бойынша мінездемелерін оқиын:
Шаршы - өзін тұрақты ортада ыңғайлы сезінеді, нақты тапсырманы қалайды. Ол барлығы белгіленген тәртіппен болғанын жақсы көреді. Егер де оған тапсырма берсе, ол оны аяқтағанша, тіпті жалғыз қалса да, орнынан кетпейді.
Үшбұрыш- өзіне мақсат қояды. Ол үнемі жоспармен жүреді және сол жоспарын орындаған сайын одан ләззат алып алға қарай ұмтылады. Ол ірі ұзақ мерзімді істерге көп көңіл бөледі де кішкентай бөлшектерге мән бермейді. Егер оған тапсырма берсе, ол алдымен өзіне мақсат қойып содан соң оны орындау жоспарын құрады.
Шеңбер - адаммен тез тіл табыса алады, көпшіл. Ол басқалармен қарым-қатынас жасап, сөйлесе жүріп өз жұмысын бітіреді. Адамдардың арасындағы жайлылықты ең алдыңғы орынға қояды. Егер де оған тапсырма берсе, ол басқа біреумен ақылдасады.
Ирек - шығармашыл, ерекшелігі көрініп тұрады. Оны күнделікті жағдай тез шаршатады, сондықтан да ол жаңа, өзгеше бір нәрсемен шұғылдану қажет. Егер де оның алдына қандай да бір міндет қойса, оның алдында жаңа идеялар, жаңа жобалар дайын тұрады.

Бүгінгі балаларымыз туралы әңгімемізді мынандай бір әңгімеден бастағым келеді:
Ертеде жұрттың барлығына танымал бір данышпан тұрыпты. Бір адам оның барлығын біле бермейтінін дәлелдегісі келіп алдына келеді. Ол алақанына бір көбелекті салып данышпаннан сұрайды: «Айтшы, менің алақанымдағы көбелек тірі ме әлде өлі ме?» . Ал өзі ішінен ойлайды: «Егер де тірі десе мен оны қысып өлтіріп тастаймын. Ал егер өлі десе -ұшырып жіберемін. » Данышпан ойланып тұрып : «Бәрі де өз қолыңда» деп жауап беріпті.
Біздің балаларымыз мектепте өз үйіндей сезінуге жағдай жасау біздің қолымызда. Ол үшін мұғалім мен ата-ана тығыз байланыста болып бірігіп жұмыс жүргізу қажет. Бүгінгі жиналымыздың мақсаты да сол. Әрбір ана баланың табысты болғаның армандайды. Ал табыс кілті ынтымақтастықта бірлесе жасаған еңбек негізі.

Байлаулы бала (тренинг) :

Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.

  1. Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)
  2. Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)
  3. Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)
  4. Балаңыз сізге басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)
  5. Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)

Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз.


Ұқсас жұмыстар
Ата-аналар жиналысы: Отбасылық тәрбие мен мектептің бірлескен жауапкершілігі
7 А сынып ата-аналар жиналысы: Бала - біздің болашағымыз және ата-ана мен мектептің бірлескен тәрбиелік рөлі
Отбасы - тәрбие бастауы: ата-ана мен мектептің бірлескен жұмысы және әдістемелік ұсыныстар
Әкем, шешем және мен: отбасы мен ұлттық тәрбие арқылы ата-ана мен мектептің бірлескен жұмысы
Ата-аналар жиналысы: отбасы - бала тәрбиесінің негізі және практикалық тренингтер
Үлгілі отбасы - тәуелсіз елдің тірегі: №33 жалпы орта білім беретін мектептің танымдық-отбасылық ата-аналар жиналысы
Ахметжан Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінің 2015-2016 оқу жылы Зейінділер мен зерделілер математикалық интеллектуалдық сайысы
Баланы тәрбиелеудің негізгі қағидалары: отбасы мен мектептің бірлескен тәрбие жұмысы
Мектеп, отбасы және қоғамның бірлескен тәрбие жұмысы: сынып жетекшісінің талаптары мен әдістері
Ата-аналар жиналысы: Бала тәрбиесі мен отбасылық жауапкершілік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz