7-сынып қазақ тілі: Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдері

Қазақ тілі
7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу түрлері
Сабақтың мақсаты: а) білімділік - сөйлемдегі сөздердің байланысу түрлерінің жасалу жолдарынан түсінік бере отырып, бір-бірінен ажырата білуге дағдыландыру, олардың ерекшеліктерін меңгерту; дамытушылық - сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлерінен алған білімдеріне сүйене отырып, талдау қабілеттіліктерін дамыту; тәрбиелік - оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру, адамгершілікке, елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ойтолғау, танымдық ойын, шығармашылық, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың көрнекілігі: презентациялар, электрондық кестелер мен сызбалар СD диск
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары: интерактивті тақта
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1-тапсырма. Күрделі сөз, тұрақты тіркес, сөз тіркестерін бір-бірімен салыстыру.
2-тапсырма.
Сөздердің байланысу тәсілдері
3-тапсырма.
Төмендегі тіркескен сөздердің ішінен сөз тіркестерін ажырат.
4-тапсырма. «Сәйкестендіру» жұмысы.
5-тапсырма. Сөйлемдегі сөздердің байланысу тәсілдерін ажырат.
ІІІ. Жаңа сабақ. «Қазақ тілі» Электрондық кестелер мен сызбалар арқылы сөздердің байланысу түрлері түсіндіріледі.
Интерактивті тапсырмалар орындау.
№2 тапсырма.
Сөйлемдердегі сөздерді байланысу түрлеріне топта.
Құлпырған дала гүлдерінің жұпар иісі мұрынды жарады.
Бірлігі мықты елдің белін ешкім сындыра алмайды.
№3 тапсырма.
Шығармашылық жұмыс: «Арайлы Астанам!» тақырыбына шағын ойтолғау жазу. Мәтіндегі байланысу түрлерін ауызша ата.
№4 тапсырма.
Оқулықпен жұмыс. 238-жаттығу.
Сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдеріне әдебиет оқулығынан мысалдар тауып, кестені толтырыңдар.
ІV. Сабақты бекіту«Миллион кімге бұйырады?» ойыны
V. Үй тапсырмасы. 1) Оқулықтағы 240-жаттығу.
2) «Сөз тіркесі» тақырыбына сөзжұмбақ құрастыру.
Бағалау.